Жұма, 17 Мамыр 2024
3735 0 пікір 24 Маусым, 2020 сағат 12:38

Қырғызстан президенті Ресейдің әскери базасы жөніндегі келісімге қол қойды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 22 маусымда Қырғызстан мен Ресей арасында жасалған хаттамаға қол қойды.

Хаттама 2019 жылы 28 наурызда Ресей президенті Владимир Путиннің Бішкекке сапары кезінде жасалған. 2020 жылы 11 маусымда Жогорку Кенеш құжатты үш оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, Ресейге қарайтын әскери база аумағы 58,32 гектарға артты. Соның нәтижесінде базаны жалға алып отырған Ресей жағы 291 мың 600 доллар қосып төлейді. Қазір Ресей бұл база үшін жыл сайын 4 млн 502 мың 495 доллар төлеп отыр.

Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасына төрт нысан кіреді:

"Кант" әуе базасы; Қаракөлдегі сынақ базасы; Чалдовар қыстағындағы байланыс торабы; Майлуу-Суу қаласындағы сейсмикалық пункт.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636