Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1971 0 пікір 21 Қазан, 2011 сағат 03:49

Петропавл әкімдігінің қаланың орталығындағы жер телімдерін беру туралы қаулылары сот шешімімен заңсыз деп танылды

Петропавл. 21 қазан. ҚазТАГ - Петропавл орталығындағы жер телімдеріне құқық беру туралы әкімдіктің қаулылары қала прокурорының шағымымен заңсыз деп танылды, деп хабарлады қала прокуроры Қонысбек Ыбыраев.

«Бұл жерде әкімдіктің 2006-2007 жылдары бұл жерлердің ортақ пайдаланудағы учаскелерге жататынына қарамастан, Қазақстан Конституциясы-Әуезов (қалалық мәдениет және демалыс бағының аумағы) Қазақстан Конституциясы - Горький көшелерінің қиылысындағыжер телімдері туралы айтылып отыр. Біз бұл жер телімдері үшін 3 жыл күрестік, несін жасырамыз, бастапқыда өзіміздің әрекетімізге сенімсіз болдық, мұның артында қалталы адамдар тұрды», - дедіҚ. Ыбыраев бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың қарашасында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа прокурордың мемлекеттің мүддесі үшін 2 шағымы түсті, кейін олар біріктірілді, олар әкімдіктің «Жаңа Алаң» ЖШС-іне және азамат Х.-ға жер телімдеріне құқық беру туралы қаулыларының күшін жою туралы болды.

«Бастапқыда қалалық мәдениет және демалыс бағындағы учаскенің иесі «Корпорация Мега» ЖШС болған, ол жерді «Жаңа Алаң» ЖШС-іне сатып жіберген, ал бұл серіктестік оны Ч. Азаматқа сатқан, яғни сот әкімдіктің жерге деген меншік құқығын беру туралы қаулысын, сату-сатып алу мәмілелерінің де күшін жойды», - деді Қ.Ыбыраев.

Петропавл прокурорының айтуынша, бірінші инстанция соты үстіміздегі жылдың қаңтарында шешім шығарған, одан кейін апелляциялық және кассациялық инстанциялар да экономикалық соттың шешімін қолдады. Әкімдік қаулысының күшін жоюға дауласып отырған жер телімдерінің ортақ пайдалануға жататыны, заң бойынша оны жеке меншікке беруге болмайтыны негіз болды.

«Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне енді, енді оны орындау қажет. Мысалы, қала бағының аумағында жазғы дәмхана бар, оны жою қажет», - деді Қ. Ыбыраев.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1328
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1182
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 925
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1036