Жұма, 17 Мамыр 2024
2795 0 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 11:18

Польша аумағында АҚШ сарбаздарын көбейтуді сұрайды

Польша Құрама Штаттардан өз аумағында америкалық әскери база құруын сұрайды. Ол бұл жөнінде Вашингтонда АҚШ президентімен кездесуден кейін, БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Польша президенті Анджей Дуда коронавирус пандемиясы басталғалы Ақ үй бірінші рет қабылдаған шетелдік қонақ болды.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамп Варшавамен қорғаныс саласында ынтымақтастық жөніндегі келіссөзге қол қою сәтін асыға күтетінін жеткізді. Былтыр екі ел арасында қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бірлескен декларация қабылданған. Трамп Германиядағы әскерінің жартысын Варшаваға жіберуі мүмкін екенін айтты.

"Бұл Ресейге жіберілген айқын белгі емес пе" деген сауалға Дональд Трамп "Мәскеуге жіберілген нақты белгі" деп жауап берген. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

Осының алдында Құрама Штаттар Германиядағы әскерін 9,5 мыңға қысқартатынын мәлімдеген. Ақ үй сонымен бірге Еуропаның Ресеймен бірлескен "Солтүстік ағын -2" жобасын да қош көрмейтінін жеткізген. Бұл жобаға сәйкес, Ресей газы Балтық теңізі арқылы Еуропаға барады. Трамп Берлин Ресеймен энергетика саласында ынтымақтастықта миллиардтаған доллар қаржысын жұмсап жатыр деп мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637