Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2603 9 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 11:20

Путин Жеңіс шеруін кейінге қалдырды

Ресей президенті Владимир Путин Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шеру кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Президент бұны Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында айтты.

Путиннің мәлімдеуінше, "эпидемияның күшею кезеңі артта қалғанына қарамастан, ауру жұқтыру қаупі сейілген жоқ". Сол себепті ол Жеңіс шеруі мен басқа да көпшілік іс-шараларға дайындықты кейінге қалдыруды тапсырды.

"Біз коронавирус қаупі сейілген соң Жеңіс күніне арналған барлық іс-шараларды биыл өткіземіз, Мәскеуде де шеру болады, "Мәңгілік полк" маршы да ұйымдастырылады", - деп мәлімдеді президент.

Бұның алдында Ресейдегі ардагерлер ұйымдары президенттен Жеңіс шеруін кейінге қалдыруын сұраған.

Ресейде коронавирус барлық аймақтарда тіркелді. Сәрсенбі күні елде 3448 адамның COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталды. Ресейде 27 938 адам коронавирус жұқтырған, 232 адам қайтыс болған, 2304 адам аурудан айыққан.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661