Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3283 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 07:39

Тілге бөлінген қаржы желге ұшып жатқан жоқ па?

Мемлекеттік тілді дамыту үшін жыл сайын орталық бюджеттен де жергілікті бюджеттен де әжептәуір қаржы бөлінеді. www.mtdi.kz сайтындағы Тіл полициясы бөлімі осы салаға бөлінген қаржының жұмсалу барысы, мемлекет қаржысына шығарылған өнімдердің қоғамға қажеттілігі және оның лингвистикалық  сапасы жөнінде зерттеу материалдарын жариялап отыруды қолға алған болатын.
Жұмыстың бісмілләсін біз басқа облыс орталықтарымен және Астана қаласымен салыстырғанда жергілікті бюджет есебінен ең көп қаржы бөлінетін Алматы қаласынан бастағанды жөн көрдік. Бұндағы бөлінген қаржыны жұмсауға, яғни мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жауапты мекеменің атауы - Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесі.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік тілді дамытуға 2010 жылы жұмсалған қаржы мөлшері 175 105 000 (жүз жетпіс бес миллион жүз бес мың) теңге. Қаржы мынадай қызметтер мен өнімдерді сатып алуға жаратылған:
1. Жергілікті атқарушы орган қызметшілері мен әлеуметтік жағдайы төмен қала тұрғындарынан тест алу және қазақ-ағылшын тілдерін үйрету курстарын ұйым

alt

дастыру және оларды қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету қызметіне 18 000 000 (он сегіз миллион) теңге жұмсалған. Жұмысты орындаған: Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

2. Қолданбалы лингвистика бойынша көп томдық кітаптар дайындап шығару, мына салалар бойынша орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздіктер шығару: ақпараттық жүйе, білім беру, сақтандыру, заң және құқық, спорт және туризм. Жұмсалған қаржы - 7 510 100 (жеті миллион бес жүз он мың жүз) теңге. Орындаған:

«Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС.

alt

3. Балаларға тіл үйретуді жеделдетуге арналған анимациялық бағдарламалар жасап шығару. Жұмсалған қаржы - 60 000 000  (алпыс миллион) теңге. Орындаған: Жеке кәсіпкер «Краус».

alt

4. Жастарға арнап көркем әдебиет аудио кітапханасын әзірлеп шығару. Жұмсалған қаржы - 17 089 920 (он жеті миллион сексен тоғыз мың тоғыз жүз жиырма) теңге. Орындаған: «Gala TV» ЖШС.

alt

5. Алматы қаласындағы көрнекті ақпаратқа, қоғамдық  көліктегі жарнамаға және жарнама құрылымдарына мониторинг жүргізу және «Көрікті жарнама - көркем тіл» байқауын өткізу. Жұмсалған қаржы - 5 450 000 (бес миллион төрт жүз елу мың) теңге. Орындаған: Жеке кәсіпкер «Гарант».

alt

6. Қазақ тілін үйрету бойынша  оқу-әдістемелік құралдар шығарып тарату. Жұмсалған қаржы - 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) теңге. Орындаған:   Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

alt

7. Балаларға арнап көркем әдебиет аудио кітапханасын әзірлеп шығару. Жұмсалған қаржы - 16 559 640 (он алты миллион бес жүз елу тоғыз мың алты жүз қырық) теңге. Орындаған:   Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

8. Бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық - мәдени бірлестіктермен бірігіп шаралар өткізу. Жұмсалған қаржы  - 3 082 000 (үш миллион сексен екі мың) теңге.  Орындаған: Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

9. Қолданбалы лингвистика бойынша көп томдық кітаптар дайындап шығару, электронды нұсқасы бар ісқағаз үлгілері және тілдескіштер. Жұмсалalt

ған қаржы - 18 600 000 (он сегіз миллион алты жүз мың) теңге.   Орындаған: Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

10. Мемлекеттік тіл саясатына арналған мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыру. Жұмсалған қаржы - 14 633 340 (он төрт миллион алты жүз отыз үш мың үш жүз қырық) теңге. Орындаған:   Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

11. Ішінде ақпараттық материалдары, ісқағаз үлгілері және т.б. бар «Қазақ тілі KZ» ғаламтор беттерінің жұмысын қамтамасыз ету. Жұмсалған қаржы - 2 970 000 (екі миллион тоғыз жүз жетпіс мың) теңге.  Орындаған:   Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

12. Аударма қызметін көрсету бойынша жұмыстар, аудармашыларға арнап семинар және байқау ұйымдастыру. Жұмсалған қаржы - 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге. Орындаған:   Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.

13.  Алматы қаласындағы тілдік жағдайға әлеуметтік зерттеу жүргізу. Жұмсалған қаржы - 3 510 000

alt

(үш миллион бес жүз он мың) теңге. Орындаған:   «Консул» ЖШС

Жақын арада Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоғарыда шығарылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің әрқайсысына жеке-жеке мынадай өлшеулер бойынша талдаулар жасалатын болады:
а) Мемлекеттік сатып алу бойынша шығарылған өнімнің қоғамға қажеттілігі және әрі қарай өзін өзі ақтау жолымен қайта шығару мүмкіндігі
ә) Жұмсалған қаржының  Қазақстан нарығында қалыптасқан қызмет көрсету өлшемдерімен негізделуі
б) Шығарылған өнімнің лингвистикалық талаптар мен қазақ тілінің нормаларына сәйкестігі

Құлақтарыңыз түрік жүрсін! Мемлекеттік тілдің дамуына баршамыз ат салысайық!

Материалды дайындаған:
А. Баймұхаметова

www.mtdi.kz

0 пікір