Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2282 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 06:04

Алматыда алғаш рет армрестлингтен әлем чемпионаты өтеді

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ - Алматыда қарашаның 28-і мен желтоқсанның 4-і аралығында армрестлингтен 33-ші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.

«Әлемнің 52 елінен 1500-ден аса спортшы келеді деп жоспарланған», - делінген ұйымдастыру комитетінің бейсенбі күні таратқан ақпаратында.

Армрестлингтен соңғы екі чемпионатИталия мен АҚШ-та өткен. Биыл бұл құрметті эстафетаны Қазақстан қабылдады.

Еске сала кетейік, мұның алдында 13-16 қазанда Польшада өткен армрестлингтен әлем кубогында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған болатын. Қазақстанның намысын 12 спортшы, атап айтқанда, үш дүркін әлем чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері тараздық Магомед Жүсіпов, жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы чемпионаттардың жүлдегері Александр Гетало (Талғар), әлем чемпионы Дмитрий Трубин (Тараз), Медет Оразбеков (Шардара, ОҚО), Елена Лысов (Талғар) және т.б. қорғаған болатын.

Армрестлинг ежелгі спорт түрі, 1960-шы жылдары АҚШ-та қайта жаңғыртылды. 1962 жылдың қырқүйегінде Калифорния штатының Петалума қаласында алғашқы әлем чемпионаты өткізілді. 1990-шы жылдары бұл спорт Ресейде кеңінен тарады.

Армрестлингтің олимпиадалық спорт түрлеріне жатпайтынына қарамастан, қол күрес әлемнің көптеген елдерінде жақсы танымал.

0 пікір