Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 3518 1 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 11:46

Оңтүстік диқандары көкөністің келісін 10 теңгеге өткізе алмай отыр

250 мың тонна капуста Оңтүстікте пісіп тұр. Диқан қазір көкөністің келісін 10 теңгеге өткізе алмай отыр деседі. Мен 2-3 апта бұрын жаңа піскен қырыққабаттың алақандай біреуін 500 теңгеге сатып алдым.

Бір ғана Оңтүстік өңірдің күллі Қазақстанды жеміс-жидек, көкөніспен қамтуға шамасы бар. Жері құнарлы, ауа-райы қолайлы, халқы еңбекқор.

Мемлекеттен үнемі қайыр сұрауға арланбайтын ФОРБС-тың олигархтарына ақша үлестіргенше деймін де, инвестицияны Оңтүстіктің ауылшаруашылық саласына құйсашы. "2 емес 5 қоянды бір оқпен атуға" болушы еді. Екі қолға бір күрек іздеп" әр өңірде сабылып жүретін оңтүстіктегі ағайын жұмыспен қамтылады - бір, бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны азаяды - екі (республика бойынша ең көп пособие алатын аймақ осы Оңтүстік), қытайдан тасымалданатын сапасы күмәнді көкініс рыноктан өздігінен жоғалады - үш, отандық өніммен ішкі сұранысты өтеуге мүмкіндік жолы ашылады - төрт, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарады - 5.

Үкіметте Оңтүстік аймақтық агрокешенін дамытуға арналған "развернутый" мықты бағдарлама қабылданса, оның іске асырылуын тиянақты қадағаласа және жақсылап ақша құйылса болды емес пе?!

Билікте қонжиып алған бюджеттік бизнесмендер мен экономикалық секторға жауапты өңшең "кабинетный" Шелпекбайлар қашан орындарын босатар екен?

Алқаптарда диқандармен қоса жанып-күйіп жүретін нағыз іскер менеджерлер "көбік ауыз" Үкіметтің көлеңкесінде осылай қалып кете берер ме екен, ә?!

Дина Елгезектің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1418
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1250
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1074