Жұма, 17 Мамыр 2024
Оқыс оқиға 3027 2 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 19:56

Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ құлап қала жаздады

Премьер-министр Асқар Мамин 12 маусым күні Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған. Үкімет басшысы онда вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берген болатын.

Бүгін белгілі болған ақпараттарға қарағанда, дәл осы сапарда үкімет басшысы мінген ұшақтан ақау шығып, апатты жағдайда қонған көрінеді. Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі су жүйесі істен шығып, Тараз қаласынан 180 шақырым жердегі Тасөткел ауылына қонған. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі ресми хабарлады.

- 12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет делегациясы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, аймақтағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді.

Аймаққа іссапар барысында делегация «Қазәуеқұтқару» АҚ тиесілі № UP-MI705 тіркелген Ми-171 тікұшағымен Қордай - Тараз бағытында ұшты.

Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі су жүйесі істен шығып, Тараз қаласынан 180 шақырым жердегі Тасөткел ауылына қонған. Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері аман, әуе кемесі бүлінбеді, - делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты «Қазәуеқұтқару» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Анар Хамитова да растап отыр. Оның айтуынша, құлап қала жаздаған тікұшақта Мамин мен Сапарбаев болған.

- Тікұшақ Жамбыл облысындағы Қордайда тәртіпсіздік болған аумақты айналып жүргенде есептегіш гидравликалық жүйе істен шыққан. Бортта Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Барлығы дін-аман екінші бортқа отырғызылды. Енді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, яғни Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Министрлігі ақауды анықтау үшін комиссия құрады. Комиссия тікұшақтың бұзылу себептерін анықтайды, - депті маман.

Бірақ бұл ұшақта коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болмаған көрінеді. Бұған дейін Біртановпен бірге жүрген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асқар Маминнің тест тапсырып, оқшауланғаны хабарланған еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636