Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 2652 0 пікір 19 Маусым, 2020 сағат 11:52

Вирусты өз мүддесіне пайдаланып жатқандарға қарап, арқаны кеңге салуға болмайды

Келіссең өтіріктен вирус шықты деп ауруханаға жатқызып қойып, ақша береді екен деген ел арасында сөз жүр. Бұл бекер емес. "Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды"...
.
Індеттің алдын алу шаралары үшін жыл басында республикалық бюджет есебінен 55,9 миллиард теңге қарастырылғанын білеміз. Оның ішінде, медицина қызметкерлерінің үстеме жалақысын есептемегенде, вирус жұқтырған науқастарды қабылдап, ем-шарасын жүргізетін ауруханаларға 14,7 миллиард, диагностикалық зерттеулер үшін 5,4 миллиард қаражат бөлінетіні хабарланған болатын. Демек, жоқ науқастың санын көбейту арқылы мемлекет ақшасын әлдекімдер талан-таражға салып жатуы әбден мүмкін.
.
Егер бұл іс осылай астыртын жүріп жатса, онда сол миллиардтар діттеген жеріне жетпей діңкесі құрып, белгілі бір адамдардың қалтасына кетіп жатыр деген сөз. Онда сендер сенбедіңдер деп халықты жазғырудың еш қажеті жоқ. Бұдан кейін кім сенеді?!
.
Жалпы жемқорлықпен күрес деп әдемілеп айтқанымыз болмаса, күреспей беріліп жүргеніміз ешкімге жасырын емес...
.
Естеріңізде ме, Алланың ақиқатын айтайын десең, "дінің сол ма, молдаң оқыған құранына ақша алады" дейтіндер болушы еді ғой? Дәл соның желісімен қазір вирустың барына сенбейтіндер де көбейіп жатыр.
.
Иә, арамза молда қай заманда да бар. Бірақ дінге ол арқылы баға берудің қандай ақымақтық екенін білсеңіз, онда "күріштің арқасында күрмек су ішеді" дегендей, вирус жағдайын өз мүддесіне пайдаланып кетіп жатқан арамтамақтардың арам әрекетіне қарап вирус жоқ деп арқаны кеңге салуға да болмайтынын ұғыңыз, ағайын! Болса, ондайлардың жазасын Алла береді. Бірақ вируспен бетпе-бет келсеңіз, мен жоқ екен деп қалыппын дегеніңіз сізді еш құтқара алмайтынын түсініңіз.
.
Иә, жоғарыдағы жағдайды ескерсек, онда вирус жұқтырғандар саны статистикадан әлдеқайда аз болуы мүмкін. Ал, індеттің симптомсыз түрі де қатар жайлап жатқанын ескерсек, онда науқастар қатары іс жүзінде әлдеқайда көп болуы да ғажап емес! Қалай болғанда да, ауру санына қарап немесе алып-қашпа сөзге еріп елдегі ахуалға өзінше баға беріп, қате тұжырым жасамаңыз. Өйткені, қателік соңы қашан да орны толмас өкініштерге әкелетіні әлімсақтан анық.
Ел аман болсын.

Ертай Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1249
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1219