Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2114 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 06:05

Алматыда ұсталған алаяқтар тобы азаматтарды $1 млн-ға алдап кеткен

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Алматыда ұсталған алаяқтар тобының азаматтарға келтірген шығыны шамамен $1 млн құрады, деп хабарлады жұма күні қалалық ІІД.

«Заңсыз сатылған пәтерлердің шын иелеріне келтірілген шығынның жалпы сомасы $685 мың және Т40,6 млн құраған. Қылмысты тергеуге кіріскен тергеушілер бір тәуліктің ішінде ұсталғандардың осындай әдіспен жасалған тағы 3 алаяқтыққа қатысы барын дәлелдей алды», - деп хабарлайды полиция.

ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Сарымсақовтың айтуынша, алаяқтар алғаш рет биыл мамыр айында 3 бөлмелі пәтермен алаяқтық жасаған.

«Фигуранттар мәміле жасау орындарын жиі өзгертіп, аса сақтық танытқан. Үнемі жалған құжаттармен әрекет еткен, өздері туралы нақты мәліметтерді жарияламаған. Олардан зардап шеккен азаматтардың саны әлі де көп болуы мүмкін. Оперативті қызметкерлер олардың әрекеттерінен зардап шеккен басқа адамдарды анықтаумен айналысып жатыр», - деді ІДД өкілі.

Мұның алдында хабарланғандай, өткен бейсенбі күні Алматының Медеу ауданында қымбат тұратын жылжымайтын мүлікті сатумен алаяқтық жасаған бір топ адам ұсталған.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар өздері жасаған жалған нотариалдық кеңседе элиталық тұрғын үй кешеніндегі біреудің $300-350 тұратын пәтерін $245 мыңға сатып жатқан жерінен ұсталған.

Ұсталғандардың арасында өзін пәтердің қожайыны етіп таныстырған, бұрын экономикалық қылмыс үшін сотталған 45 жасар ер адам, пәтерді жалға алған 44 жасар ер адам, осыдан 8 эыл бұрын юриспруденция саласында жұмыс істеген 40 жасар жалған нотариус, оның «ассистенті» мен «хатшысы» болған, дейді полиция өкілдері.

«Олардан жалған құжаттар жасау үшін қолданылған түрлі-түсті принтер, сканер, басқа ұйымдастыру техникасы тәркіленді. Қазіргі уақытта фигуранттардың осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, оларға қатысты ҚР ҚК 177 бабының 3 бөлімінде қарастырылған қылмыстың (ұйымдасқан топтың ірі көлемде жасаған алаяқтығы) белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалады», - деп хабарлайды полициядағылар.

0 пікір