Жұма, 26 Сәуір 2024
3818 0 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 16:58

Бүгіннен бастап Алматының діни орындары жұмыс істейді

Алматының діни орындары 30 мамырдан бастап жұмыс істейді. Алайда, бұқаралық іс-шараларға әлі де тыйым салынған.

Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 30 мамырдан бастап діни орындардың қызметі қайта қалпына келтірілетін болады. Бірақ тек санитарлық және дезинфекциялық режимнің талаптарын қатаң сақтау керек.

Қызмет көрсету кезінде барлық дін қызметкерлерінен маскалар мен медициналық қолғаптарды кию, сонымен қатар қашықтықты сақтау талап етіледі. Алайда, маскасыз және вирус белгілері бар адамдарға баруға тыйым салынады. Ал, діни объектіде болу 15-20 минуттан аспауы керек.

Бұл құжаттың түпнұсқасы Алматы қаласының орталық мешітінде расталған.

Abai.kz

0 пікір