Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2424 3 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 10:59

Марат Тәжин III дәрежелі Барыс орденімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Чехия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 

Аталған орден Марат Мұханбетқазыұлына мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін берілген.

Марат Тәжин - 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген.

Философия ғылымдарының кандидаты (1985). Әлеуметтану ғылымдарының докторы (1988). Лондон университетінің докторанты (1988). Профессор (1993 жылдан бастап). Стамбул университетінің құрметті профессоры (2008 жылдан бастап).

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркі тілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті.

1981 жылдан бастап – Қаз КСР Ғылым академиясы Өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі кеңестің кіші ғылыми қызметкері.

1983-1987 жылдары – аспирант, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы.

1991 жылдан бастап – әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі.

1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі; Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1993 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі.

1994 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі.

1995 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі.

1999 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі.

2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы.

2001 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2001 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2002 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2006 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2007 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2009 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2013 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2014 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2017 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2019 жылы 24 наурыздан – екінші рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2019 жылы 26 қарашада – Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері.

Төтенше және өкілетті елші дәрежесіне ие.

«Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.
28-сәуір күні ІІІ дәрежелі «Барыс» (2020) орденін иеленді.

Айта кетейік, «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен сіңірген ерекше еңбегі үшін марапатталады: Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде; бейбітшілікті қамтамасыз етуде, қоғам мен Қазақстан халқының бірлігін шоғырландыруда; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми қызметте жүргізіледі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1437
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1037
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1089