Сенбі, 18 Мамыр 2024
2322 0 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 11:33

Сауд Арабиясы қажылық квотасын 20 пайыз қысқартуы мүмкін

Сауд Арабиясы қажылыққа бөлінетін квотаны пандемияға байланысты қысқартуды көздеп отыр. Елде 100 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Сауд Арабиясы биыл наурыз айында қажылықты тоқтатуға мәжбүр болды.

"Рейтер" агенттігіне екі дереккөздің хабарлауынша, билік қажылық квотасын қысқарту мәселесін қарап жатыр. Қажылыққа келгендерді дәрігер тексеріп, қарт кісілер қажылыққа жіберілмеуі мүмкін.

Дегенмен Сауд Арабиясы үкіметінің бірнеше мүшесі биыл қажылықты өткізбеуді жақтап отыр. Биыл қажылық тамыздың басында басталады.

Сауд Арабиясының билігі қажылыққа қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімет жариялаған жоқ.

Қажылықтан бас тарту немесе қажылық квотасын азайту - Сауд Арабиясының экономикасы үшін үлкен соққы болып отыр.

Ресми мәлімет бойынша, 2019 жылы 2,6 миллион адам үлкен қажылыққа, 19 миллион мұсылман кіші қажылыққа барған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2324
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653