Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 4908 6 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 14:30

Ауыр атлет Илья Ильин директор болды

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин спорттық мансабын аяқтап, Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры болып тағайындалды.

«Бүгін мені Қызылорда қаласының «Мұз Айдыны» кешенінің басшысы қылып тағайындады!

Бұл менің спорт саласындағы алғашқы басқарушылық қызметім.

Маған сәттілік тілеңіздер! Тағайындау облыс әкімінің орынбасары Серік Абжалиұлы Ахметовтен қабылданды» - деп жазды Ильин инстаграм желісіндегі жеке парақшасында.

 

Илья Ильин 1988 Қызылорда қаласында дүниеге келген. 32 жастағы ауыр атлет 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

Ал 2016 жылы допинг дауынан кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медальдарын қайтарып берген болатын.

Abai.kz

6 пікір