Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Дей салдым-ау 8019 51 пікір 23 Маусым, 2020 сағат 16:01

Бір ғана көрерменге арналған парад

Кешелі бері қазақ қоғамы Ресей президентінің жер туралы желпініп айтқан желді сөзін жат та кеп талқылап жатыр. Әуелі Путин не деді?

Қарапайым тілмен айтсақ: «Одақтан кеткенде орыстың жарты жерін ала кеттіңдер», - деді.  «Совет одағынан бөлініп шыққан елдер Ресей жеріне қарық болды», - деді. «Мынау – Украина, мынау – Қазақстан», деген жоқ. Жалпылама айтты. Бәріне айтты. Бәрі естіді. Қазақ та, қырғыз да, өзбек те...

Песков рассказал о внешнеполитических планах Путина на ближайшие 6 ...

Ал бүгін Путин үшін Песков «ақталғандай» бопты. Бастығының айтқандарын түсіндіріп беріпті. «Ресейдің көршілеріне аумақтық талабы жоқ», - депті. «Путин Конституциядағы қателіктер туралы айтты», - депті.

Кремльдің көбіксөзді көп шендісі не десе де, Путин ойындағысын айтты. Бүгін ғана деймісіз...Путин, Жириновский, Зюганов, Лимонов, Богдасаров, Калашников, Соловьев, Скабеева, Киселев т.б.  Айта берсең көп.

Бұл жолы да сол әңгіме. Орыстың өз ішінде рейтингі төмендеп, сүйеудей сүйкімі қалмай бара жатқанын жақсы білетін Путин бұл сөзін ішкі аудиторияға арнады десек те, әңгіме астарында «керек болса «Қырым сценарийін» басқа аймақтарда да қайталай аламыз» деген іліксөз жатқанын саясаткерлер айтып жатыр.

Болашақты соғыспен бағалайтын адамның әуелгі амбициясы – экономикалық одақты сылтауратып, ескі одақты тірілту екенін бұған дейін талай айттық, жаздық. Естігісі келгенін ғана еститін Қазақстанның ескі һәм жаңа билігі солтүстіктегі сойы бөлек қошыналардың қауіпті «сәлемін» қаперге алған болар деп үміттенеміз, әрине.

Ертеңгі парад

Путиннің ел ішіндегі абырой-беделі әлсіреп бара жатыр дедік қой, жаңа. Өндірісі тұралап, экономикасы құлдырап, халқын тұрмыс қыса бастаған Путиннің ендігі бір сенері – әскери әлеуеті. Қорасындағы қаруының тегі жақсыларын қаз-қатар тізіп, Қызыл алаңда жүргізіп, әлемге «әл-дәрменін» көрсету – Владимир Владимиричтің жылдар бойы қалыптасқан әдеті, бұлжымас салтғ айнымас дәстүріне айналған. Анығында бұл парад жыл өткен сайын сұм соғыстың зұлматын көрген қарт майдангерлерді емес, Ресей билігін, Путин әскерінің «құдіреттілігін» ұлықтау процессіне айналып үлгерді.

Биыл да парад өтеді. Ертең! Жарты әлемге жайылған қытай вирусының (коронавирус) қаһары Путиннің мақтан парадын кейінге шегерген еді. Сол парад ертең өтеді. Неге? Бұл бізді қойып, орыстың өз ішінде қызу талқыланып жатқан сұрақ!

(worldometers.info дерегі)

Ресейде індет өршіп тұр

9 мамырда өтуі тиіс парадты вирустың жаппай таралуына байланысты кейінге шегенгер еді. Қазір де індеттің беті қайтқаны шамалы. Қайта қаһарына мінген кезі. Өршіп тұр. Қазір індеттілер саны 600 мыңға жуықтаған. Ресей әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікте. Соңғы тәулікте 7,5 мың адам індет жұқтырыпты. Жалпы саны 8,4 мың адам көз жұмған. Ал Владимир Путин осының барлығына көз жұма отырып, парад өткіземін деп шешті. Өткізетін болды. Неге дәл ертең?

Екі себеп, бір желеу!

Желеуі - күні кеше ғана Мәскеу Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күнін атап өтті. 79 жылдықты еске алды. Путин Кремльге бірлі-жарым ардагерді жиып алып, алауға гүл қойды. Ал ертең алаулатқан-жалаулатқан дәу парад.

Екі себеп. Бірі – Путиннің есесі кетіп барады. Өйткені, Жеңіс парадын тұп-тура 9 мамыр күні өткізген жалғыз ел – Беларусь болды. Сол жолы Лукашенко: «Соғыстан ең көп жапа шеккен ел - Беларусь»деп жариялаған«Жеңістің мұрагерлері – беларусьтер!», - деп сөйлеген.

Екіншісі – ел ішіндегі рейтингісі. Ол туралы жоғарыда жаздық.

Парадтың құны қанша?

Рас, кез келген ақымақтықтың, кез келген дарақылықтың өз құны бар. Сол секілді бұл парадтың да шығыны шаш етектен. Ол туралы орыстағы оппозиционер Алексей Навальный жазыпты.

Навальный жалуется на блокировку счетов Бизнес Журнал Федеральный

Путиннің бұл парадының шығын ақшасын есептеп шығыпты. Ұзын-ырғасы 1 миллиард рубль жұмсалады екен.

Бір қызығы 9 мамырда Мәскеуде «парад» өтпеді емес өтті. Иә, танкілер мен жаяу сарбаздар Қызыл алаңда сап түземесе де, символикалық парад өтті. Ендеше бұл жолғы парад кім үшін? Жалғыз ғана көрермен үшін! Владимир Владимирович Путин үшін! Бұл да жаңаны Навальныйдың сөзі.

Ертеңгі парадқа кімдер барады, ал кімдер бармайды?

Сонымен, ертең парад! Бұрын мұндай парадтарға Путинмен одақтас, ниеттес, тіпті оған кіріптар елдердің басшылары бірі қалмай барып, қатысатын. Қызыл алаңдағы парадты тамашалап, онан соң алаңның артындағы алауға гүл қоятын. Қазір Еуропа мен Батысты айтпағанда, ескі одақтың да басшылары түрлі сылтау тауып, Кремль шақыртуын шетке ысырып жүр. Биыл да солай.

Можно ли пожимать руку Путину?» Президент Зеленский — об итогах ...

Әуелі Украина. Владимир Зеленский: «Жоқ. Бармайтын едім. Меніңше, ресми шақырту болған да жоқ», - депті.

Президент Туркмении подарил Путину алабая :: Политика :: РБК

Түркіменбасы Құрбан Бердімұхамедов те бармайды. 29 маусымда 63-ке толады екен. «Бұл датаны (туған күнді) үйде, отбасымның қасында атап өтетін дәстүр қалыптасқан», - депті.

Лавров рассказал о значении диалога России и Армении на высшем ...

Армения прембері Никол Пашинян Владимир Путинге үшбу хат жазып, Мәскеуге бара алмайтынын айтыпты.

«Өзіңіз білетіндей, Сіздің шақыртуыңызды ерекше ықыласпен қабыл алған едім. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәскеу сапарын тоқтата тұруды шештім», - депті.

Алиев и Путин о связях и межрегиональном форуме в Баку

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев те «карантинге» байланысты Мәскеуге бармайтынын айтқан.

Сол секілді, Чехия президенті,  Жапония премьері, Хорватия президенті, Израиль премьері, Франция президенті, АҚШ президенті, Германия канцлері т.б. Еуропа және Балтық елдері басшылары Мәскеуге бармайтындарын ашық айтқан.

Владимир Путиннің кешегі бейсаяси сөздері мен пандемия өршіп тұрған осы тұста Қазақстан президенті де парадқа барудан бас тартуы керек деген пікірлер айтылды, әлеуметтік желіде. Кеше. Бүгін.

Токаев и Путин обсудили взаимодействие в борьбе с коронавирусом ...

Ал Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли: «Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр», - деп сөйледі.

Эпидемиологиялық ахуал ауырлап, індет өршіп тұрған қазіргідей уақытта көп елдің басшылары Мәскеу сапарынан бас тартып жатқанда Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары «Құдай сақтасынға» салып, парад көруге баратын болды.

Түйін.

Oliver Bilger дейтін немістілді журналист: «Бұл дата – мақтануға тұрарлық басқа еш себеп (экономикада, инжинерияда, ІТ саласында, ғылым мен білім де т.б.) қалмаған елдер үшін өз-өздеріне сенім іздейтін, көңіл жұбататын жалғыз күн», - депті. Дөп!

Ал біз Алексей Мельников дейтін публицисттің мына бір сөзімен аяқтағанымыз жөн шығар: «Мәскеудегі басшылар үшін мұның түк құны жоқ. Ең бастысы Путинді ұлықтау! Ол – бір ғана адам үшін өткізіледі. Қалғаны маңызды емес.

Мәскеу дәстүрлі түрде өткізетін әскери парад – милитаризмнің мерекесі. Соғыстың пропогандасы. Оны өткізу – халықты жаңа соғысқа дайындау. Және ол соғыс та парадпен аяқталады дегенді халық санасына сіңіру. Бұл катастрофа». Тәмам!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

51 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 54
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 15