Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 2576 5 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 15:20

«Жеңіс күнін» Қостанайда жеткіншектер тойлайды

«Неміс-фашистерін жеңгеніміздің 75 жылдық торқалы тойын дүние бүлініп кетсе де өткізбей қоймаймын» деп күшенген көршіміздің Президенті Путиннің бүгінде қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып жүрген жайы бар. Алайда қай диктатор салиқалы пкіріге тоқтап, қисынға бағынушы еді, сол қырсықтығымен ол тойды біржолата өткізбеу дегенді жылы жауып қойып, кейінгі бір лайықты кезеңге қалдырды. Оны енді алдымен құдай, одан соң мына короновирус деген үлкен індет біледі.

Біз болсақ өз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен аталған мерекеден биыл біржолата бас тарттық.

Алайда, Путиннің Жеңіс парадын өткізе алмағандығына қабырғасы қайыса қайғырып, қайтсек осы мерекені атап өтеміз деп жанталасып жүргендер біздің елде де жетіп артылатын көрінеді. Бұл жерде біздің қостанайлықтар алдына жан салмай тұр.

Әсіресе, облыс орталығындағы «Қостанай қаласындағы мектеп-бала бақша гимназия» мемлекеттік мекемесі деген дардай атағы бар оқу-тәрбие орны өздерінше «керемет жаңалық» ашыпты. Осы бала бақшаның әдіскері қазір карантинге байланысты үйлерінде отырған балаларға тыныштық бермей, олардың ата-аналарына «Өшпес полк» (Бессмертный полк) деген Ресейдің бастамасын өздерінше атап өтуге ұсыныс жасапты. Бір ғажабы, сол ата-аналар мұны жүрегі жарылардай болып қуана қарсы алыпты.

Әлгі әдіскердің айтуына қарағанда, мұндағы тәрбиеленіп жатқан 245 баланың ата-анасы мұндай «аса игілікті де, аса патриоттық шараны» шын ниетімен дүркірей қуаттапты. Бір демалыс күнінде ғана 42 фотосурет салып жіберіпті. Тек, бір өкініштісі, бұл демалыс күндері тым аздық еткен көрінеді. Ал егер ол бір аптаға созылғанда әлгіндей суреттер ең кемінде екі есеге көбейетіндігіне сенімді. Бұлардан енді тамаша бір роликтер жасауға бел буып отырған көрінеді. Сосын сірә, 9 мамыр күні көшеге шығуға батылы жетпесе де, теледидарадан көрсетіп, Ресей алдындағы патриоттық парызы өтеліп, бір жеңілдеп қалатын секілді.

Мінекей, тәуелсіздік алғанымызға тура отыз жыл болса да өздерін Қазақстанның емес, Ресейдің азаматы есебінде сезінетіндер еліміздің заңдарына пысқырып та қарамастан Жеңістің 75 жылдығын өздерінше атап өтуге бел буып отыр. Бала бақшаның аты-жөніне қарағанда ол қалалық әкімдікке қарайтындығы байқалады. Ал олардың тарапынан «Оу, бұларың қалай? Ел Президентінің шешімі сіздерге еш қатысы жоқ па? Әлде сіздер Ресейдің заңымен өмір сүріп отрысыздар ма?» деп те айтуға жүректері дауаламағанға қарағанда, жоғары жақтан да еш үн шыға қоймас.

Несі бар, енді өзгені айтпағанда, осынау шовинизмнің исі мүңкіген бастамаға жас сәбилерді араластыруға қарағанда ұлттық идеология дегенді әлдеқашан ұмытқан секілдіміз. Және де бір өкінішітісі, бұрын: «Спасибо деду, за Победу!» деп ұрандатсақ, енді тілі шыға қоймаған нәрестелерге: «Спасибо прадеду, за Победу» деп былдырлататын көрінеміз. Одан кейін: «Спасибо прапрардеду» дегенді қосамыз. Ал орыстарда «пра» деген сөздің шегі болмайды. Яғни бұл ұранда да мәңгілік шығар. Әсіресе, Қазақстанда.

Жайберген Болатов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1192
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183