Жұма, 17 Мамыр 2024
2065 7 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 15:27

Қазақстандық әскерилер Мәскеуде өтетін шеруге дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында Құрлық әскерлерінің сарбаздары Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық шеруге қызу дайындалып жатыр,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі. 

Қазіргі уақытта үш жаяу шеру есебі құрылды. Атап айтқанда, олардың екеуі десанттық–шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. 8 маусымда өтетін соңғы дайындықта 24 маусымдағы басты іс-шараға  қайсы қатысатыны анықталады.

«Биыл Жеңіс күніне 75 жыл толады. Осы себепті Ресей Қорғаныс министрлігі  біздің әскерлерді Қызыл алаңдағы парадқа қатысу үшін шақырды. Құрлық әскерлерінен үш есеп топ бөлінді. Есептер өте жақсы дайындалған. Олар барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Күніне үш-төрт рет температуралары өлшеніп, басқа да мәселелер шешіледі. Бізге Қызыл алаңдағы парадқа қатысып, елімізді көрсету өте маңызды. Дайындық өте жақсы жүріп жатыр», – дейді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов.

Әскери қызметшілер үшін Ұлы Жеңістің құрметіне арналған шеруге  қатысу, бұл жалпы жеңіс үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан батырларға алғыс білдіру және құрмет көрсету мүмкіндігі. Дайындыққа қатысушылардың арасында аталары Ұлы Отан соғысының майдан даласында жеңіс үшін шайқасқандар да, Мәскеудегі Жеңістің алғашқы шеруіне қатысқандар да аз емес.

«Мен Ұлы Отан соғысының ардагері Балғымбаев Айдарбай Наурызбайұлының немересімін. Десанттық-шабуылдаушы әскерлері арасындағы салтанатқа қатысу үшін қатаң іріктеуден өтіп, Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған шеруге қатысатыныма қуаныштымын», – дейді 35-ші гвардиялық десант-шабуылшы бригадасының әскери қызметшісі Серікбек Балғымбаев.

Дайындық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Дезинфекциялық-санитарлық режим күшейтілді: күніне кемінде екі рет жеке құрамды медициналық тексеру, сондай-ақ өңдеу, ылғалдандыру және желдету жүргізіледі. Парадқа қатысатын әскери қызметшілер қалған жеке құрамнан оқшауланған, оларға бөгде адамдар мен туысқандарының  баруы шектелген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2243
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637