Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1756 0 пікір 21 Қазан, 2011 сағат 03:55

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болып, батыста жаңбыр жауады – Қазгидромет

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы антициклонның ықпалында болып, осыған байланысты күн жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Республиканың батысында ғана жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, шығыстан 0-5 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, ауа температурасы +8+10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 0-5 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, ауа температурасы +14+16°С.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстікте күн ашық, жауын-шашынсыз: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +8+13, +7+12 және +8+13°С; Павлодар облысында +4+9°С.

Қарағанды облысында жаңбыр жаумайды, ауа температурасы +7+12°С. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +7+12°С.

Республиканың оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, +11+16°С. Қызылорда Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрып, құмды дауыл соғады, ауа температурасы +13+18°С. Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, +11+16°С. Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел, кейде 25 м/с күшейіп, ауа температурасы +15+20 және +13+18°С .

Республиканың батысында жаңбыр жауады: Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел, ауа температурасы +13+18, +12+17 және +7+12°С. Ақтөбе облысында  күн ашық, ауа температурасы +10+15°С

Алдағы тәуліктерде республика тауларындағы өзендердің гидрологиялық режиміңде өзгерістер болжанып отырған жоқ. Қазақстанның солтүстігіндегі су объектілерінде судың беті салқындайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1287
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1167
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032