Сенбі, 18 Мамыр 2024
2547 0 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 16:58

«Ақ жол» газеті материалдар жинағының тұсаукесері өтеді 

25 томдық «Ақ жол» жинағы «Әлеуметтік маңызды әдебиет» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында «Ақ жол» парламенттік фракциясы депутаттарының күш-жігері мен Мәдениет және спорт министрі Актоты Раимкулованың қолдауымен жарық көрді.

Жинақ қоғам қайраткері, ақын, «Ақ жол» партиясының мүшесі Ханбибі Есенқарақызының жеке бастамасымен құрастырылған. Ол Ташкент, Шымкент, Алматы, Мәскеу кітапханалары мен архивтерінде газет материалдарын жинау бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Сонымен қатар, іс-шарада Нәзір Төреқұлұлының таңдалған мақалалары мен мұрағаттық материалдар топтамасы; британдық инженер Джон Уилфорд Уарделлдің «Қазақ даласында» естеліктері (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде); жас ғалым-тарихшы Арман Ахметовтың «Әбілмәбет хан әулеті» монографиясы ұсынылмақ. 

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Раимқұлова, «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашев, Мәжіліс депутаттары, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Алаш» зерттеу институтының басшылығы мен қызметкерлері, «Алашорда» ҚҚ өкілдері, кітап авторлары, құрастырушылар, аудармашылар, редакторлар қатысады. 

Өтетін уақыты: 11 маусым, сағ 14-00

Өтетін жері: Ұлттық кітапхана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646