Сенбі, 4 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 5871 6 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 14:36

Ким өз жерлестеріне келгенде «жыланып» отыр ма?

Сурет oinet.kz сайтынан алынды

2-мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, оңтүстіктегі Мақтарал ауданының бірнеше ауылын су басты. Арада алты күн өткенде зардап шеккен Мақтаралдықтарға өзбек олигархы Әлішер Усманов 5 млн. 202 мың доллар ақша аударды.

Усманов бөлген қаражат желіде біраз талқы болды. Қоғамдық пікірдің дені «осындай сын сағатта қазақтағы дәу қалталы дөкейлер неге үнсіз отыр» деген ауанда өрбіді. Артынша, Болат Өтемұратов қоры Мақтаралдықтарға 6 миллион доллар аударғаны туралы ақпарат шықты.

Алайда, Қазақстанда Өтемұратовтан өзге Forbes тізімінен түспейтін ең дәулетті 50 бай бар ғой. Ең бай елуліктің тізімін бастап тұрған - Владимир Ким.

Дәулеті 4,5 млрд.доллар деп есептелетін «Қазақмыстың» иесі басқа-басқа емес, дәл сол зардап шеккен Мақтарал ауданының, онда да үй-жайы қызылсудың астында қалып, халқы бас сауғалап босып кеткен Мырзакент ауылының тумасы екен.

Ким Владимир Сергеевич. Успешные уроженцы Шымкента (Южного ...

«Wikipedia-дағы» деректе: «Владимир Ким - 1960 жылы қазан айында Мақтарал ауданы, Мырзакент ауылында дүниеге келген», деп көрсетіліпті.

Ол Алматыдағы Политехникалық институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген соң, комсомол ұйымдарында қызмет атқарған.

1995 жылы «Жезказганцветмет» АҚ басқарушы директоры және бас атқарушы директоры болып тағайындалды. 2000 жылдың желтоқсанында осы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ал, 2005 жылы ол Лондон биржасындағы өз акцияларын тіркеген алғашқы компания – «Қазақмыс» тобы директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2017 жылы басталып, 2018 жылы жалғасатын мыс бағасының өсуі ол басқаратын «KAZ Minerals PLC» компаниясына оң әсер етті. Мәселен, өткен жылдың маусым айының басында компанияның Лондон қор биржасындағы бағасы 1076 пенске жетіп, соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болған. Бұл кезде кәсіпкер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің 70%-іне ие болған.

Одан бөлек, Ким «Bank RBK» АҚ-ның 99,60 пайызына және «Қазақалтын» АҚ-ның 25%-ына иелік етеді.

Владимир Ким 2019 жылы «Forbes» рейтингі бойынша бірінші рет әлемдегі ең бай 500 адамның қатарына кірді.

Әлемдік рейтингте 766-орыннан 424-орынға көтеріліп, байлығы 1,4 млрд. долларға өскен. Ал, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында «KAZ Minerals PLC» өнімдерін сатудан түскен кіріс $1,052 млрд. болыпты.

Қазіргі уақта Кимнің жылдық табысы 4,5 млрд. долларды құрайды екен. Ал, әлемдік нарықта «Қазақмыстың» құны шамамен 12 миллиард 700 миллион долларға бағаланатын көрінеді.

Сондай-ақ, Владимир Сергеевич Қазақстандағы ең дәулетті 50 кәсіпкердің тізімінде 1-ші, ең ықпалды 50 байдың қатарында 2-ші орында.

Осындай дәу қалталы дөкей жігіт тасқын судан зардап шеккен жерлестеріне көмектесуге келгенде сараңдық танытқан секілді.  Рас, өзбек олигархы Әлішер Усманов секілді  Мақтааралдағы 5 мың адамға 1000 доллардан үлестіріп бермесе де, экс-президент құрған қорға қаражат аударыпты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, коронавирусқа қарсы күрес мақсатында құрылған «Birgemiz» қорына 2 миллиард 220 миллион теңге қаржы аударғаны белгілі болды. Ол үшін Н. Назарбаев «Қазақмыс» корпорациясының басшылығына алғыс та айтқан.

«Birgemiz» қорына біраз қаражат жиналды. Осынау қиын кезеңде мұқтаждарға көмек ұйымдастыру мақсатымен менің қор құру жөніндегі бастамамды қолдағаны үшін Қазақстанның бизнес қауымдастығына алғыс айтқым келеді. Мен «ERG» компаниялар тобының басшылығы А.Машкевичке, А.Ибрагимовқа, П.Шодиевке, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы В.Кимге, О.Новачукке, Э.Огайға, сондай-ақ Т.Құлыбаевқа, Б.Өтемұратовқа, Р.Сәрсеновке, А.Клебановқа, Ғ.Есеновке, А.Рақымбаевқа, А.Беловичке, Қ.Боранбаевқа, Қ.Шәріпбаевқа және тағы да басқа азаматтарға алғыс білдіремін», - деген еді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Screenshot_1.jpg

(Сурет oinet.kz сайтынан алынды)

Түйін. Сонымен, елдегі ең бай елуліктің көшін бастап тұрған Владимир Сергеевич Ким кешегі су басқан Мақтаралдың тумасы екенін айттық. Әлемдегі ең бай 500 адамның қатарына кіретінін де жаздық.

Өзбекте туып, орыста жүріп байыған миллиардер Усмановтың қазаққа қылған қайырым ісін өткенде көрдік. Рас, біздікілер Усмановтармен қалта теңестіре алмайтын шығар. Десе де, жоғарыдағы ерекше ауқаттылардың тізімінен түспейтін елу байдың көшін бастап тұрған Владимир мырза Ким басқа-басқа емес, өз жерлердеріне келгенде «жыланып» отыр ма? Олай деп топшылайтынымыз - Владимир Ким су тасқынынан зардап шеккен ағайынға көмектесіпті деген ешбір ақпарат таба алмадық.  Асырып, артық қылмаса да, Өтемұратов пен Усмановтар берген қаржыны қайырымдылыққа бергеннен Кимнің қалтасы ортайып қалмас еді-ау...

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz 

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1113
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 848
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 994