Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Деп жатыр 3099 1 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 13:34

Коронавируспен күрес қанша тұрады?

Медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов эпидемияға қанша қаражат бөлінгенін және олар нақты не үшін жұмсалғанын айтты,- деп хабарлайды kursiv.kz.

Шорановтың айтуынша, эпидемияға қарсы іс-шараларға республикалық бюджеттен 55 миллиардтан астам теңге бөлінген. Оның ішінде шамамен 36 миллиард теңге эпидемияға қарсы шараларға қатысқан қызметкерлерге берілетін жәрдемақыға, 19,5 млрд. теңге пациенттерді және олардың емделуін бақылайтын медициналық ұйымдардың қызметіне ақы төлеуге, 5 млрд.теңгені ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияның бар-жоқтығын тестілеуге жұмсаған.

Новости Казахстана - Главный врач ВКО взял всех медиков региона на ...

Сонымен қатар, қор жаңа ауруды емдеуге тарифтер орнатқан. Оған сәйкес, карантиндік госпитализация кезінде медициналық мекемедегі төсекке тәулігіне 10 413,96 теңге, алдын-ала госпитализацияға жатқанда - 11 619,80 теңге, емделген жағдайда бір төсекке күніне 15113,34 теңге төленеді екен.

Марат Шорановтың сөзінше, шығындардағы айырмашылық ауруханалардың әр деңгейіндегі диагностикалық және емдік шаралардың сипатына байланысты. Медициналық мекеменің ПТР зерттеуі үшін 11 499,46 теңге алынады. Қаражаттың көп бөлігі – (әрқайсысы шамамен 400 миллион теңге) - Алматы және Нұр-Сұлтан ауруханаларындағы ПТР диагностикасына бөлінді. Өйткені бүгінгі таңда бұл екі қала барлық пациенттердің жалпы санының 50% құрайды.

Сонымен қатар ол, емхана деңгейінде ПТР зерттеуі үшін 3,7 млрд.теңге бөлінгенін айтты. Ал, өңірлер бұл қаражатты санына қарай алды. Медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары әр облыста науқастарды тексеретін емханалар, фильтр деп аталатын ауруларды анықтағанын айтты. Бұлар, негізінен, жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмониямен ауыратын адамдар, сондай-ақ жоспарлы түрде госпитализацияға келгендер.

- Барлық медициналық ұйымдардың уақытында қаражат алуы үшін олармен қосымша келісімдер жасалды, қызметтерді сатып алу және төлеу ережелері өзгертілді. Бөлінген қаражаттың 99%-ы келісімшартқа отырады, - депті Шоранов.

Қазір қор жаңа мұздатылған плазманы сатып алуға арналған тарифтің құны (76 857,14 теңге) және антиденелерді анықтау үшін талдау тарифтері (оқу түріне байланысты 4563.04 және 5911,17 теңге) туралы ұсыныстар дайындаған.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды қаржыландырудың өзекті мәселесінің бірі медициналық қызметкерлерге жәрдемақы төлеу. Шоранов МСҚ сыйақы төлемдеріне күнделікті мониторинг жүргізетінін атап өткен. Сәуірде эпидемияға қарсы шараларға қатысатын және жәрдемақы алатын медицина қызметкерлерінің саны наурыз айымен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 17,7-ден 42,6 мың адамға жеткен.

Сондай-ақ есептелген жәрдемақы мөлшері де 56%-ға өсіпті. Сәуір айында медицина қызметкерлеріне 7,6 млрд.теңге бөлінген. Наурызда бұл сома 3,3 млрд.теңгеден астам болған. Себебі, сәуір айында коронавирустық инфекцияның эпидемиялық жағдайы нашарлады. Сондықтан эпидемияға қарсы шараларға медицина қызметкерлерінің көпшілігі тартылған.

Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қор мамыр айында бұл шараларға 8,6 млрд.теңге бөлуі мүмкін екен.

Abai.kz

1 пікір