Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2198 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 06:52

Қызылорда облысында күріш жинау аяқталды

Қызылорда. 20 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысында күріш жинау толығымен аяқталды, деп облыстық ауыл шаруашылық басқармасының механизация және өсімдік шаруашылығын дамыту бөлім бастығы Шәкірбай Оралбеков мәлім етті.

«Қазан айындағы ауа райының қолайсыздығы астық жинауды созып жіберді. Бірақ ол астық жинау сапасына әсер еткен жоқ», - деді ол бейсенбі күні агенттік тілшісіне.

Оның мәліметтерінше, аймақ диқандары 77 362 гектар егістікті шығынсыз орып алды. Ол Қазақстанның күрішті алқабының 90%-ы. Күріш чектерінің төрттен үшіне сапалы күріш себілуі себепті (былтыр 65% себілген) астық шығымы, кем дегенде, былтырғыдан гектарына 1 центнерден артық болады деп күтілуде.

«Биыл суармалы суға қатысты ешқандай проблема болған емес. Күрішшілерге мемлекеттік субсидия гектарына 15 500 теңгеден, оған қоса тыңайтқышқа кеткен шығынға төленді», - деді Ш. Оралбеков.

Дәстүр бойынша егін орағының қорытындысын «Алтын дән» астық мерекесінде жариялайды. Ол алдағы демалыста  Қызылордада өтеді.

«Сонда биыл күріштен қанша тонна астық жиналғанын ресми жариялап, орташа өнімділік мөлшерін айтады. Қазір қырмандар мен егістіктерден келген мәліметтерді мамандар мұқият қарап жатыр», - деді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2124
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1760
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532