Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 25927 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 05:55

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының Ж О Б А С Ы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының

Ж О Б А С Ы

Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының  басты шарты - қазақ тілі болып табылады.

Осы Заң қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін меңгеруін және қазақ тілінің республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

I  Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)      этникалық топ - өзiнiң тарихи отанынан тысқары елде тұрып жатқан этностың бiр бөлiгi;

2)      этникалық топ шоғырлана тұратын елді мекен - жекелеген ауыл-кент тұрғындарының 51 пайызынан астамын бір ғана этникалық топ құрайтын елді мекен;

3)      ономастика - тіл білімінің жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бір саласы;

4)      орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;

5)      топонимика - ономастиканың географиялық нысандардың атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бір саласы;

2-бап. Мемлекеттік тіл туралы заңнама

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» осы заңы 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Констиуциялық Заңына,  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.

Сонымен қатар 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ ССР Жоғарғы Советінің шешімімен қабылданған «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы, 2010 жылы қабылданған «Ел бірлігі» доктринасы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерінен тұрады.

3-бап. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының міндеті

3.1 Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етуді, қоғамда мемлекеттік тілге деген қажеттілік туғызуды қамтамасыз етеді..

3.2. Мемлекеттік тілдегі терминологияны жетілдіріп, ономастика жұмыстарын реттейді.

3.3. Мемлекеттік тілді жетілдіріп, дамытады және мемлекеттік тілдік ортаны қалыптастырады. Қазақстандағы тіл саясатын нақтылау арқылы мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін арттырады.

3.4. Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметінде, халықаралық ұйымдар мен шетелдік ұйым, кәсіпорындарда және бірлескен кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің қолданылуын реттейді.

3.5. Осы Заң жеке адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тілін және діни қауымдар мен бірлестіктердің іс-шараларының өткізілу (жүргізілу) тілін реттемейді. Азматтардың өзара қарым-қатынас тілін таңдау құқығы бар.

3.6. Мемлекеттік тілдің міндетті түрде қолданылуы Қазақстанда тұратын этникалық топтардың өз тілдерін пайдалану құқығын жоққа шығармайды және ол тілдердің абыройы мен беделіне нұқсан келтірмейді.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

4.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

4.2.  Қазақстан халқын топтастырудың негізгі факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.

5-бап. Қазақстан Республикасындағы этникалық топтардың тілі

5.1. Қазақстанда тұратын этникалық топтар тілдерінің мәртебелері бірдей болып табылады. Олардың ешқайсысына заң жүзінде артықшылық берілмейді. Әр этнос өкілдері өз ана тілінде сөйлеуге, оны дамытуға толық ерікті.

II Тарау. Мемлекеттік тілдің қолданылуы

Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы Президенті қызметінде, ҚР заң шығарушы, атқарушы органдарында, сот  жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, үкіметтік емес ұйымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс және ісқағаздарын жүргізетін ресми тіл болып табылады. Өзге тілдер қолданылған жағдайда, ісқағаздарында өзге тілдегі нұсқамен қатар мемлекеттік тілдегі нұсқасы қоса берілуі тиіс. Мемлекеттік тілдегі іс қағаз түпнұсқа болып табылады.

6-бап. Мемлекеттік тілді Президент қызметінде қолдану

6.1. Президент бекітетін Конституциялық күші бар Заңдар, Жарлықтар, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар мемлекеттік тілде әзірленіп, жүргізіледі.

6.2. Президент қызметінің құрамына кіретін агенттіктер, комитеттер, комиссиялар, кеңестер өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

7-бап. Мемлекеттік тілді заң шығарушы органдарда қолдану

7.1. ҚР Парламентінде Заң жобалары мемлекеттік тілде әзірленіп, талқыланып, қабылданады.

7.2. ҚР парламенті палаталарының және комитеттерінің отырыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

8-бап. Мемлекеттік тілді ҚР атқарушы органдарында қолдану

8.1. ҚР Үкіметінде дайындалатын Заң жобалары, бағдарламалар, Қаулылар, Ережелер, Нұсқаулар т.б. құжаттар мемлекеттік тілде дайындалып, бекітіледі.

8.2. ҚР орталық атқарушы органдары (министрліктер, комитеттер, агенттіктер) мен  жергілікті атқарушы органдары (облыс, аудан) өз қызметінде ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

8.3. ҚР Электронды үкімет жүйесіне ақпараттық технологияның соны жетістіктерін міндетті түрде мемлекеттік тілде қолданысқа енгізіп, оның барлық деңгейде мүлтіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

8.4.  ҚР Прокуратурасы, ҰҚК, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, қаржы полициясы, кеден комитеті өз жұмыстарында ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

9-бап. Мемлекеттік тілдің ҚР Сот жүйесінде қолданылуы

9.1. ҚР жоғарғы соты өз жұмысына қажетті нормативтік актілерді, Ережелерді, Нұсқауларды, Шешімдерді мемлекеттік тілде дайындап, бекітеді.

9.2. ҚР облыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық соттарында, мамандандырылған соттарда іс жүргізу мемлекеттік тілде іске асырылады. Сонымен қатар іс жүргізу өзге тілде өткен жағдайда аудармашылар қызметі пайдаланылып, ісқағаздарында мемлекеттік тілмен қатар өзге тілдегі нұсқасы қоса толтырылуы тиіс.

10-бап. Мемлекеттік тілдің жергілікті өзін өзі басқару органдары мен коммерциялық емес ұйымдарда қолданылуы

ҚР-ының жергілікті өзін өзі басқару органдары мен коммерциялық емес ұйымдарда мемлекеттік тіл қолданылады.

11-бап. Мемлекеттік тілдің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуы

11.1. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілге басымдылық беріледі, бірақ бұл өзге тілдердің қолданылуын шектемейді. Қазақ тілдік орта жасау және мемлекеттік тілді толыққанды қолдану мақсатында, телеарналардың өзге тілдегі барлық хабарлары,  олардың меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тілде ілеспе аударма арқылы берілуге міндетті.

11.2. Мемлекеттік тілде берілетін телерадио хабарлары  көрермендердің көрулеріне және тыңдауыларына қолайлы уақытта берілу міндетті.

11.3. Мемлекеттік тілді өзге тілдердің экспансиясынан қорғауды қамтамасыз ету үшін, республика аумағына импортталатын газет-журналдар мен баспа өнімдерінің жалпы көлемінің арасалмағы, өзге тілде 20 пайыз, қазақ тілінде 80 пайыз болуы шарт.

11.4. Мемлекеттің қаржысымен басылатын өзге тілдегі газет-журналдардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы болуы міндетті. Өзін-өзі қаржыландыратын өзге тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бұл талап жүрмейді.

12-бап. Мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта және жарнамада қолданылуы

12.1. Қазақстан аумағында жүргізілетін барлық түрдегі (форматтағы) көрнекі ақпарат, міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылады, көрсетіледі. Этникалық топтар шоғырлана орналасқан елді мекендерде мемлекеттік тілмен қатар сол этникалық топтың тілінің қолданылуына шектеу қойылмайды.

12.2. Меншік түріне қарамастан, Қазақстан аумағында қызмет істейтін барлық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар мемлекеттік тілде беріледі. Қажеттілік болса, жарнама мәтіндерінің аудармасы Қазақстанда тұратын этникалық топтардың тілінде де беріледі.

12.3. Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында, таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде қажеттi ақпарат болуға тиiс. Тауарлардың бағалары мемлекеттік тілде беріледі. Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары, таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiліндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.

13-бап. Мемлекеттік тілдің білім, ғылым, мәдениетте қолданылуы

13.1. Қазақстанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінде оқыту мен тәрбие мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал басқа тілдерде тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту міндетті.

13.2. Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген, мемлекет қамқорлығындағы ұйымдар мен мекемелерде оқыту, тәрбие беру жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекет қаржыландырмайтын балалар үйі мен оларға теңестірілген ұйымдарда, меншік түріне қарамастан, оқыту, тәрбие беру жұмыстары мемлекеттік тілмен қатар өзге де тілдерде жүргізілуі мүмкін.

13.3. Қазақстанда бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мемлекеттік тілде беріледі, қажеттілігіне қарай, өзге де тілдерде беріледі.

13.4.  Қазақстан Республикасы жалпы білім, бастауыш, орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейін білім беру жүйесінде мемлекеттік тілде білім алуға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының басқа тілде білім беретін жалпы білім, бастауыш, орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдарында сыныптан сыныпқа көшу, оқу орнына түсу және бітіру кезінде мемлекеттік тіл бойынша міндетті түрде емтихан тапсырылады.  Бұл емтиханның көрсеткіші жоғары оқу орындарына түскенде міндетті түрде есепке алынып, жалпы білім дәрежесін анықтайтын балл санына қосылады.

13.5. Мемлекет қазақ тіліндегі ғылыми зерттеулерге,  балалар әдебиетінің шығармаларына, әдеби шығармаларға жан-жақты қолдау жасайды. Ғылыми дәрежені ізденушілердің ғылыми жұмыстары мемлекеттік тілде қорғалады. Өзге тілдерде қорғалған ғылыми жұмыстар жоғары атттестациялық комиссияға мемлекеттік тілде аударылып тапсырылуы міндетті.

13.6. Қазақстан үкіметі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және азаматтардың әлемдік ақпарат кеңістігінен мемлекеттік тілде мағлұмат алуын қамтамасыз ету мақсатында интернеттегі тікелей аударма жүйесіне қазақ тілін енгізеді.

13.7. Республика аумағындағы кино өнімдері (телефильмдер) мемлекеттік тілде көрсетіледі.

14-бап. Мемлекеттік тілдің ономастикада қолданылуы

14.1. Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай ақ басқа да физика-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалаптасқан атаулары қазақ тілінің ережелеріне сай жазылады және  өзге тілдерге аударылмайды.

14.2. Республика аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдар мен мекемелер, меншік түріне қарамастан, өз атауларын мемлекеттік тілде беруге міндетті.

14.3. Республикалық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің атаулары қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады. Карталардың ішіндегі барлық топонимикалық атаулар бір тілде - мемлекеттік тілде беріледі.

15-бап. Мемлекеттік тілдің нотариаттық қызметте қолданылуы

Қазақстан Республикасында нотариаттық қызмет істері мемлекеттік тілде жүргізіледі. Азаматтардың талабы бойынша, мүмкіндігіне қарай, дайындалған құжаттардың өзге тілдегі аудармасы қоса беріледі.

16-бап. Мемлекеттік тілдің азаматтардың жеке құжаттарында қолданылуы

16.1. Қазақстан аумағында қолданылатын азаматтық хал актілерін анықтайтын құжаттардың  - куәліктің, паспорттың, неке туралы куәліктің, аттестаттың, дипломның, т.б мәтіндері тек қана мемлекеттік тілде жазылады. Халықаралық құжаттарда мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі де қолданылады. Кеңес үкіметі кезіндегі берілген, әлі өзінің заңдық күшін жоймаған құжаттар өзге тілде де қолданыла береді.

16.2. Қазақстан аумағында азаматтардың аты жөнін жазу әр этностың өзіне тән қалыптасқан дәстүріне сай жүргізіледі.

17-бап. Мемлекеттік тілдің жиналыстарда қолданылуы

Қазақстан аумағында билік тармақтары, өзін өзі басқару органдары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындар мен мекемелерде барлық ресми шаралар (съезд, сессия, конференция, жиналыс, мәжіліс, отырыс, мәдени шаралар, т.б.) мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажетті жағдайда, өзге тілдерге ілеспе аударманы ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді. Этникалық топтар шоғырлана орналасқан елді мекендерде мемлекеттік тілмен қатар сол этникалық топтың тілінде де жүргізілуі мүмкін.

18-бап. Мемлекеттік тілдің қаржы қызметі мен банк жүйесінде қолданылуы

18.1. Меншік түріне қарамастан, Қазақстан аумағындағы қаржы институттары, банк жүйесі, өнеркәсіп пен бизнес саласындағы ісқағаздары және статистикалық қаржылық есептері мен басқа да құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажетті жағдайда, өзге тілдерде де жүргізілуі мүмкін, бірақ мемлекеттік тілдегі мәтіні түпнұсқа болып табылады.

18.2. Ұлттық валюта, бизнес құнды қағаздары, несиелік облигациялар, тағы басқа да бизнес қауымдастығы пайдаланатын құнды қағаздар мемлекеттік тілде шығарылады.

19-бап. Мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданылуы

Қазақстанның дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.

Екiжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген тiлдерде жасалады.

Қазақстанда және шетеледерде  басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.

III Тарау. Мемлекеттік тілді қолдау мен қорғау

20-бап. Мемлекеттік тілді құқықтық қорғау

20.1. Қазақстанда мемлекеттік тілді шектеуге бағытталған заңдар немесе  нормативтік-құқықтық актілер қабылданбайды.

20.2. Мемлекеттік тілді құрметтеу Қазақстан азаматтарының   міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік пен сыйламаушылық іс-әрекеттері және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер заң бойынша жазаға тартылады.

20.3. «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның орындалу барысына тұрақты түрде бақылау жасау мақсатында Қазақстан Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентіне жыл сайын есеп беріп отырады.

21-бап. Мемлекеттік тілді қолдау

21.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар Мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасайды.

21.2. Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік тілдің рсепубликаның барлық аймақтарында бірдей қолданылуын (бірегейлікке, бірізділікке түсіру) мақсатында  ономастиканы, терминологияны, орфографияны және ұлттық әдеби тілдің нормаларын реттейтін комиссиялар құрады.

21.3. Қазақстан Үкіметі, халықаралық құқықтық принциптерге сай,  шетелдердегі қазақ диаспорасына қазақ тілін оқып-үйренуіне қаржылық, материалдық-техникалық қолдау көрсетеді және оларға қажетті педагог мамандар дайындауға жағдай жасайды.

21.4. Мемлекет Қазақстандағы әрбір азаматтың мемлекеттік тілді пайдалану құқығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.

22-бап. «Мемлекеттік тіл туралы» заңға қатысты  жауапкершілік

22.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілінің осы заңның көлемінде қолданылуы мен қорғалуын Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті, үкіметі, облыс әкімдері мен жергілікті өзін өзі басқару органдары қамтамасыз етеді.

22.2. Орталық және жергілікті органдардың, барлық меншік нысанындағы, оның ішінде шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен мекемелердің бірінші басшыларына мемлекеттік тілді қолданылуын ұйымдастыруда және жүзеге асырылуында жеке жауапкершілік жүктеледі

22.3. Қазақстанда информациялық-байланыс технология саласында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуын қамтамасыз етуге қажетті барлық жағдай жасалынады. Барлық ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қажетті ақпартаттық, финанстық жұмыстарға арналған техникалық құралдармен және программалармен қамтамасыз ету міндеті Қазақстанның Үкіметіне жүктеледі.

IV Тарау. Азаматтардың мемлекеттік тілді қолдану құқығын қамтамасыз ету

23-бап. Азаматтардың мемлекеттік тілде білім алуын қамтамасыз ету

23.1. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінде, орта және арнайы білім беру орындарында, жоғарғы оқу орындарында (бакалавриат, магистратура), мамандардың біліктілігін арттыру институттарында, меншік түріне қарамай, мемлекеттік тілде білім алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілмен қатар өз ана тілін балаларына үйрету әр ата-ананың азаматтық парызы.

23.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттің қаржысы арқылы шетелдерде білім алуға және біліктілігін көтеруге мемлекеттік тілді толық меңгерген азаматтардың жіберілуін қамтамасыз етеді.

24-бап. Азматтардың арыз, өтініш, шағымдарын қабылдау және жауап беру

Қазақстан Республикасы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамай, барлық кәсіпорындар мен мекемелер және ұйымдарда заңды тұлғалардан және жеке азаматардан түскен өтініш, арыз-талап, шағымдарға, т.б.  мемлекеттік тілде жауап берілуін қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда, жауаптың өзге тілдегі аудармасы мемлекеттік тілдегі түпнұсқасымен қоса беріледі.

25-бап. Ақпараттың мемлекеттік тілде берілуін қамтамасыз ету

Қазақстан мемлекеті билік тармақтарының барлық деңгейінен Бұқаралық Ақпарат Құралдарына берілетін ақпарат, олардың меншік түріне және ақпарат тарату тіліне қарамастан, міндетті түрде, бірінші кезекте мемлекеттік тілде беріледі.

26-бап. Мемлекеттік тілді қаржыландыру

Мемлекеттік тілді ендіруге, қолданылуы мен дамытуына бағытталған бағдарламалар мемлекеттің тарапынан қаржыландырады. Әр жыл сайын Қазақстан үкіметі мемлекеттік тілдің дамуына бағытталған қаржының жұмсалуы бойынша Парламентке есеп береді.

27-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде жұмыс істеуін қамтамасыз ету

27.1. Қазақстан үкіметі елдің барлық аймақтарында мемлекеттік тілде хабар тарататын теледидар мен радио жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

27.2. Қазақстан үкіметі елдің барлық аймақтарында мемлекеттік тілдегі мерзімді басылымдардың таралуын қамтамасыз етеді.

28-бап. Мемлекеттік тілдің азаматтық алу кезіндегі талап етілуі

Қазақстанның азаматтығын алуға үміткер шетел азаматтары қазақ тілін меңгеру деңгейін тексеруден өтеді. Мемлекеттік тілді талап етілген деңгейде меңгермеген шетелдіктерге Қазақстанның азаматтығы берілмейді.

29-бап. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік тіл туралы" Заңын Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен сәйкестендіру

Осы Заңның қолданысқа енгізілуімен "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы өзінің күшін жояды және Қазақстанның басқа да заңдарына  өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

30-бап. Осы Заңның өз  күшіне енуі

Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.

Заң жобасын дайындаған Жұмысшы тобының мүшелері:

1.      Дос Көшім -  жетекші, «Ұлт тағдыры» қозғалысынан

2.      Болат Дүйсембі - «Ұлт тағдыры» қозғалысынан

3.      Болат Бөтеев - «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағынан

4.      Марат Бөтеев - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорынан

5.      Нұржан Ошанбеков - «Мемлекеттік тіл» қозғалысынан

6.      Нұргелді Уәли - Тіл институтынан

7.      Бәшір Жаналтай - «Руханият» партиясынан

8.      Әбдірәшит Бәкірұлы - философ, публицист

Алматы, 20 қазан, 2011 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БІРІККЕН КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңы

Жоба жасау тобының жетекшілері - «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының (ҚБО) құрметті төрағасы, жазушы,

медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының иегері, профессор  Совет-Хан Ғаббасов,

ҚР мемл. сыйлығының иегері, Ғалымдар Одағының президенті, «Алаш үні» ҚБО Билер кеңесінің төрағасы,

экономика ғылымының докторы, ҰИА академигі Оразалы Сәбден

Құрамы:

«Алаш үні» ҚБО төраға орынбасары, «Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті М.Бөтеев,

«Мемлекеттік тіл» РҚҚ М.Шаханов,

Республикалық «Ұлы  дала» ҚБ төрағасы Ж.Аманұлы,

«Руханият» партиясының төрағасы С.Мәмбеталин,

«Ақ жол» партиясынан  Қ.Иса,

«Алаш» ТЗО Х.Ғабжалилов,

«Аллажар-қолдау» ҚҚ Б.Бөтеев,

«Ұлт тағдыры» қозғалысы Д.Көшім,

«Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ Б.Смағұлұлы,

«Ұлт тағдыры - Астана» ҚБ Т.Қасенов,

Мемлекет және қоғам қайраткерлері - С.Батыршаұлы, М.Матқан, Ө.Қопабаев, Ә.Қайдар, Р.Жәшиев, Т.Сейітқалиұлы, Н.Уәлиұлы, Б.Дүйсембі, Ә.Бәкірұлы, Н.Ошанбеков, М.Абаған,

ҚХА мүшелері - А.Осман, П.Феодориди, Г.Сулейманов, Р.Кушалиев, Г.Тамендиров.

Үйлестіруші:  Марат Бөтеев, «Аллажар-қолдау» ҚҚ төрағасы

nauryzbai@mail.ru,  тел. 8 (727) 225 25 11, 8 701 277 16 83

Алматы - 2011 жыл

2011 жылдың 13 шілдесі күні Алматы қаласында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан Жазушылар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлесіп өткізген  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама "Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы" атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған жиналысында 1991 жылдан бері шешімін таба алмай келе жатқан  мемлекеттік тіл мәселесін жан-жақты талқылап, 1989 жылдан бері қабылданған мемлекеттік заң актілеріне  талдау жасап, кемшілік себептерін саралау арқылы, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін ауадай қажет Еліміздегі тыныштық пен татулықты  сақтау  жолында  қазақ  тілінің  қордаланған  мәселесін шешу үшін қоғамдық негізде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасын жасайтын ЖҰМЫСШЫ ТОБЫН құрды.

Жұмысшы тобы заң жобасын өркениетті елдердің мемлекеттік тілдері туралы заңдарына сүйене отырып,

1989 жылы 22 қыркүйекте 11 сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс 14 сессиясы қабылдаған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының тіл туралы» Заңын,

1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Советінің шешімімен қабылданған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын,

1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын,

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясын,

1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған  Қазақстан Республикасы Конституциясын,

1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын,

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы Ел бірлігі доктринасын,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған «мемлекеттік бағдарламасын»,

ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3  қосымша қаулысын сараптап-саралау, талдау арқылы

және

ұлт зиялыларының ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтарын түгендей келе, тәуелсіздік жылдарында қазақ тілі, мемлекеттік тіл ретінде, ел басқару мен қоғам өмірінде әрі конституциялық, әрі заңдық мәртебесін алғанымен, оның орнын орыс тілі иеленіп тұрғанына алаңдағаннан туындаған мыңдаған үндеу, мәлімдеме, жиналыс пен конференциялардың шешімдері, жеке тұлғалар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде әзірледі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасын жасаудың алғышарттары:

Қазақ тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тілдік орта барған сайын тарылып, қолдану сапасы құлдырай түсуде. Бұл құлдырау тоқтатылмаса, белгілі бір деңгейге жеткен кезде жеке адамның да, бүткіл қоғамның да әлеуетіне бағынбайтын тілдің жоғалу, жойылу процесі (механизмі) іске қосылып, тілді сақтау жолындағы қазақ халқының күресі мен ерік-жігеріне қарамастан, тіл жұтылу, жойылу жолына түседі. Бұндай қатерді қазақ тілінің бүгінгі әдебиеттік сипатын саралау арқылы көз жеткізуге болады. Ресейлік академик Ф.П.Филиннің әдебиеттік тілдің тұжырымдамасын айқындайтын 7 белгісі бойынша анықталғаны:

1.Тілдің өңделімі (обработанность языка).

Қазақ тілі туралы арнайы заңның болмауы салдарынан Мемлекеттік тілдің өз қағидаларынан жұрдай болу қатері туындап, өзге тілдің жүйесін негіз етуге мәжбүр. Сондықтан да, қазақ тіліндегі ресми сөз орамдары түсініксіз, жалаң аударманың талабына ғана жауап беретін қасаң мәтін ретіндегі қолданыста. Осыдан барып, қазақ тілінің ресми саласы дамымай, тұтынушыларына керексіз, аудармалық статистика үшін жансыз ресми тіл саласы ретінде қалыптасуда. Бұл, әсіресе, ісжүргізім (делопроизводство) тіліне тән болуда. Кеңес өкіметі тұсында қалыптаса бастаған қазақ тілінің ресми саласы осылайша кері кету үдерісін бастан кешуде.

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғалы оны ғылыми тұрғыдан постиндустриалдық қоғам жағдайында дамыту мәселесі ашық қалып келді. Бұл мақсатта не бағдарлама, не іргелі жоба немесе дербес ғылыми зерттеу жұмыстары ұйымдастырылмай келеді.

2. Тіл қағидасының қалпы (нормированность языка).

Қазақ тілі бүгін бұрын қалыптасқан ережелерін тәрк ету үдерісін бастан кешуде. Грамматикалық ережелер тұрақсыз, дәйексіз, екіұшты және қайшылықты. Бұған себеп - аталмыш саланың мемлекеттік тұрғыдан қолға алынбауы.

Сөйлем құрылымында қазақ тіліне тән емес жүйеге негізделген көріністер дағдыға айналып, қазақ тілінің нормасына кереғар жәйттер қағидаға айналу үстінде. Қазақ тілінің өзіне тән ішкі әлеуетінен туындамаған, өзге тілдің заңдылығына бағынған қағидалар қазақ тілінің жүйесін талқандап, тіл табиғатына қайшы ережелер туындатуда. Осылайша тіл қағидасының тәрк етілуі жазбалық, ауызекілік сала бойынша жаппай көрініс беруде.

3. Тілдің тұрламы (стабильность языка).

Бүгінде қазақ тілінің лексикалық бірліктері біржақты мәнге ие емес, бір сөз алуан мағынаға ие болмаса да, түрлі сөздер жиылып бір мағына білдіруде. Осыдан барып, тілдің тұрламсыздығы туындап отыр. Қазақы ортада оны тіл байлығының көрінісі деген қасаң ұғыммен қабылдау қалыптасқан. Содан келіп, қаптаған сөздерді нақты ұғым үшін таңдауда қиындық туып, қолдануға келгенде сенімсіздік тудыруда.

Бұл да тілдің постиндустриялық сипатта дамымай, әрбір сөздің өзіне тән ұғымға қатысты лексикалық бірлік ретінде қалыптаспай қалғандығынан қордаланған мәселе.

4. Тіл стилінің салалануы (дифференциация стиля языка).

Әдебиеттік тіл өзінің ресми стилдік салалары арқылы көрініс табады. Ал, тілдің стилдік дамуы салалық терминдердің қалыптасуына тікелей қатысты. Қазақ тілінің экономика, ісжүргізім, ғылым мен техника салаларына тән әдебиеттік ресми стилдері толық қалыптаспаған. Әлеуметтік-саяси және рухани салаларға бұрынғыша стихиялық сипаттағы қолданыс тән. Өмірдің түрлі салалары бойынша ресми сипаты дамымағандығынан, қазақ тілінің қолданылымы тұрмыстық деңгеймен шектелуде.

Қазақ терминдерін қалыптастырып дамытуға, термин қорын бекітуге арналған Мемлекеттік термин комиссиясы жаңа терминдерді қазақ тілінің теориялық жүйесіне сәйкес орнықтыруға икемсіз, ғылыми сараптамадан өтпеген жасанды, тіл табиғатына жат сөздерді мәжбүрлеп заңдастыру құрылымы күйінде қалуда. Өйткені, терминком - нақты бекітілген тұжырымдама, критерийлер бойынша емес, тіпті, ғылыми кеңестердің терең талқылауынсыз термин бекіту үдерісін қалыптастырып алған, жүйесіз әрі қисынсыз, термин сөздерді түпнұсқадан емес, тек қана орысша нұсқасынан қазақшалайтын, әрекеті бұлыңғыр құрылым. Сөйтіп, ресми стилдік саланың негізі болып табылатын қазақ тілінің терминологиясы жекелеген көзқарас пен қоғамдық талғажау үдерісінің нәтижесіне айналып отыр.

5. Тілдің әмбебаптығы (универсальность языка).

Қазақ тілінің салалық дамымау салдары оның әмбебаптық қабілетіне нұқсан келтіруде. Содан барып, тілдің атқарымпаздығы (функционирование) кері кетіп отыр. Осының кесірінен қазақ тілі дербес лингвистикалық жүйеге емес, орыс тілінің аударма нұсқасына айналды. Нәтижесінде мемлекеттік тіл ақпарат беру тіліне айнала алмай, парламент пен үкіметтегі заң шығару және басқару тілі мен өндірісті меңгеру тілі бола алмауда.

Мемлекеттік (яғни, ресми) тіл - мемлекеттік міндетті атқарудың жұмыс тілі ретінде қалыптаспаған, оның орнын бірыңғай орыс тілі атқарып, ел конституциясының 7-бабының 2-тармағы «Орыс тілі қазақ тілінің орнына мемлекеттік тіл ретінде қолданылады» деген уәж ретінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан егемен болғалы қазақ тілі қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізілмей, ақырында, кеңестік кездегі қолданым аясынан да төмен құлдырауда. Қазақ тілі дипломатиялық ресми тіл ретінде қалыптаспай, өзге шетелдік тілдермен орыс тілі арқылы ғана аударма ісжүргізім деңгейінде қамтылған. Нәтижесінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі әлемдік тілдермен арақатынасы делдалсыз (орыс тілінсіз) жоққа тән.

6. Тілдің қоғамға ортақ міндеттілігі.

Қазақ тілі - әлі күнге қоғамның бар мүшесі үшін білу міндеті жүктелмеген тіл. Бұл талап қоғамның бар мүшесі түгілі мемлекеттік қызметшілер үшін орыс тілімен қатар білу міндеті жүктелмей әрі заңдастырылмай отыр. Нәтижесінде тұмыстық деңгейдегі қатынасты ескермегенде, мемлекеттік қызмет саласы біртілді (орыстілді) ортаға айналды.

Арнаулы заңмен анықталмағандықтан, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі жөніндегі 7-баптың 1-тармағы декларация түрінде ғана қалып, орыс тілінің ресми түрде қолданылуының өзі мемлекеттік мәртебелі тілден анағұрлым жоғары құзыры бар мемлекеттік нышан болып қалыптасқан. Сөйтіп, күн тәртібінде мемлекеттік тілді орыс тілімен қатар немесе сонымен тең дәрежеде қолдану мәселесі ушығуда. Қазақ тілін білудің қоғамға ортақ міндеттілігі жоқтықтан, мемлекеттік тіл отбасы мен тұрмыстық деңгейден аспауда. Бұған қоса, қазақ тілі тұтыну тілі ретінде де қалыптаспаған: дүкендерде, саудажайлар мен мейрамханаларда арнайы тілмаштар болмаса қызмет етушілерден қазақ тілінде қызмет күту барған сайын қиындай түсуде.

7. Тілдің ауызекі (фольклорлық) және жазбалық үлгілері.

Қазақ тілі - ауызекі де, жазбаша да үлгілері қалыптасқан тіл. Мемлекеттік тілдің ресми стилі аударма саланың нәтижесінде қалып отырғандықтан, дами алмауда. Кәзіргі қазақ тілі негізінен тұрмыстық деңгейдегі қолданыста болғандықтан, бір ізге түспеген әр өңірлік сипаттағы лексикалық айналым тілдің бұрын қалыптасқан ауызекі және жазбаша ресми стилдерін одан әрі дамытуға кедергі келтіруде. Оның үстіне қазақ тілі дербес ақпарат беру тілі емес, аудармалық деңгейден аса алмағандықтан да, ресми стилдің орнығуы күрделене түсуде.

Өркениетті елдерде мемлекеттік міндетті атқару жолындағы қатынас құралы болып табылатын тілді мемлекеттік немесе ресми тіл деп атау қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстандағы мемлекеттік тіл ретінде заң жүзінде бекігенімен, ол мәртебені толық түрде орыс тілі атқарып отыр.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде даму және оның қоғамдық ортадағы мойындалу деңгейін көрсететін жәйттердің өзі бұл саладағы басты кедергілер болып табылады:

1.Саяси кедергі. Тіл саясатының негізгі нысаны ретінде қазақ тілін дамыту көзделмеген, нысан ретінде оған барлық 130-дан аса этникалық топ тілдері жатқызылып отыр. Бұл тіл саясатының салиқалылығын емес, оның жүйесіздігі мен мақсатсыздығын тудырып отыр. Жүзден аса тілді бір елде дамыту мүмкін еместігі ескерілмеген. Мемлекетте мемлекеттік тіл ғана дамуға жататыны, ал қалған тілдер этникалық топтардың өзара қатынас құралы және этно-мәдени нысан ретінде қорғауға алынатыны саяси нақты мақсат ретінде айқындалмаған және саясатқа айналмаған.

Нақтыланбаған тіл саясаты мемлекеттік тілдің дамуына бірден бір саяси кедергі болып отыр. Соның нәтижесінде қазақ тілі біртұтас ұлттың қалыптасуына қажетті факторға айналмай отыр.

2.Экономикалық кедергі.

Мемлекеттік тілдің дамуына бөлініп жатқан қаржы жалпы алғанда қомақты болғанымен, Тіл комитеті тарапынан құралған бұл бюджет барынша сарапталып айқындалған мақсаттарға емес, жолайы және субъективтік пікірлердің ықпалымен анықталған бағыттар мен жобаларды қаржыландыруға жұмсалып келеді.

Қыруар қаржы бөліп тіл оқыту үдерісін ұйымдастырғаннан гөрі, тіл үйренушіге әлдеқайда тиімді тілдік орта жасақтау саясаты қолға алынбай отыр.

Мемлекеттік тілдегі ақпарат өндірісі мен өнер, білім және ғылым саласы нақты әрі айрықша экономикалық қолдау таппай отыр. Соның кесірінен бұқаралық ақпаратпен қамтудың 10 % - ы ғана қазақ тілді ақпарат өндірісі болғанымен, бұл өнімнің жартысының өзі орыс тілінің аудармалары болып табылады. Сөйтіп, қазақтілді ақпарат өндірісі индустриялық деңгейді былай қойғанда, дербес өндірістік салаға айналмауда. Ал, қазақтілді кино, әдебиет және басқа гуманитарлық өнер шетелдік экспансия ықпалынан шыға алмай, құрсауда қалып отыр. Білім беру мен ғылым саласы ең төменгі қажеттілік болып табылатын қазақ тілінде шығатын әдебиет пен оқулыққа зәрулікті бастан кешуде. Аталмыш жәйт бұл салаларға салықты төмендету, тиісті өнерақы төлеу секілді қарапайым шаралармен де қамтылмаған.

3.Менеджменттік кедергі.

Тіл комитетінің басты бағыты бұлдыр, ішкі құрылымы тиісті бағыттар мен міндеттерге сәйкестендірілмеген. Тіл комитеті мен Тілбілім институтының аражігі ажыратылмаған және Тіл комитетінің өзге салалар мен ведомстволармен қатынас деңгейі де шешілмеген.

Ал, мемлекеттік тілдің енуіне бірден бір мүдделі орган болуға тиісті Мемлекеттік қызмет агенттігінің әлі күнге мемлекеттік қызмет аясындағы мемлекеттік тілдің мәртебесін қарастырмауы мүлдем түсініксіз жәйт. Ең бастысы, мұның бәрін реттейтін «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заңның болмауы аталмыш мәселедегі парадокстық ахуалды одан әрі қоздыруда.

4.Лингвистикалық кедергі.

Қазақ тілін дамыту барысы кәзіргі кезде лингвистикалық мәселелердің шешіміне тәуелді болып отыр; әсіресе, тілдің орфографиялық және орфоэпиялық, фонетикалық және транскрипциялық, сондай-ақ ономастикалық салалар бойынша тұжырым мен стандарттың жоқтығы, қазақ тілінің одан әрі дамуы мен қоғамдық ортаға сіңісуін тұйыққа тіреуде. Қазақ тілінің лингвистикалық проблемалары жекелеген ғалымдар мен бірен-саран тіл жанашырлары тарапынан жекедара көзқарас ретінде ғана айтылып, мәлімделуде. Ғылыми конференциялар мен отырыстардың қарарлары мен шешімдері, ұсынымдары тыңғылықты іске аспауда, олар қазақ тілін дамыту мен енгізуде стратегиялық және тактикалық жұмыс жоспарын жүзеге асыратын жүйеге айналмауда.

5. Қоғамдық кедергі.

Тілдік ортаның аумағы - мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық құрылымдар және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ. Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер бұқара алдында БАҚ арқылы негізінен орыс тілінде қатынас жасайды, қазақтілді БАҚтар бұл жағынан мемлекеттік ұйымдардың аудармашысы қызметін атқаруда. Тіпті, жариясөз (пресс-релиз) үстіртін, қатемен аударыла салады болмаса көптеген мекемелерде бұқараға арналған құжаттар орыс тілінде ғана таратылып, қазақтілді баспасөз талабы орындалмайды.

6. Мемлекеттік ұйымдардың кедергісі.

Биліктің сот, парламент, үкімет тармақтарының жұмыс тілі орыс тілі болып табылады. Қазақтілді депутаттардың өздері депутаттық сұрауларын атқару билігінің өкілдері үшін орыс тілінде мәлімдеуге дағдыланған және қоғамды соған көндірген.

Ішінара жекелей жүргізілген тестілеу қорытындысына назар аударсақ: тестілеуге жергілікті атқарушы органдардан 1643 мемлекеттік қызметшінің 1352-сі, яғни 82,2 % қатысқан тестілеу қорытындысы бойынша - олардың 33,7%-ның мемлекеттік тілде іс жүргізе алатыны, 35%-ның пайызының іс жүргізуге мүмкіндігі бары, 20,3%-ның іс жүргізе алмайтындығы, 11%-ның тілді мүлде білмейтіндігі анықталды. Бұл - жергілікті деңгейде, мемлекеттік тілсіз де мемлекетті басқару мүмкіндігінің әбден орныққан көрінісі.

Қорыта келгенде, мемлекеттік ұйымдар мемлекеттік тілдің ауызекі және жазба салаларын дамытуды былай қойғанда, оны қалыптастыратындай орта бола алмауда.

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 151 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру;
терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
уәкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi

Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.

3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

5-бап. Орыс тiлiн қолдану

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы

Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.

7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол
бермеу

Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi

Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.

10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жүргiзуге құқылы.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап
тiлi

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы
тiл

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.

13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi

Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
жүргiзу тiлi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi.

15-бап. Мәмiлелер тiлi

Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары мәмiлелердi мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жасасуға құқылы.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық
ақпарат құралдары саласында

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.
Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында

Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.
Мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi.

18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi

Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi.
Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, телерадио арналары арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi хабарлардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде,
көрнекi ақпаратта

19-бап. Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын
пайдалану тәртiбi

Елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс.
Мемлекеттiк ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде транслитерация арқылы берiледi.

20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу

Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуге тиiс.

21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi

Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.
Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.
Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.
Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

22-бап. Тiл - байланыс саласында

Қазақстан Республикасының шегiнде байланыс саласында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге почта-телеграф жөнелтiлiмдерi белгiленген халықаралық ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау

23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.
Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк бағдарламамен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

24-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:
1) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) тiлдердi қолдану мен дамыту бағдарламасын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
3) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;
5) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
6) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiредi;
7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

25-1-бап. Ономастикалық комиссияның құзыретi

1. Республикалық ономастикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстардың, аудандар мен қалалардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар енгiзу;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне өз құзыретi шеңберiндегi табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар енгiзу мақсатында құрады.
2. Облыстық ономастикалық комиссияларды облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) ауылдардың (селолардың), кенттердiң, ауылдық (селолық) округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау мен енгiзу мақсатында құрады.
3. Қалалық ономастикалық комиссияларды:
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу мақсатында құрады;
2) облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу мақсатында құрады.
Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

25-2-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органының
құзыретi

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) тiлдердi қолдану мен дамытудың өңiрлiк бағдарламасын әзiрлеп, бекiтедi және оның орындалуын қамтамасыз етедi;
2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) ономастикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.
Ескерту. 25-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың (селолардың), кенттердiң, ауылдық (селолық) округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi.
Ескерту. 25-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

25-4-бап. Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының
сақталуын мемлекеттiк бақылау

Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

26-бап. <*>

Ескерту. 26-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен
қатынастарда пайдалану

27-бап. Тiл - халықаралық қызметте

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.
Екiжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген тiлдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Қазақстан Республикасы

ҚР қоғамдық бірлестіктерінің біріккен комитеті

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының

Ж О Б А С Ы

Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының  басты шарты - қазақ тілі болып табылады.

Осы Заң қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін меңгеруін және қазақ тілінің республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

I  Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)      этникалық топ - өзiнiң тарихи отанынан тысқары елде тұрып жатқан этностың бiр бөлiгi;

2)      этникалық топ шоғырлана тұратын елді мекен - жекелеген ауыл-кент тұрғындарының 51 пайызынан астамын бір ғана этникалық топ құрайтын елді мекен;

3)      ономастика - тіл білімінің жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бір саласы;

4)      орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;

5)      топонимика - ономастиканың географиялық нысандардың атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бір саласы;

2-бап. Мемлекеттік тіл туралы заңнама

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» осы заңы 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Констиуциялық Заңына,  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.

Сонымен қатар 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ ССР Жоғарғы Советінің шешімімен қабылданған «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы, 2010 жылы қабылданған «Ел бірлігі» доктринасы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерінен тұрады.

3-бап. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заңының міндеті

3.1 Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етуді, қоғамда мемлекеттік тілге деген қажеттілік туғызуды қамтамасыз етеді..

3.2. Мемлекеттік тілдегі терминологияны жетілдіріп, ономастика жұмыстарын реттейді.

3.3. Мемлекеттік тілді жетілдіріп, дамытады және мемлекеттік тілдік ортаны қалыптастырады. Қазақстандағы тіл саясатын нақтылау арқылы мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін арттырады.

3.4. Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметінде, халықаралық ұйымдар мен шетелдік ұйым, кәсіпорындарда және бірлескен кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің қолданылуын реттейді.

3.5. Осы Заң жеке адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тілін және діни қауымдар мен бірлестіктердің іс-шараларының өткізілу (жүргізілу) тілін реттемейді. Азматтардың өзара қарым-қатынас тілін таңдау құқығы бар.

3.6. Мемлекеттік тілдің міндетті түрде қолданылуы Қазақстанда тұратын этникалық топтардың өз тілдерін пайдалану құқығын жоққа шығармайды және ол тілдердің абыройы мен беделіне нұқсан келтірмейді.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

4.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

4.2.  Қазақстан халқын топтастырудың негізгі факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.

5-бап. Қазақстан Республикасындағы этникалық топтардың тілі

5.1. Қазақстанда тұратын этникалық топтар тілдерінің мәртебелері бірдей болып табылады. Олардың ешқайсысына заң жүзінде артықшылық берілмейді. Әр этнос өкілдері өз ана тілінде сөйлеуге, оны дамытуға толық ерікті.

II Тарау. Мемлекеттік тілдің қолданылуы

Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы Президенті қызметінде, ҚР заң шығарушы, атқарушы органдарында, сот  жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, үкіметтік емес ұйымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс және ісқағаздарын жүргізетін ресми тіл болып табылады. Өзге тілдер қолданылған жағдайда, ісқағаздарында өзге тілдегі нұсқамен қатар мемлекеттік тілдегі нұсқасы қоса берілуі тиіс. Мемлекеттік тілдегі іс қағаз түпнұсқа болып табылады.

6-бап. Мемлекеттік тілді Президент қызметінде қолдану

6.1. Президент бекітетін Конституциялық күші бар Заңдар, Жарлықтар, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар мемлекеттік тілде әзірленіп, жүргізіледі.

6.2. Президент қызметінің құрамына кіретін агенттіктер, комитеттер, комиссиялар, кеңестер өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

7-бап. Мемлекеттік тілді заң шығарушы органдарда қолдану

7.1. ҚР Парламентінде Заң жобалары мемлекеттік тілде әзірленіп, талқыланып, қабылданады.

7.2. ҚР парламенті палаталарының және комитеттерінің отырыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

8-бап. Мемлекеттік тілді ҚР атқарушы органдарында қолдану

8.1. ҚР Үкіметінде дайындалатын Заң жобалары, бағдарламалар, Қаулылар, Ережелер, Нұсқаулар т.б. құжаттар мемлекеттік тілде дайындалып, бекітіледі.

8.2. ҚР орталық атқарушы органдары (министрліктер, комитеттер, агенттіктер) мен  жергілікті атқарушы органдары (облыс, аудан) өз қызметінде ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

8.3. ҚР Электронды үкімет жүйесіне ақпараттық технологияның соны жетістіктерін міндетті түрде мемлекеттік тілде қолданысқа енгізіп, оның барлық деңгейде мүлтіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

8.4.  ҚР Прокуратурасы, ҰҚК, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, қаржы полициясы, кеден комитеті өз жұмыстарында ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

9-бап. Мемлекеттік тілдің ҚР Сот жүйесінде қолданылуы

9.1. ҚР жоғарғы соты өз жұмысына қажетті нормативтік актілерді, Ережелерді, Нұсқауларды, Шешімдерді мемлекеттік тілде дайындап, бекітеді.

9.2. ҚР облыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық соттарында, мамандандырылған соттарда іс жүргізу мемлекеттік тілде іске асырылады. Сонымен қатар іс жүргізу өзге тілде өткен жағдайда аудармашылар қызметі пайдаланылып, ісқағаздарында мемлекеттік тілмен қатар өзге тілдегі нұсқасы қоса толтырылуы тиіс.

10-бап. Мемлекеттік тілдің жергілікті өзін өзі басқару органдары мен коммерциялық емес ұйымдарда қолданылуы

ҚР-ының жергілікті өзін өзі басқару органдары мен коммерциялық емес ұйымдарда мемлекеттік тіл қолданылады.

11-бап. Мемлекеттік тілдің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуы

11.1. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілге басымдылық беріледі, бірақ бұл өзге тілдердің қолданылуын шектемейді. Қазақ тілдік орта жасау және мемлекеттік тілді толыққанды қолдану мақсатында, телеарналардың өзге тілдегі барлық хабарлары,  олардың меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тілде ілеспе аударма арқылы берілуге міндетті.

11.2. Мемлекеттік тілде берілетін телерадио хабарлары  көрермендердің көрулеріне және тыңдауыларына қолайлы уақытта берілу міндетті.

11.3. Мемлекеттік тілді өзге тілдердің экспансиясынан қорғауды қамтамасыз ету үшін, республика аумағына импортталатын газет-журналдар мен баспа өнімдерінің жалпы көлемінің арасалмағы, өзге тілде 20 пайыз, қазақ тілінде 80 пайыз болуы шарт.

11.4. Мемлекеттің қаржысымен басылатын өзге тілдегі газет-журналдардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы болуы міндетті. Өзін-өзі қаржыландыратын өзге тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бұл талап жүрмейді.

12-бап. Мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта және жарнамада қолданылуы

12.1. Қазақстан аумағында жүргізілетін барлық түрдегі (форматтағы) көрнекі ақпарат, міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылады, көрсетіледі. Этникалық топтар шоғырлана орналасқан елді мекендерде мемлекеттік тілмен қатар сол этникалық топтың тілінің қолданылуына шектеу қойылмайды.

12.2. Меншік түріне қарамастан, Қазақстан аумағында қызмет істейтін барлық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар мемлекеттік тілде беріледі. Қажеттілік болса, жарнама мәтіндерінің аудармасы Қазақстанда тұратын этникалық топтардың тілінде де беріледі.

12.3. Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында, таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде қажеттi ақпарат болуға тиiс. Тауарлардың бағалары мемлекеттік тілде беріледі. Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары, таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiліндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.

13-бап. Мемлекеттік тілдің білім, ғылым, мәдениетте қолданылуы

13.1. Қазақстанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінде оқыту мен тәрбие мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал басқа тілдерде тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту міндетті.

13.2. Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген, мемлекет қамқорлығындағы ұйымдар мен мекемелерде оқыту, тәрбие беру жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекет қаржыландырмайтын балалар үйі мен оларға теңестірілген ұйымдарда, меншік түріне қарамастан, оқыту, тәрбие беру жұмыстары мемлекеттік тілмен қатар өзге де тілдерде жүргізілуі мүмкін.

13.3. Қазақстанда бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мемлекеттік тілде беріледі, қажеттілігіне қарай, өзге де тілдерде беріледі.

13.4.  Қазақстан Республикасы жалпы білім, бастауыш, орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейін білім беру жүйесінде мемлекеттік тілде білім алуға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының басқа тілде білім беретін жалпы білім, бастауыш, орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдарында сыныптан сыныпқа көшу, оқу орнына түсу және бітіру кезінде мемлекеттік тіл бойынша міндетті түрде емтихан тапсырылады.  Бұл емтиханның көрсеткіші жоғары оқу орындарына түскенде міндетті түрде есепке алынып, жалпы білім дәрежесін анықтайтын балл санына қосылады.

13.5. Мемлекет қазақ тіліндегі ғылыми зерттеулерге,  балалар әдебиетінің шығармаларына, әдеби шығармаларға жан-жақты қолдау жасайды. Ғылыми дәрежені ізденушілердің ғылыми жұмыстары мемлекеттік тілде қорғалады. Өзге тілдерде қорғалған ғылыми жұмыстар жоғары атттестациялық комиссияға мемлекеттік тілде аударылып тапсырылуы міндетті.

13.6. Қазақстан үкіметі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және азаматтардың әлемдік ақпарат кеңістігінен мемлекеттік тілде мағлұмат алуын қамтамасыз ету мақсатында интернеттегі тікелей аударма жүйесіне қазақ тілін енгізеді.

13.7. Республика аумағындағы кино өнімдері (телефильмдер) мемлекеттік тілде көрсетіледі.

14-бап. Мемлекеттік тілдің ономастикада қолданылуы

14.1. Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай ақ басқа да физика-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалаптасқан атаулары қазақ тілінің ережелеріне сай жазылады және  өзге тілдерге аударылмайды.

14.2. Республика аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдар мен мекемелер, меншік түріне қарамастан, өз атауларын мемлекеттік тілде беруге міндетті.

14.3. Республикалық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің атаулары қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады. Карталардың ішіндегі барлық топонимикалық атаулар бір тілде - мемлекеттік тілде беріледі.

15-бап. Мемлекеттік тілдің нотариаттық қызметте қолданылуы

Қазақстан Республикасында нотариаттық қызмет істері мемлекеттік тілде жүргізіледі. Азаматтардың талабы бойынша, мүмкіндігіне қарай, дайындалған құжаттардың өзге тілдегі аудармасы қоса беріледі.

16-бап. Мемлекеттік тілдің азаматтардың жеке құжаттарында қолданылуы

16.1. Қазақстан аумағында қолданылатын азаматтық хал актілерін анықтайтын құжаттардың  - куәліктің, паспорттың, неке туралы куәліктің, аттестаттың, дипломның, т.б мәтіндері тек қана мемлекеттік тілде жазылады. Халықаралық құжаттарда мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі де қолданылады. Кеңес үкіметі кезіндегі берілген, әлі өзінің заңдық күшін жоймаған құжаттар өзге тілде де қолданыла береді.

16.2. Қазақстан аумағында азаматтардың аты жөнін жазу әр этностың өзіне тән қалыптасқан дәстүріне сай жүргізіледі.

17-бап. Мемлекеттік тілдің жиналыстарда қолданылуы

Қазақстан аумағында билік тармақтары, өзін өзі басқару органдары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындар мен мекемелерде барлық ресми шаралар (съезд, сессия, конференция, жиналыс, мәжіліс, отырыс, мәдени шаралар, т.б.) мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажетті жағдайда, өзге тілдерге ілеспе аударманы ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді. Этникалық топтар шоғырлана орналасқан елді мекендерде мемлекеттік тілмен қатар сол этникалық топтың тілінде де жүргізілуі мүмкін.

18-бап. Мемлекеттік тілдің қаржы қызметі мен банк жүйесінде қолданылуы

18.1. Меншік түріне қарамастан, Қазақстан аумағындағы қаржы институттары, банк жүйесі, өнеркәсіп пен бизнес саласындағы ісқағаздары және статистикалық қаржылық есептері мен басқа да құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажетті жағдайда, өзге тілдерде де жүргізілуі мүмкін, бірақ мемлекеттік тілдегі мәтіні түпнұсқа болып табылады.

18.2. Ұлттық валюта, бизнес құнды қағаздары, несиелік облигациялар, тағы басқа да бизнес қауымдастығы пайдаланатын құнды қағаздар мемлекеттік тілде шығарылады.

19-бап. Мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданылуы

Қазақстанның дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.

Екiжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген тiлдерде жасалады.

Қазақстанда және шетеледерде  басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.

III Тарау. Мемлекеттік тілді қолдау мен қорғау

20-бап. Мемлекеттік тілді құқықтық қорғау

20.1. Қазақстанда мемлекеттік тілді шектеуге бағытталған заңдар немесе  нормативтік-құқықтық актілер қабылданбайды.

20.2. Мемлекеттік тілді құрметтеу Қазақстан азаматтарының   міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік пен сыйламаушылық іс-әрекеттері және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер заң бойынша жазаға тартылады.

20.3. «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның орындалу барысына тұрақты түрде бақылау жасау мақсатында Қазақстан Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентіне жыл сайын есеп беріп отырады.

21-бап. Мемлекеттік тілді қолдау

21.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар Мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасайды.

21.2. Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік тілдің рсепубликаның барлық аймақтарында бірдей қолданылуын (бірегейлікке, бірізділікке түсіру) мақсатында  ономастиканы, терминологияны, орфографияны және ұлттық әдеби тілдің нормаларын реттейтін комиссиялар құрады.

21.3. Қазақстан Үкіметі, халықаралық құқықтық принциптерге сай,  шетелдердегі қазақ диаспорасына қазақ тілін оқып-үйренуіне қаржылық, материалдық-техникалық қолдау көрсетеді және оларға қажетті педагог мамандар дайындауға жағдай жасайды.

21.4. Мемлекет Қазақстандағы әрбір азаматтың мемлекеттік тілді пайдалану құқығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.

22-бап. «Мемлекеттік тіл туралы» заңға қатысты  жауапкершілік

22.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілінің осы заңның көлемінде қолданылуы мен қорғалуын Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті, үкіметі, облыс әкімдері мен жергілікті өзін өзі басқару органдары қамтамасыз етеді.

22.2. Орталық және жергілікті органдардың, барлық меншік нысанындағы, оның ішінде шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен мекемелердің бірінші басшыларына мемлекеттік тілді қолданылуын ұйымдастыруда және жүзеге асырылуында жеке жауапкершілік жүктеледі

22.3. Қазақстанда информациялық-байланыс технология саласында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуын қамтамасыз етуге қажетті барлық жағдай жасалынады. Барлық ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қажетті ақпартаттық, финанстық жұмыстарға арналған техникалық құралдармен және программалармен қамтамасыз ету міндеті Қазақстанның Үкіметіне жүктеледі.

IV Тарау. Азаматтардың мемлекеттік тілді қолдану құқығын қамтамасыз ету

23-бап. Азаматтардың мемлекеттік тілде білім алуын қамтамасыз ету

23.1. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінде, орта және арнайы білім беру орындарында, жоғарғы оқу орындарында (бакалавриат, магистратура), мамандардың біліктілігін арттыру институттарында, меншік түріне қарамай, мемлекеттік тілде білім алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілмен қатар өз ана тілін балаларына үйрету әр ата-ананың азаматтық парызы.

23.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттің қаржысы арқылы шетелдерде білім алуға және біліктілігін көтеруге мемлекеттік тілді толық меңгерген азаматтардың жіберілуін қамтамасыз етеді.

24-бап. Азматтардың арыз, өтініш, шағымдарын қабылдау және жауап беру

Қазақстан Республикасы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамай, барлық кәсіпорындар мен мекемелер және ұйымдарда заңды тұлғалардан және жеке азаматардан түскен өтініш, арыз-талап, шағымдарға, т.б.  мемлекеттік тілде жауап берілуін қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда, жауаптың өзге тілдегі аудармасы мемлекеттік тілдегі түпнұсқасымен қоса беріледі.

25-бап. Ақпараттың мемлекеттік тілде берілуін қамтамасыз ету

Қазақстан мемлекеті билік тармақтарының барлық деңгейінен Бұқаралық Ақпарат Құралдарына берілетін ақпарат, олардың меншік түріне және ақпарат тарату тіліне қарамастан, міндетті түрде, бірінші кезекте мемлекеттік тілде беріледі.

26-бап. Мемлекеттік тілді қаржыландыру

Мемлекеттік тілді ендіруге, қолданылуы мен дамытуына бағытталған бағдарламалар мемлекеттің тарапынан қаржыландырады. Әр жыл сайын Қазақстан үкіметі мемлекеттік тілдің дамуына бағытталған қаржының жұмсалуы бойынша Парламентке есеп береді.

27-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде жұмыс істеуін қамтамасыз ету

27.1. Қазақстан үкіметі елдің барлық аймақтарында мемлекеттік тілде хабар тарататын теледидар мен радио жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

27.2. Қазақстан үкіметі елдің барлық аймақтарында мемлекеттік тілдегі мерзімді басылымдардың таралуын қамтамасыз етеді.

28-бап. Мемлекеттік тілдің азаматтық алу кезіндегі талап етілуі

Қазақстанның азаматтығын алуға үміткер шетел азаматтары қазақ тілін меңгеру деңгейін тексеруден өтеді. Мемлекеттік тілді талап етілген деңгейде меңгермеген шетелдіктерге Қазақстанның азаматтығы берілмейді.

29-бап. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік тіл туралы" Заңын Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен сәйкестендіру

Осы Заңның қолданысқа енгізілуімен "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы өзінің күшін жояды және Қазақстанның басқа да заңдарына  өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

30-бап. Осы Заңның өз  күшіне енуі

Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.

Заң жобасын дайындаған Жұмысшы тобының мүшелері:

1.      Дос Көшім -  жетекші, «Ұлт тағдыры» қозғалысынан

2.      Болат Дүйсембі - «Ұлт тағдыры» қозғалысынан

3.      Болат Бөтеев - «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағынан

4.      Марат Бөтеев - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорынан

5.      Нұржан Ошанбеков - «Мемлекеттік тіл» қозғалысынан

6.      Нұргелді Уәли - Тіл институтынан

7.      Бәшір Жаналтай - «Руханият» партиясынан

8.      Әбдірәшит Бәкірұлы - философ, публицист

Алматы, 20 қазан, 2011 жыл

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2265
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1860
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550