Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2557 3 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 18:37

Вице-министр Қаскелеңнің ауруханасын сынға алды

Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Алматы облысының Қаскелең қаласында орналасқан Қарасай аудандық орталық ауруханасын сынға алды. Оның айтуынша, аудандық медициналық мекемесінде тиісті сақтық шаралары қамтылмаған.

Вице-министр өңірдегі бірнеше ауруханаларда болды. Оның айтуынша, олардың әрқайсысында қауіпсіздік  шаралары әр түрлі деңгейде.

«Мен Алматы облысын мысалға келтіремін. Біз Қарасай ауданының Орталық ауруханасында болдық. Өкінішке орай, сақтық  жоқ. Карантин режимі енгізіліп, елде төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан біз ауруханалардағы адамдардың тынымсыз қозғалысын, оның ішінде науқастарға сырттан қонақтар келгенін көрдік. Бұл өте қолайсыз», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 218 дәрігер COVID-19 пандемиясын емдейді. Олардың көпшілігі 182 адамды құрайтын Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Қалғаны: қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 30 қызметкері, жедел медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері және 11, 32, 12 қалалық емханалардың қызметкерлері бар.

Қазір дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661