Сенбі, 18 Мамыр 2024
2039 0 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 14:03

Елордада кинотеатрлар ашылмайды

Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупіне байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды.

Балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмысын жалғастыра береді.

Бір топта 15 баладан артық болмау қажет. Балабақшалар баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Балаларды қабылдау учаскелік педиатрдан баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама болғанда ғана жүзеге асады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді дейді әкімдіктегілер.

 

Коронавирустың таралу қаупі әлі де бар. Санитарлық нормаларды сақтау қажет: маска киіп, қолды антисептикпен өңдеп, қашықтықты сақтаған жөн. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Сәуле Қисықова атап өткендей, санитарлық нормаларды сақтамау қала ауруханаларының толып кетуіне әкелуі мүмкін.

"Қауіпті инфекцияға тіпті дені сау жастар да шалдықты. Сақ болу керек. Бір адамның салғырттығы басқа тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Коронавирус санаулы күндер ішінде адамның денсаулығын күрт нашарлатады, өзін - өзі емдеумен айналыспау қажет", - деді Сәуле Қисықова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653