Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2601 2 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 06:08

Қуандық Шамахайұлы. Дәріс

(сықақ әңгіме)

Бірде жолым түсіп, баяғы сол жағымпаздар академиясына бара қалдым. Ұзын дәлізді бойлап келе жатып, бір тосын хабарландыруға көзім түсті. «Өсектану ғылымының докторы, профессор Недеген Оңбағановичтің жыл сайынғы кезекті жалғыз дәрісі өтеді. Тақырыбы: «Өсек-аяң және жағымпаздар билігі». Дәріске кіру тегін» - депті, әлгі хабарландыруда. Сағатқа қарасам, дәл енді ғана басталып жатқанға ұқсайды. Ат шаптырым үлкен залдың есігін ашып қарасам алдыңғы қатардағы орындықтар бос тұр екен. Зу етіп кіріп, біріне жайғаса қалдым.

Недеген Оңбағанович мінберге тас кенеше жабысып алған алдындағы қағаздан көз алмай зулатып оқып тұр. Құлақ қойып тыңдасам, сөзтану ғылымы бойынша жарыққа шыққан өз еңбегімнің жүрекке жылы, ойға анық жолдары. Өзіме өзім сенбей бар ынтамен зер салдым. Дәл өзі! Жарыққа шыққанына үш жыл толмаған, он жыл уақытымды сарп етіп зерттеген ғылыми ізденісімнің нәтижесінен жаңылатындай мені жын ұрып па?! Тал түсте көпе-көрінеу шімірікпестен қораңа түсіп, баптап, бағып отырған тұлпарларыңды айдап әкететін осындай да бетсіз «барымташы» болады екен-ау?!

Бірнеше абзацтан кейін Недекең басын көтеріп дәрісханаға көз салды. Көз салғанда мол салды. Оның қос жанары өзіне қарай атылғалы тұраған менікімен түйісіп қалды да мелшиіп тоқтады. Айналада тыныштық орнап, ол сасқанынан ашылған аузын да жаба алмай сілейіп тұр. Мені дәл осы жерден көремін дегенді үш ұйықтаса түсінде де көрмесі белгілі ғой. Мүлгіген тыныштықты телеоператор жігіттің шықырлаған камерасы бұзғанда Недекең дереу есін жия қойып, мінберден сырғып төмен түсті де сасқанынан даусын көтеріп, дәрісін жатқа соғуға көшті.

-  Мен жаңа кіріспеде аздап неғылып сөзтанудан мысал келтірдім. Енді, негізгі немізге көшейік. Жалпы, жағымпаздар билігі дегеніміздің өзі не ғой. Ол өзі орта ғасырда да солай болған, жалпы біздің Сақ дәуірінде де сондай болып тұр. Біреулер бұл билікті неғылған не десіп жүр. Не емес, ол немене! Ұқтыңдар ма? Құдай-ау, ол енді, немене болмағанда өзге қалай болушы еді, солай ма? Жағымпаздар билік құру үшін әрқайсы бастықжанды болуы керек. Міне, бастықжанды болсаң ғана көзің ашылады, білдің бе? Өздерің білесіңдер, бізді бүгінде басқарып отырған басшымыз былтыр қыстың қақаған аязына қарамай асқан жанкештілікпен неғылды ғой. Соның арқасында ана кісінің несіне ілігіп, өзінің бұрынғы итарқасы қияндағы тар орынтағын кең де жайлы, жұмсақ әрі былқылдаған жылы немен нетіп алды да қазір тыныш қана неғылып отыр. Басында несі бар жігіттер осылай неғылады. Ал, біреулер бар, өздерінше не болып көрінеміз деп жүріп, далада қалатын. Кетсінші, ондай немелер.

Ал, енді мен өзім сонау бір жылдары ана жаққа барып келгенім бар. Ол жаққа барып қарасам, бір тобы аппақ, енді біреулері қап-қара, тағы сопағы, жалпағы дейсің бе, әйтеуір толып жатыр. Бәрін де неттік қой, несін айтасың. Олар өздерін «біз неліктерміз» деп қояды. Шын мәнінде, неше түрлі неден нетілген нағыз анау-мынаудың өзі. Сөйте тұра тағы нешіл-ақ өздері. Құдай-ау, бізде сөйтіп нетіп кетсек, күніміз не болады, ойбай-ау?!

Сосын, тағы анау бір неме біздің сүйікті кәсібіміз өсекті жоққа шығарып нетіп жүр. «Өтіріктің құйырығы бір-ақ тұтам. Күндердің күнінде бәрі ашылады, шындық жеңеді, өсек өрге баспайды», тағы бірдеме-бірдеме деп жазыпты ана жолы. Айналайын-ау, қазір барлық бастық онымен санасады. Олардың санасын да, пікірін де бүгінгі таңда өсек-аяң арқылы пәлен градусқа шыр айналдырып өзгертіп, табан астында неғып тастауға болады. Пенде болғасын бәрі де солай ғой, қабылдауына кіріп бірнеше сағат өсекті бұрқыратып жіберсең бітті. Олар өздері-ақ, неткелі тұрған нәрсесін нетпей, тіпті нетуді ойламағанын қалай нетіп жібергенін өздері де білмей қалады.

Ал, енді мені нете бер десеңдер пәлен сағат бойы нете беруге бармын. Нету жағынан келгенде, ешкімге немізді неғылмаймыз ғой. Енді сұрақтарың болса, соны нетейін!

Недеген Оңбағановичтің өзінің де ар жағындағы бірдемесі таусылған секілді сәлден соң осылай деп залға көз тастады. Залдан бір бала орнынан тұрып:

-Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманында қашанғы Сақ дәуірімен күн көреміз? ХХІ ғасырдың тыныс-тіршілігіне қашан бейімделеміз? - деп сұрады.

Профессор Недекең дегбірі қашып, екі иығын қомдап, қоразданып алды. Өңі сұралып, жүйкесі сыр беріп  кетсе де онысын жасыруға тырысып, өтірік мүләймси қалды:

-  Жақсы сұрақ. Бірақ, жағымпаздық өнерін меңгермеген адамдар ғана осылай айтады. Егер өсекті барлық деңгейдегі басшылар өте жақсы көрсе не істейміз? Біз оған да бейімделіп, күнде нетіп жүрмесек өмір сүре алмаймыз - деп сенімді түрде жауап берді.

Тыңдаушылар да әбден тарықса керек, үнсіз ғана орындарынан тұрып дәрісхананы тастап шығып жатты. Недеген Оңбағанович жарамсақтанудан әбден шаршаған арық әрі тыртиған бес саусағын  ербитіп маған ұсынды да:

-  Сен неғылмай-ақ қой. Мен аздап ғана сенікінен неткенім болмаса, өзімнің неммен неттім ғой. Оны көрдің! Білем, сен соңғы кезде аздап нетіп жүрсің. Бірақ, ылғи солай нете бермей, былай да не істеуге болады ғой. Бәріміз де пендеміз, сондықтан да нетіп қоятынымыз бар. Ол үшін ылғи неғыла берудің не керегі бар...

Профессор Недекеңнің сөзінің аяғын тыңдамай мен де шығып жүре бердім.

«Абай-ақпарат»

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2282
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1872
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552