Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3583 3 пікір 6 Маусым, 2020 сағат 14:17

Microsoft компаниясы ресми тілдерінің қатарына қазақ тілін қосты

Маусымның 3-і күні Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады. Бұл Google-дан кейінгі қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания,- деп хабарлайды kaz-science.kz.

Қазақ тілі енді Microsoft аударма қосымшалары, қондырмалар, Office бағдарламалары, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс жасайды.

Компанияның блогына жазылған хабарламада былай делінген:

«Бүгін біз тілдік кедергілерді жою жөніндегі миссиямызды жалғастыра отырып Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қостық деп қуанышты түрде жариялаймыз. Qazaqsha немесе Qazaq Tili деп танылған бұл  тілдің Қазақстан, Батыс Қытайда, Батыс Моңғолия, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа жерлерінде 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар»

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында WikiBilim Қоғамдық қоры қазақ тілінің Google компаниясы аударма қызметіне ресми түрде қосылғанын жариялаған болатын. Бүгінде қазақ тілі аталмыш аударма құралындағы 109 тілдің бірі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1274
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1164
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 903
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032