Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3475 8 пікір 18 Мамыр, 2020 сағат 12:15

2 жаста шығатын тіл, 30 жыл бойы шықпай жатыр...Неге?

Меніңше қазақ әлі сол баяғы Абайды сансыратқан санадан арылмаған... жалқау, енжар, талапсыз, өсек, даңғой, мақтаншақ... Неге? Қазақ десе өзіне тиеді.. жапон анау қазақтар өз тарихына мәдениетіне тіліне ұлтына жауапсыз дейді... Рас! Әйтпесе екі жаста шығатын тіл, отыз жыл бойы шықпай жатыр...Неге? Шариғатша қарасаң, бірінің етін бірі жеп отыр. Яғни бір бірінен пара алады... Осы елдік пе? Жоқ. Таза құлдық, отарлық... Әділет жоқ елде коррупция жайлайды. Рас! Ұлт ше..мінезі жоқ ұлттың болашағы көмескі... қазақы мінез туралы этнографиялық сөздіктерден табасың, тапсаң.. билік те, қоғамдық институт та рияға, театр ға, ойынға дағдыланған әбден. Ұрпақтар арасында сенім үзілген... дін проблема. Асылы дін проблема шешуші институт ал бізде ол басты дерт, проблема. Білім беру эксперимент процесінде...ғылым трайбализмге құрылған.. сот - құқық айран ішкендерге емес, шелек жалағандарға әлім жеттік жасайды. Қызмет бизнес сатулы.. партия ... іші қуыс. Саяси сана мүгедек. қарап отырсаң түңілесің...сосын өтірік күлесің...өтірік жылайсың.. құр сүлде... Махаббат, рақым, мейірім сұрап алмасаң, ешкім бермейді..Құндылық деген құнсызданған...бір ақ тірек бар: Алладан үміт үзілмес...

Досай Кенжетайдың желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір