Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
1818 4 пікір 9 Сәуір, 2020 сағат 10:22

Карантин кезінде «Nur Otan» партиясына онлайн өтініш беру 2 есеге артқан

Жуырда ғана Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған Гүлшара Әбдіқалықова күні кеше «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалына төраға болып сайланды.

Нақтырақ айтсақ, жетекші партияның кезектен тыс конференциясы барысында Гүлшара Наушақызы партияның облыстық филиалының тізгінін ұстады. Ал, елімізде енгізілген коронавирус пандемиясымен күрес шараларының негізінде енгізілген шектеулерге байланысты партия жиыны алғаш рет онлайн режимде өткізілді.

Онлайн жиын барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференц байланысы арқылы сөз сөйлеп, еліміздегі қазіргі кездегі ахуалға тоқталып өтті. Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» партиясының қызметі қайта бағдарланғанын айтты.

Айт кету керек, бүгінде НұрОтан партиясының барлық ресурсы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж қазақстандықтарға көмек ұйымдастыру шараларын қолдауға жұмылдырылған.

-Елбасының бүгін жарық көрген мақаласында «Әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажеттігін айтты. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс, - деді Бауыржан Байбек.

Ал, партияның өңірлік филиалы осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, Мемлекет басшысы жариялаған дағдарысқа қарсы барлық шаралардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау керектігі жөнінде айтылды.

Бүгінде Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, карантин тәртібіне орай, 13 наурыздан бастап партияның барлық қоғамдық қабылдау бөлімдерінде азаматтарды қабылдау жұмыстары уақытша тоқтатылып, онлайн режимге көшірілген. Сәйкесінше, аталған партияға онлайн режимде өтініш беру 2 есеге, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде - 4 есе, WhatsApp желісі арқылы - 7 есеге артқан.

Жолданған мәселелерге байланысты партияның аймақтық филиалдарына әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен барлық өтініштерді тіркеу және қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау үшін нақты тапсырма берілген. Бұл тұрғыда Бауыржан Байбек азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында сенім телефондарын енгізу қажеттігін айтты.

-Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету және тұрғындардан түскен телефон қоңырауларды реттеу мақсатында сенім телефондары жұмыстарын ұйымдастыру қажет -, деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы аясында партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңестерінің жұмысы күшейтілген. Барлық өңірлік «Birgemiz» қорларында жұмыс қызу жүргізілуде. Тек Қызылорда облысының өзінде 2 мыңдай отбасы атаулы көмекке ие болған.

Бауыржан Байбек жуырда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған Гүлшара Әбдіқалықованың кандидатурасын партияның облыстық филиалының төрағалығына ұсына отырып, оның Мемлекеттік хатшы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы ретінде елімізде гендерлік саясаттың іске асырылуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

-Жуырда Қызылорда облысына Елбасы келісімімен, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы әкім болып тағайындалды. Ол – елімізде облыс басқаруға тағайындалған бірінші әйел әкім. Осы Сыр өңірінің тумасы. Елбасы еліміздің сайланбалы органдарында әйел азаматтардың үлесін 30%-ке жеткізуді тапсырғанын білесіздер.  Бұл қадам осы үрдіске жақсы жол ашып отыр. Сонымен бірге Орталық аппарат қазіргі кезде партияішілік таңдау – праймеризді өткізуде онлайн-технологияны пайдалану жолдарын пысықтауда, сол кезде осыны ескеретін боламыз, - деді ол.

Өз кезегінде Гүлшара Әбдіқалықова партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев пен партияластардың өзіне артқан сенімі үшін алғысын білдірді.

-Біздің алдымызда ең бірінші кезекте, Елбасы атап өткендей, партияның барлық ресурстарын президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылатын жұмыстарға бағыттау міндеті тұр. Сондықтан партия үшін ең маңызды мәселе - осындай қиын кезеңде халықпен бірге болып, оларға барынша қолдау көрсету - Гүлшара Наушақызы.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі әрбір облыстың, аудан мен қаланың алдағы 5 жылға арналған жаңа даму бағдарламаларын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Аталған аймақтық даму бағдарламаларында әрбір өңірдің жергілікті ерекшелігі ескеріле отырып, әрбір азаматтың нақты қажеттіліктері көрініс табады. Елбасының тапсырмасы бойынша партия төрағасының Бірінші орынбасары осы кезге дейін Атырау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл және басқа да облыстардың шалғай ауылдарына дейін аралап, өңірлердің жай-күйімен тікелей танысып шықты.

Ал, соңғы жарты жылда Бауыржан Байбек Қызылорда облысының бірқатар аудандарында екі рет болып, тұрғындармен кездескен болатын.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек "Nur Otan" партиясының алдағы уақыттағы міндеттерін белгілеп, сайлауалды штабтың жұмысына белсенді қатысқан партия мүшелерін Президенттің Алғыс хатымен марапаттаған еді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында "Nur Otan" партиясының 51333 мүшесі  мен 245 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. 2018 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына аймақ тұрғындарынан 3196 өтініш түсіп, олардың 35,5 пайызы оң шешімін тапқан. Ал ағымдағы жылдың 6 айында 1738 өтініш келіп түскен. Олардың 80 пайызға жуығы әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, жұмыспен қамту секілді мәселелерден құралған. Осы өтініштердің 28,1 пайызы оң нәтижесін тапқан.

Осылайша, еліміздегі қиын жағдайда ел жанынан табылған жетекші партия жұмысы әр аймақта да қарқынды жүргізілмек. Сонымен қатар аталған партияның алдағы уақытта да халықпен тығыз байланысы өз жалғасын таппақ.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1312
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1068
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1118