Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2059 5 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 11:33

Трамп ДДСҰ-ны қаржыландыруды уақытша тоқтататынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коронавирус пандемиясымен күрестегі "сәтсіз басқаруын" анықтамайынша, өзі елінің ДДСҰ-ны қаржыландыруды уақытша тоқтататынын жариялады.

Ақ үйде брифинг өткізген Трамп қаңтар айының соңында АҚШ-тың Қытайға ұшақты шектеу шешіміне ДДСҰ-ның қарсы келгенін еске салды. Коронавирус пандемиясының дамуын тоқтататын мүмкіндікті жіберіп алдық деді ол.

"ДДСҰ-ның ұсынысынан кейін өзге елдер мен аймақтар Қытаймен шекараны ашық қалдырды, бұл вирустың жайылуына себеп болды. Қытайға деген сенім адамдардың коронавирусты жаппай жұқтыруына әкелді", - деді Трамп. Трамптың сөзінше, ДДСҰ өз міндетін дұрыс атқара алмады, сол үшін жауап беруі тиіс.

Аталған ұйымды қаржыландыруды тоқтату жөніндегі жоспарын ол 8 сәуірде твиттер парақшасына жазған.

"ДДСҰ ақымақтық жасады. Басым бөлігін АҚШ қаржыландыратын ұйым түсініксіз себептермен Қытайға баса көңіл бөлді. Біз бұл мәселені жіті зерттейміз", - деп жазды Трамп.

Президент сөзінше, АҚШ жыл сайын ДДСҰ бюджетіне 400-500 миллион доллар бөледі, бұл Қытай жарнасынан 10 есеге көп.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір ДДСҰ ресурсын қысқартатын уақыт емес деп мәлімдеді. "Пандемиямен күрестен сабақ алып, инфекцияның өте жылдам таралуы себептерін түсіну арқылы адамзат қазіргі тарихтың ауыр беттерін еңсеріп өте алады", - деді БҰҰ-ның бас хатшысы.

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсіп жатыр. Пандемия статистикасы екі миллион адамға жақындап қалды. 121 мыңнан астам адам қайтыс болды. COVID-19 вирусын жұқтырғандар мен қаза болғандардың санының көптігі жағынан АҚШ бірінші орында тұр. Соңғы көрсеткіш бойынша, 600 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, 25 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661