Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2355 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:13

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ. Жанармайдың бағасы да, сапасы да құбылуын қоймай тұр

Бүгінде мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, мұнай өнімдеріне, оның ішінде жанар-жағармай мен дизельді отынға бақылауды күшейту  Үкіметтің басты назарда ұстайтын бағыттарының біріне айналып отыр. Биыл көктемгі егіс басталысымен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тиісті бақылаушы органдарға мұнай өнімдерінің кезекті өсуіне жол бермеу қажеттігін қадап-қадап айтқан-ды. Сол-ақ екен, обалы не керек, бұл іске жауапты Сауат Мыңбаев мырза басқарып отырған Энергетика және минералды ресурстар министрлігі елде жанар-жағармай бағасының шарықтауына жол бермеуге тырысып-ақ бақты. Әйтсе де мұнайға қатысты әлемдік нарықтағы баға динамикасы мың құбылып тұрғанда, мұнайдан шығатын негізгі өнім – жанар-жағармай бағасы әдеттегі «секіріске» ұрынбай қойсын ба?  Биыл да жылдағыдай елде жанар-жағармай бағасының өсуі орын алды. 
Дерек пен дәйек…

Бүгінде мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, мұнай өнімдеріне, оның ішінде жанар-жағармай мен дизельді отынға бақылауды күшейту  Үкіметтің басты назарда ұстайтын бағыттарының біріне айналып отыр. Биыл көктемгі егіс басталысымен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тиісті бақылаушы органдарға мұнай өнімдерінің кезекті өсуіне жол бермеу қажеттігін қадап-қадап айтқан-ды. Сол-ақ екен, обалы не керек, бұл іске жауапты Сауат Мыңбаев мырза басқарып отырған Энергетика және минералды ресурстар министрлігі елде жанар-жағармай бағасының шарықтауына жол бермеуге тырысып-ақ бақты. Әйтсе де мұнайға қатысты әлемдік нарықтағы баға динамикасы мың құбылып тұрғанда, мұнайдан шығатын негізгі өнім – жанар-жағармай бағасы әдеттегі «секіріске» ұрынбай қойсын ба?  Биыл да жылдағыдай елде жанар-жағармай бағасының өсуі орын алды. 
Дерек пен дәйек…
Егер ресми деректерге жүгінсек, өткен жылы күзде 1 тонна дизель отыны 520 долларды құраса, биыл бұл көрсеткіш 1000 доллардан асып-жығылыпты. Жалпы, деректер Қазақстанға келетін жанар-жағармай көлемінің 50 пайызы сырттан келетінін айқындайды. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы мұнай өңдеу технологиясының ескіргені сонша, біз 1 тонна мұнайдан 400-450 келі жанармай алады екенбіз. Айта кетсек, көршілес Ресейдің зауыттары 1 тоннадан 600-700 келі жанармай шығарады. Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 700-770 келіні құрайды. Оның үстіне бізде отандық мұнайдың бір бөлігі сыртқа сатылады. Ал өзіміз тұтынатын жанармайдың 25 пайызын Ресейден алуға мәжбүрміз, өйткені өзіміздің мұнай өңдейтін зауыттарымыз ішкі нарықты толтыра алмай жатыр. Осының өзі әлемдік экономикамен ықпалдасып дамып отырған Қазақстанның жағдайына, атап айтқанда, еліміздегі жағар-жанармай бағасына өз әсерін тигізуде. Дей тұрғанмен де, Қазақстандағы кейбір компаниялардың да елдегі жанармай бағасының шарықтауына қатысы бар екені даусыз.
Гәп қайда жатыр?
Мәселен, өткенде энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мұнай өңдеуші компаниялар өкілдерімен кездесуі барысында сырттан елге ірі жанар-жағармай жеткізуші біраз компанияларды сынға алды. Оның айтуынша, жыл басынан бері аталған елге Ресейден жанармай жеткізуші бірқатар компаниялар мұнай өніміне қатысты бағаны бірнеше мәрте құбылтқан. Соның салдарынан елдегі басқа да стансалар жоғары бағаға теңескен. Осы тұрғыда отандық мұнай өңдеуші компаниялар да «баға мәмілесін» қолдан жасап, науқан барысындағы бағаны қымбатшылыққа ұшыратқан. Бұл ретте Сауат Мыңбаев мырзаның өзі: «Осындай фактілер дереу тексерілсе, тиісті шаралар қолданылса игі.  Өйткені бүгінде кез келген сауда-саттықтың барлығы, оның ішінде азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарлардың бағасы ең алдымен жанар-жағармай бағасына тәуелді екендігі айдан анық. Яғни май бағасының өсуі басқа бағаларды да соңынан ертеді», – деген еді…
Сапа да сан соқтырып тұр…
Жалпы, жанармай бағасына қатысты байыпты пікірлер өз алдына, бүгінде мамандар отандық жанар-жағармайдың сапасы да сын көтермейтінін алға тартады. Бұл ретте ҰҒА академигі Нәдір Нәдіров былай дейді:
–  Егер есеп-қисапқа жүгінетін болсақ, мұнайдан өңделген жанар-жағармай көрсеткіші халықаралық стандарт бойынша 80-95 пайызға сапалы болуы тиіс. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш әзірге 50-60 пайыздың айналасында ғана. Демек, қазір шығарылып жатқан отандық жанар-жағармайдың бағасын қойып, сапасының өзі әлемдік стандартқа жете алмай отыр. Біз қазірдің өзінде елде өндіріліп жатқан жанар-жағармайдың сапасы төмен екенін мойындауымыз керек.  Бір мәселені түбегейлі шешіп алмай, екінші проблеманы шешу мүмкін емес. Қазір елде жанар-жағармай өндіретін бірді-екілі ғана зауыт бар. Сол зауыттарға тиімді жағдай жасап, ауқымды инвестиция құйылса, жанармай тапшылығы да, оның бағасының құбылуы да,  жанармайдың сапасының артуы да өз шешімін табады деп ойлаймын….
Ұпайды түгендейтін үш тетік
Ал мұндайда тығырықтан шығар жол қайсы?  Бұл ретте мамандар мынадай ұсыныстарды алға тартады.
А. біріншіден, мысалы, жерінде бір тамшы мұнайы жоқ жапондарда 70-ке жуық мұнай өңдеу зауыттары бар. Сондықтан Қазақстан да осы тәжірибеден сабақ алып, елде шағын мұнай өңдейтін зауыттар салуды қолға алуы керек…
Ә. екіншіден, жанар-жағармай бағасын тұрақтандыратын арнайы қорлар ашылуы тиіс. Бұл – елде қымбатшылықтың белең алуына жол бермейтін бірден-бір тетік.
Б. үшіншіден, нақ осы жанар-жағармайға қатысты арнайы қатаңдатылған  заң қабылдануы тиіс. Сонда елге сырттан жанармай әкелуші компаниялар да, отандық жанармай өндіруші компаниялар да заңсыздықтарға бой алдырмайтын болады.
Міне, мамандардың пікірінше, жанармай төңірегіндегі түйткілді шешуде біз алдымен осы ұсыныстарды ескергеніміз жөн. Пайымдағанға бұл біздің ұпайымызды түгендейтін тетіктердің бір парасы екені даусыз.

 

 


Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
«Алаш айнасы» газеті 25 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1984
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2395
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1956
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575