Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2455 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 05:57

Ұлттық банк 1 қарашадан бастап 2 банктің лицензиясының күшін тоқтатты

Алматы. 4 қараша.ҚазТАГ - ҚР Ұлттық банкі «ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ АҚ мен «Сенім Банк» АҚ-ның банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясының күшін 6 ай мерзімге тоқтатты, делінген Ұлттық банктің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҚК) сайтында.

2 банкке қатысты лицензиялардың күшін тоқтату мерзімі 2011 жылдың 1 қарашасынан есептеледі.

«ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011 жылдың 28 қазанындағы № 173 қаулысымен «ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ АҚ 2006 жылдың 16 қазанында берілген №73 банктердің ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясының күші жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік есепшоттарын ашу бойынша алты ай мерзімге тоқтатылады», - делінген ақпаратта.

«ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011 жылдың 28 қазанындағы № 174 қаулысымен «Сенім Банк» АҚ-ына 2008 жылдың 26 қырқүйегінде берілген №204 банктердің ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясының күші жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік есепшоттарын ашу бойынша алты ай мерзімге тоқтатылады», - делінген ақпаратта.

Банктердің лицензияларын тоқтату себептері аталмаған.

«ТАИБ Қазақ Банкі» АҚ активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның банк жүйесінде 35-ші орын алады. Ұлттық банктің ҚҚК мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың 1 қазанында банктің активтері Т5,87 млрд, жеке капиталы Т3,69 млрд болған. Банктің 9 айдағы жабылмаған таза шығыны Т46,28 млнкөлемінде түзілді.

«Сенім Банк» АҚ ҚР банк жүйесінде активтерінің көлемі бойынша 37-ші орында. Ұлттық банктің ҚҚК мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың 1 қазанында банктің активтері Т5,06 млрд, жеке капиталы Т2,42 млрд болған. 9 айдағы таратылмаған таза кірісі - Т2,27 млн.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1271
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1160
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 901
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030