Сенбі, 18 Мамыр 2024
3673 1 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 15:12

Қазақстанның мемлекеттік қарызы - 17,7 триллион теңге

Қаржы министрі Қазақстанның қарызы туралы айтыпты. Қауіпсіз деңгейде депті Ерұлан Жамаубаев. Сәуірдің соңындағы статистика байынша, мемлекетік қарыз сомасы -  17,7 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 25,5 пайызы.

Министр Жамаубаев бұл деректерді Мәжілістегі отырыста айтқан. 2019 жылғы бюджет қаржысын игеру туралы есеп-қисабын жасап, баяндама жасаған.

«Бюджет тапшылығы 1,3 триллион теңге, яғни, ЖІӨ-ге шаққанда 1,9 процентті құрады. Қазақстанның борыштары қауіпсіз деңгейде сақталып отыр», - депті.

Енді сандар: Шығыстар 99,9 пайызға игеріліп, 12 триллион теңгеге жеткен. Бұл  әлеуметтік көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп екен. Шығыстар 5,2 триллионға көбейген. Былайша айтқанда, республикалық бюджеттің 43 пайызына тең.  Ал бюджетке түсетін түсімдер 100,4 пайызды құрапты. Бұл дегеніңіз – 10,16 триллион теңге екен. Сәуір айының басында мемлекеттік қарыз 17,7 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 25,5%-тін құраған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2315
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651