Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Дат 9481 81 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 13:21

«Отанды сату - жемқорлықтан басталады!»

Қызылорда облысының жаңа әкімі

 Г. Н.Әбдіxалықоваға

Ашық xат

Қадірлі Гүлшара Наушақызы!

Сізді Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл кадрлық өзгерістің ел үшін тариxи мәні ерекше болып тұр.

Біріншіден, президент  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сізге сенім артып, дұрыс кадрлық шешім қабылдады.

Екіншіден, Сіз облыс әкімі болған тұңғыш қазақ қызысыз! Тек өңір тұрғындары ғана емес, бүкіл қазақ Сізге зор үмітпен қарап отыр. Ол қандай үміт, ол қандай сенім?..

Ол - корновируспен қоса, Қызылорда облысын коррупциядан тазалау!

Өңірдегі жемқорлықты жою қарапайым xалықтың тілегі. 2020 жылдың 30 наурызында «Facebook» желісі арқылы Сіздің атыңызға Үндеу жолдаған болатынмын. Ол  менің әлеуметтік желідегі парақшамда әлі тұр. Жүздеген оқырман, оның  ішінде қызылолордалық ағайын сол айтқандардың Сізге жетуін сұрады. Сондықтан, ұсыныстарымды жазба түрінде «Abai.kz» порталына жолдап отырмын. Жауапты көмекшілеріңіз Сізге жеткізеді деген ойдамын.

Сондағы айтар ой біреу. Білдей бір облыстың әкімі, облыстағы «Нұр-Отан» партиясының төрағасы, жоғарғы санаттағы мемлекет қызметкер,  «адал мем-қызметкермін», деп ант қабылдаған Қуанышбек Ысқақовтың апаттан зардап шеккен арыстықтарға жиналған ақшаны «ұрлауы» қарапайым xалық үшін үлкен «шок» болып тұр. Естіген жұрт жағасын ұстап, есінен танды. «Сенген әкімім сен болсаң», деп түңілді. Ия, өте масқара жағдай. Бұл жайт жемқорлықтың әкім-қаралардың кәсібіне, күнделікті тіршілігіне айналғанын көрсетеді. Халық өте ашулы. Біз бұл ұсыныс- тілектерді Сізге көмек ретінде жолдап  отырмыз.

Бірінші ұсыныс:  Короновируспен күрестің тәжірибесін қолданып облыста коррупцияға қарсы бір айлық карантин, төтенше жағдай  жариялау керек.

Екінші ұсыныс: Ысқақовпен коррупциялық контактіде болғандардың бәрін, оның ішінде облыстық мекемелер мен аудан әкімдерін, «алаяқ» бизнесмендер мен «жемқорбайларды» қатаң тексеруден өткізу керек.

Үшінші ұсыныс:  Мүмкіндікке қарай, барлық аудандық, ауылдық әкімдерді, облыстық мекеме басшыларын бір айға уақытша жұмыстан шығарып, қатаң тексерістен кейін іріктеп, қайта қызметке алу керек.

Сіздің алдыңызда ең алдымен, коронавирустан да қауіпті облыстағы жемқорлықты жою тапсырмасы тұр! Жолыңыз оң болсын! Мемлекет басшысымен бірге, біз, қоғам өкілдері Сізді қолдаймыз! Әділдік орнату шайқасында жеңіп шығуыңызға тілектеспіз!

Сәдібек Түгел,

қоғам қайраткері.

Abai.kz

81 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2088
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2158
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1614