Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3133 0 пікір 8 Қараша, 2011 сағат 06:39

Ермұхан Бекмахановтың жетекшілігімен 1943 жылы басылған "Қазақстан тарихы" ұжымдық еңбегі қайта басылып шықты

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бұл 1917 жылға дейінгі ұлт азаттық қозғалыстар тарихының алғашқы және идеологиялық тұрғыдан шектелмеген шынайы  ғылыми нұсқасы болды.

Оны әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков бүгін Алматыда 1943 жылы басылған "Қазақстан тарихы" ұжымдық еңбегінің қайта жарық көруіне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бұл 1917 жылға дейінгі ұлт азаттық қозғалыстар тарихының алғашқы және идеологиялық тұрғыдан шектелмеген шынайы  ғылыми нұсқасы болды.

Оны әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков бүгін Алматыда 1943 жылы басылған "Қазақстан тарихы" ұжымдық еңбегінің қайта жарық көруіне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

"Бұл кітаптың ең басты құндылығы - біздің ұлт азаттық қозғалыстарымыздың тарихы тұңғыш рет шынайы жазылған. Мұнда "Қазақстан отар ел" деп аталатын тарау бар.   Сырым Датов, Исатай Таймановтардан бастап Амангелді Имановқа дейінгі кезеңдегі ұлт азаттық қозғалыстар бұрын еш уақытта шынайы ғылыми түрде жазылмаған болатын", - дейді Т. Омарбеков. Ғалымның айтуынша,  онда  ежелгі сақ, үйсін сияқты тайпалардың қалай қалыптасқаны жүйелі түрде нақты деректермен сомдалған. Сондай-ақ Қазақ хандығы тәуелсіз мемлекет ретінде сипатталады. 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында Шоқан Уәлиханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов сияқты  қазақтың зиялы қауымы бірнеше рет ғылыми тұрғыдан қазақ тарихын жазуға әрекет жасады. Шоқан өзінің ойға алған көп істерін аяқтай алмай, өмірден өте жас өтті. Ал Мұхамеджан мен Халел басқа алашордалықтар секілді ұлтшылдар ретінде қатал жазаға тартылды. Сондықтан 1941 жылы Ермахан Бекмаханов  тарихшылар мен жазушыларды  қазақтардың алғашқы ғылыми тарихын жазу үшін жұмыс тобын құруға көндірген. Оған Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Бейсенбай Кенжебаев кірген. Екі жылдық еңбек зор табыспен аяқталып, жаңа тарихи басылым Сталин сыйлығына да ұсынылады. Алайда 40-шы жылдардың аяғына таман ондағы Кенесары қозғалысының ресми бағасы өзгеріп,  тарихшылар қуғынға ұшырайды.

"Қазір біз тәуелсіздіктің тарихын 1991 жылдан бастауға  үйреніп алдық қой. Бұл кітапты оқыған адам қазақта мемлекет болған екен, 1918 жылға дейін тәуелсіз болған екенбіз деген қорытындыға келеді. Тағы бір назар аударатын жер, Әбілқайыр хан бастап   қазақтың Ресейге қосылуы кітапта қазақтың аз ғана билеушілерінің орыс ұлықтарымен келісімі деп бағалайды. Меніңше, бұл да ойланатын нәрсе.  Тарихшылар  Әбілқайырдың тұлғасына әлі әділетті баға бере алмай отыр", - деді Талас Омарбеков.

Суретте: Ермұқан Бекмаханов Орал педагогикалық институтының студенттеріне дәріс оқып тұр. 1958 жыл

Сурет "Азаттық" радиосының сайтынан алынды (baq.kz)

http://www.inform.kz/kaz/article/2417354

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651