Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3196 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:09

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу нарықтық экономика заңдылықтарына үйлесе ме?

0171

Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:

- Жалпы, нарықтық экономиканың небір кезеңдері, түрлері бар ғой. Бізде кейде капитализм деп айтамыз. Капитализмде кездесетін нарықтық экономика - ең бір жабайы нарықтық экономика. Ал біз әлеуметтік нарықтық экономикасы бар мемлекетке айналуымыз керек.  Ол  - жоспарлы мемлекет. Сондықтан мемлекеттік жоспарлау туралы жарлыққа Елбасының қол қойғанын дұрыс деп білемін. Бірақ әлеуметтік бағдарламасы дамыған мемлекет болу үшін тек мемлекеттік жоспар қабылдаумен шектелмеу керек. Норвегия, Швеция, Финляндиядағыдай елдің тұрмыс деңгейі бірдей болуы керек. Әлеуметтік жағынан дамыған нарықтық экономиканы ма, әлде бір топқа бағынатын жабайы нарықтық экономиканы таңдаймыз ба - тек соны ажыратып алған жөн. Ал нарықтық экономика мен мемлекеттік жоспарлау бір-бірімен сай емес деген - әншейін сөз. Ол - белгілі бір топтың мүддесін қорғайтындардың айтатыны.

0249

Ғани ҚАЛИЕВ, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Нарықтық экономика дегенді бұрын біз кітаптан ғана оқыдық. Кеңес дәуірінде нарықтық экономиканы теория жүзінде ғана білдік, тәжірибесі болған жоқ. Ал 90-жылдары нарықтық экономика емес, жаппай тәртіпсіздік, 18-19 ғасырлардағы жабайы капитализм жайлады. Қазіргі капиталистік елдердің мемлекеттік жоспары бар. Өндіріс орындарының стратегиялық және тактикалық жоспары бар. Негізі, осындай үлкен ұлттық экономиканы бір жүйеден басқарған дұрыс. Бірақ әр субъектінің өз мүмкіндігін сарқа пайдалануы үшін заң қажет. Біз қазір - капиталистік елміз. Үлкен әлеуметтік топтар - бай, кедей, бизнесмен т.б. бар. Олардың мақсаты бір-біріне қайшы болғандықтан, белгілі бір топтың мүддесін көздейтін партиялар пайда болады. Сондықтан Парламентте әр әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын өкілі болуы керек. Сол жерде тиімді деген ұсыныс өтеді, тиімсізі қалады. Мемлекет соған қарап, бір жылдық немесе бес жылдық жоспар қабылдауы тиіс. Бізде мемлекеттік бюджетті шенеуніктер бекітеді, өздері ұрлайды, өздері тексереді. Капиталистік елдерде парламенттің бюджетті тексеруге құқығы бар. Бізде ондай құқық жоқ.  
Кеңес дәуірінде бай жоқ, кедей жоқ деді, сол себепті бір ғана партияның болғаны дұрыс еді. Ал қазір бір партия бүкіл халықтың мүддесін қамти алмайды.

0339

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:

- Дәл қазіргі дағдарыс кезінде, меніңше, мемлекеттік жоспарлауды енгізу дұрыс қадам емес. Бұған мемлекет амалдың жоқтығынан барып отырған сияқты. Мәселе - нарықтық экономика мен мемлекеттік жоспарлауды үйлестіре білгенде. Мемлекет қазір қаржы саласын, кәсіпорындарды - бәрін бақылауға көшті. Банктерге қаржылай көмек көрсетіп жатыр. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қалай жүзеге асатынын өмірдің өзі көрсетеді деп ойлаймын. Бірақ, шын мәнінде, мемлекеттік жоспарлау мен нарықтық экономика бір-біріне сай келмейді. Не мемлекеттік жоспарлауды қолға алу керек. Не нарықтық экономика бәрін өзі реттейді.

Гүлнар Ахметова

«Алаш айнасы» газеті 25 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2390
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574