Жұма, 26 Сәуір 2024
5399 2 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 10:09

Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді. 

Президенттің айтуынша, екінші кезеңінің қаупі әлі сейілмеген.

"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады.Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын",- деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12067-ге жетті. 6240 адам жазылып шықса, 48 адам қайтыс болған.

Abai.kz

2 пікір