Сенбі, 27 Сәуір 2024
Білгенге маржан 5373 2 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 13:12

Қашықтан оқу қанша тұрады?

Close-up Of Woman Having Video Chat On Digital Tablet In Classroom

Коронавирус пандемиясы салдарынан қазақстандық университеттер оқытудың дистанциялық әдісіне көшті. Оқу сабақтары онлайн жүргізілетін болды, ал студенттер қашықтан оқуға ауысты. Күзде вирустың жаңа толқыны күтілгендіктен жұрттың тұрмыс-тіршілігі бұрынғы өз қалпына қашан келетіні белгісіз... Бірақ, бір анығы - оқытудың дистанциялық әдісіне көшу қажеттілігі өсті. «Freedom Finance Life» компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, дистанциялық оқыту қалай жұмыс істейтінін және ол қазақстандық университеттерде қанша тұратынын анықтапты.

Дистанциялық жоғары білім алудың құны қанша?

Қашықтан оқу я болмаса оқыту. Қазақстанда бұл қолжетімді. Бұл әсіресе – колледжден кейін оқуын жалғастыратындар, екінші жоғары білім алу үшін немесе университеттен шалғай тұратындар, жұмыс істеп жүріп оқитындар, студент алмасу бойынша басқа елде оқитындар, жүктілікке байланысты демалыста отырғандар немесе мүгедектік тобы тағайындалғандар үшін өте қолайлы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде 71 университет дистанциялық білім беру әдісін ұсынып отыр екен. Әрине, оның құны кәдімгі, күндізгі білім беруден өзгеше.

«Орташа алғанда, күндізгі бөлімнің бакалавриат курсы 825 000 теңге.  Дистанциялық білім алудың бір курсы студентке орташа алғанда  378 400 теңгеге түседі», - дейді «Freedom Finance Life» Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

(Мәліметтер интернеттегі ашық дереккөздерінен алынды)

Дистанциялық білім алудың күндізгі оқудан айырмашылығы - қашықтан, онлайн оқу. Студенттерді ЖОО-ға баруға міндеттемейді. Оқу кезінде, басқа қалада немесе кез келген жерде болуы мүмкін. Студент үшін ең бастысы – сапалы интернеттің болуы. Дистанциялық білімнің барлық курстық бағдарламасының ұзақтығы 2-3 жыл. Оқу аяқталған соң, бітіруші түлектер мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын алады.

Бүгінде дистанциялық білім алудағы сұранысқа ие мамандықтар: интернет-маркетинг, PR, бағдарламалау, дизайн, заң тану, психология, бухгалтерлік және банк қызметі т.б.

Университетке дистанциялық білім алуға түсу үшін, таңдаған университеттің ресми сайтында тіркелу, шарт жасасып, төлем жасау қажет. Бәрі дайын болған кезде, онлайн дәрістері, тапсырмалары және басқа да керекті оқу материалдары жинақталған жеке кабинетіңіз пайда болады. Содаң соң аралық аттестация. Көбінесе күндізгі оқытуға ұқсас. Бір жыл аралығында екі сессия. Білім алу барысында практикадан өтуі мүмкін. Толық курс аяқталғанда аттестация (емтихан және диплом жұмысы), диплом алу.

Дистанциялық білім беруді заңдастыру

Дистанциялық білім беруді ұйымдастыру ережелері бірінші рет 2006 жылы заңнамамен бекітілген. Алайда, сол кезде ол ЖОО немесе колледж аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болған.

2020 жылдың сәуір айында, онлайн-конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дистанциялық білім беруді барша халық үшін заңдастыру қажет деп мәлімдеді. Коронавирус пандемиясы салдарынан жұрт шұғыл дистанциялық білім алуға мәжбүр болды. Алайда, қашықтан оқитындар мен күндізгі бөлімде оқитындар үшін оқу құнын қайта қараған жоқ.

Дистанциялық білім алуға қаражатты қалай жинау керек?

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың төлем қабілеттілігіне де кері әсерін тигізгені белгілі. Еңбекке жарамды елдің көбісі карантин кезінде тұрақты табыстарынан айырылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың болжамы бойынша, жыл аяғына дейін еліміздегі жұмыссыздық деңгейі ТЖ режимі енгізілгендегі 4,8%-дан 5,9%-ға дейін ұлғаюы мүмкін. Осыған орай, қазақстандық абитуриенттер көпшілігі жаңа оқу жылына дайын болмай шығады. Яғни, оқу ақысын төлеуде қиындықтар болуы мүмкін.

Қаржылық дағдарыстың кері болжамдары мен факторларын ескере отырып, оқу қаржысын қалай жинауға болады?

Жалақыдан түскен қолма-қол ақшаны жинау. Қандай болмасын қаржылық құрылымдардың қатысуынсыз, өте сенімді жинақ әдісі. Алайда, осы әдісті пайдаланған кезде, ақшаны түрлі валютада сақтау дұрыс. Себебі, уақыт өтісімен, қолма-қол ақша құнсызданады, әсіресе девальвация кезінде.

Білім алу депозиты. Мемлекеттік білім беру Жинақ Жүйесіне кіреді (ГОНС). Баланың атына ашылған шотына жай пайызбен қоса, мемлекеттік сыйлық қоса есептеледі. Қазір Қазақстанда 20 мыңнан астам білім беру депозиттері ашылған.

Бағалы қағаздар. Банктік депозиттерден айрықша, үлкен табыс беруі мүмкін. Бірақ, аталған нұсқа қаржы нарығындағы өзгерістерді бақылап отырмайтын акционерлер үшін қауіпті. Сондай-ақ, қаржалық қоры бар жағдайда ғана қаржыландыру дұрыс болады.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (НСЖ). Бұл сақтандырумен қоса қаржыландыруды алдын-ала ескеретін қаржы өнімі. Сақтандыру шартын жасасу барысында адамның өмірін сақтандыруға және ақша жинауға болады. Бұл бағдарламалар ұзақ жылдарға көзделген. Орташа есеппен 5-10 жылға.

Аталған бағдарламалар балалардың болашағына алдын-ала қамқорлық жасау және жоғары оқу орнына түсу қаражатын жинауға мүмкіндік береді.

Қазіргідей цифрландыру уақытында дистанциялық білім берудің дәстүрлі күндізгі оқуға лайықты бәсекелес болуға барлық мүмкіндігі бар.  Біріншіден, ол баға тұрғысынан тиімді.  Екіншіден, білім беру бағдарламасы күндізгіден кем емес. Үшіншіден, жолға кететін уақытты үнемдейді және жер шарынның кез келген нүктесінен оқу мүмкіндігін береді. Тек заманауи компьютерлік технологиялар мен жылдам интернет болса болғаны.

Өкінішке орай, орта мектепті кеше ғана аяқтағандар үшін бұл әдіс қолжетімді дей алмаймыз. Covid-19 індеті Үкіметті дистанциялық білім беру ережелерін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр.

Abai.kz

2 пікір