Сенбі, 18 Мамыр 2024
3067 2 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 12:47

Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы коронавирус жұқтырды

Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров Семей қаласындағы инфекциялық ауруханаға жатқызылды.

Семей әкімдігінің хабарлауынша, атақты спортшы коронавирустан емделіп жатыр.

- Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне қаладағы екі колледж директоры түсті. Бірі - Электр техникалық колледж директоры Азат Сәрпеков, екіншісі - Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин шектеулері 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653