Жексенбі, 19 Мамыр 2024
4689 3 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 15:31

Ермекбаев отставкаға кете ме?

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарамағындағы қызметкердің жемқорлық жасап, қылмысты болғаны үшін отставкаға кетпейді. Бұл туралы министрліктің zakon.kz сайтына берген жауабында айтылды. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы бастығы Марат Есенов 200 мың теңге пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Есеновке қатысты сот үкімі 2020 жылы 4 маусымда заңды күшіне енді. Ол пара алғаны үшін 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Сонымен қатар, ол полковник шенінен айырылды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ал, 2019 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басшылардың қол астындағы қызметкерлі үшін жауапкершілігі жөнінде Заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшы он күн ішінде отставкаға кетуге міндетті. Сондай-ақ заңда орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) қол астындағы аймақтық бөлімнің бастығы (БҚО қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы) үшін жауапты болып табылады деп белгіленген.

Алайда, Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ермекбаев аймақтық бөлімшелер басшыларына жауап бермейді. Сотталған БҚО қорғаныс істері жөніндегі бұрынғы бастығы Марат Есенов үшін Бас штабтың құрылымдық бөлігі болып табылатын Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментінің біреуі орнынан кетуі керек екен.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы басшысы Марат Есеновтің сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталуына байланысты өз еркімен отставка сұрамайды. Бұл арада басқа жауапты адамдар лауазымынан айрылуы керек»,- делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі өздерінің айырықша құзырлы орган екенін баса айтты. Егер басқа министрліктердің орталық аппарат сияқты функциялары мен міндеттерін орындайтын аймақтық департаменттері бар болса, яғни тек облыс шегінде, ал Қорғаныс министрлігінде бірдей функциялары бар аумақтық бөлімшелері жоқ.

«Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қорғаныс министрлігінің аумақтық органы болып табылмайды, мысалы, әскери госпиталь, аудандық эксплутациялық бөлім немесе кез-келген әскери бөлім секілді. Бұл Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада айқын көрсетілген. Мұның бәрі - қорғаныс ведомствосының аумақтық органдары болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер.

Бізде аймақтық деңгейде 17 қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, жүздеген әскери бөлімдер бар, бірақ олардың барлық командирлері (бастықтары) қорғаныс министрі тағайындағанына қарамастан тікелей министрге бағынады дегенді білдірмейді. Тиісінше, қорғаныс министрі облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының жасаған сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін отставкаға кетуіне заңды негізі жоқ, өйткені ол Қарулы Күштердің Бас штабының құрылымдық бөлігі болып табылатын Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары басқармасына тікелей бағынады»,- дейді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі әскерилер үшін «отставка» ұғымының ерекше мәні бар екенін түсіндірді.

«Бұрын, белгілі бір деңгейде отставкаға кету туралы өтініш, әсіресе соғыс уақытында, әскери қызметтен жалтару, тіпті әскери міндеттен қашу деп түсіндірілетін. Әскери қызметкер немесе офицер, майдан кезінде отставкаға мүлде кете алмайды, өйткені бұл әскери адамның антына қайшы. Бұл әскерде қызмет еткісі келмейтіндерге «жақсы амал» болар еді», - деді Қорғаныс министрлігі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2562
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663