Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2156 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 06:34

Елден кеткен Ерден Түркияны тасалап жүр

«Мемлекет қаржысын талан-таражға салды және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген айыппен іздеуде жүрген Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің бұрынғы төрағасы Ерден Қажыбек Түркия аумағында жүргені анықталды. Бұл туралы кеше өткен брифингте Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Сырттай айып тағылып, іздеу салынған, соттың санкциясымен қамауға алынуға тиіс Ерден Қажыбекті іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның Түркия Республикасында жүргендігі анықталды», – деді ол. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ерден Қажыбекке «мемлекет қаржысын талан-таражға салды және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген айып тағылған болатын. Нақты айтар болсақ, 2007 жылы Тіл комитетінің басшысы қызметіндегі Ерден Қажыбектің рұқсатымен қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі онлайн сөздігіне тапсырыс беріліпті. Ол үшін тапсырысты орындаушыға бюджеттен жүз пайыздық төлем жасалған. Алайда орындаушы фирма өз міндеттерін атқармаған, ал комитет төрағасы орындалмаған жұмысты «қабылдап» алып, үш актіге қол қойған. Бірақ интернет арқылы таралуы тиіс сөздік бүгінге дейін жұмыс істемейді екен.

«Мемлекет осы тапсырысты орындауға қажетті қаржыны толық көлемде төлеп берген. Алайда еліміздегі 20 министрлік пен тілді дамытумен айналысатын 12 мемлекеттік мекеменің мәліметтері бойынша, үштілді сөздік жұмыс істемейді. Сондықтан аталмыш сөздік мемлекеттік органдарда пайдаланылып отырған жоқ. Осылайша комитеттің бұрынғы төрағасының заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 65 миллион теңге зиян келген. Қазіргі таңда оған іздеу жарияланды», – деп мәлімдеген болатын агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Бүркіт НҰРАСЫЛ, Астана
«Алаш айнасы» газеті 25 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2379
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572