Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2180 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 06:39

Амангелді Кеңшілікұлы. Гогольдің өлімі (Жалғасы)

Эссе

ХХХ

Кейде ойлаймын.. Жаратушыны бар ынтасымен шынайы сүйген Гоголь неге осындай аянышты тағдырды басынан кешті.  Жазушының бақытты өмір сүруге толық қақысы бар еді ғой.  Жаны әбден күйзелген Гоголь өмірінің соңында мынандай мағынадағы хатты  жазуға мәжбүр болды:

"Ештеңе жайлы айтқым келмейді. Әлемдегі бүкіл қызықтың бәрі суретшінің бөлмесінде жасалып жатқан дүниелердің  бәрінен де төмен екені соншама, ештеңеге де қарағым келмейді. Бұл әлем мен үшін жаратылмаған секілді" (Н.В.Гоголь. Толық томдық шығармалар жинағы. Мәскеу.  Көркем әдебиет баспасы.  7- ші том, 353- ші  бет)

Эссе

ХХХ

Кейде ойлаймын.. Жаратушыны бар ынтасымен шынайы сүйген Гоголь неге осындай аянышты тағдырды басынан кешті.  Жазушының бақытты өмір сүруге толық қақысы бар еді ғой.  Жаны әбден күйзелген Гоголь өмірінің соңында мынандай мағынадағы хатты  жазуға мәжбүр болды:

"Ештеңе жайлы айтқым келмейді. Әлемдегі бүкіл қызықтың бәрі суретшінің бөлмесінде жасалып жатқан дүниелердің  бәрінен де төмен екені соншама, ештеңеге де қарағым келмейді. Бұл әлем мен үшін жаратылмаған секілді" (Н.В.Гоголь. Толық томдық шығармалар жинағы. Мәскеу.  Көркем әдебиет баспасы.  7- ші том, 353- ші  бет)

Бұл жазушының суретші Александр Андреевич Ивановқа жазған соңғы хаты. Хатты оқыған сайын, жалаңаш тәніме біреу мұздай су құйып жібергендей тұла-бойым түршігеді.  Тәңірім- ай деймін сол кезде, бұл - Жаратушыны жан-тәнімен сүйген құлы Гогольдің ауызынан шығуға тиіс  сөз бе еді! Халқына қалдырған соңғы өсиетінде "Өлі емес, тірі жан болыңдар. Мына әлемде Ғайса Пайғамбар көрсеткен есіктен басқа есік жоқ" дегенді, айтқан Гоголь емес пе?  Шын мәнісінде Гоголь қаны бұзылған заманының тәнінен үзіліп түскен бір түйір таза тамшы еді ғой.  Өз Отанын да дәл Гоголь сияқты  ешкім беріле сүйе алған  жоқ. Менің ойымша өз халқының келешегі үшін шынымен  жаны ашитын жазушы халқын әлдеқалай  мақтап емес,  Гоголь сияқты ашына сүю керек, ашына. Халықтың жақсы жағын айту ешқайда қашпайды, қайта, керісінше халқының бойындағы келеңсіздіктерді күйіне, ызалана жазу керек. Халықты ынты-шынтымен сүю дегеніміз -оның құлы болу емес, қайта сол құлдықтан құтқаруға талпыну. Қара тобырдың арасынан белсеніп шығатын бір-екі сүмелектен қорқып үндемей қалу адамның азаматтығына нұқсан ғана емес,  ол - халыққа жасаған сатқындығың. Халықтың арқасынан өтірік қағып қойып, желінін қақтап, оны сауын сиырдай сауу - барып тұрған опасыздық.

Бәріміз де мектепте оқыған Гогольдің  "Тарас Бульбасы"  есіңізде шығар. Егер есіңізде болса  шығарманың соңында жаудан қашып жүрген Тарас өзінің темекі шегетін трубкасын түсіріп алады ғой, бірақ оны  дұшпанның жерінде қалдырмаймын деп жүріп, ақыр аяғында жау қолына түседі. Моральдық тұрғыдан қарасақ осындай ауыр жағдайда Тарас Бульбаның бір кішкентай трубкаға бола қайтып барып,  жаудың қолына түсуі - қылмыс. Құдайлық тұрғыдан  қарасақ бұл қылығының арғы жағында мінез, ер-жігіттің бойына Құдай дарытқан қас батырлық жатыр. Отанын шын сүйетін, проваславиалық мінез  рухымен тәрбиеленген  Тарас Бульбаның көзіне, трубкасын жаудың жерінде қалдырып кетудің өзі сатқындық болып көрініп тұр. Отанына жасаған сатқындығы үшін екі ұлының біреуін өз қолымен өлтірген, туған жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен бір ұлын жаулардың қалай азаптап өлтіргенін өз көзімен көрген Тарас Бульбаның басқаша жасауы мүмкін емес-ті.   Отанға жасалатын сатқындықтың, үлкені, кішісі болмайды. Сатқындықтың бір-ақ аты бар. Ол - азғындық.

Әсіресе шығарманың соңында жаулар Тарас Бульбаны ұстап алып,  ағашқа байлап, тірідей отқа өртегенде, жаны алқымының ұшына келген  ол «не сайтандар, алдыңдар ма... Уақыты келгенде сендер шын мәнісіндегі орыстың провославиелік дінінің не екендігін танитын боласыңдар»  деп, дұшпандарына сес көрсете айғайлайды.

Тарас Бульбаның бұл сөздері шындығына келгенде жазушының -өмірлік ұстанымы болатын. Адамды мына дүниеде ұстап  тұрған бір-ақ нәрсе бар.  Ол - Құдайға деген сенім. Сол сенім жоғалған күні адам адамшылығынан айырылып, хайуанның кебін киеді.

Десе де өзінің сеніміне  өмір-бойы берік болған Гогольдің жаны неге, неліктен тым құрыса бір сәтке болса да байыз таппады? Оның себебі - біз өмір сүріп жатқан  дүниенің санасын сайтан билеп алған еді.  Гоголь адам санасындағы әлі бұзылмаған жалғыз таза талшық еді. Сол себептен де сайтани қоғамда Гогольдің жаны тірідей тозаққа түсіп, санада қалған бір ғана таза талшықты былғау үшін, сайтанның неше түрлі айла-амалдары іске қосылды. Солардың ең сорақысы және үрейлісі - жазушының ақыл-есі ауысқан деген қаңқу сөздердің таратылуы болатын. Қоғамның ойдан шығарып, жазушыға таққан осы бір  өтірік диагнозы Гогольге ауыр соққы болып тиді де, оның жан-дүниесін желқайықтай   шайқап жіберді.

Қоғам өздері ойлап тапқан  өтірікті ақыр аяғында оп-оңай шындыққа айналдырып, аяғына мінгізді де жіберді.  Басқасын былай қойғанда, білімді, данышпан деп жүрген Белинскийдің өзі өрекпіп осы сөзді айтып тұрса, қолдан жасаған өтірікке қалған жұртты сендірту онша қиынға түспеді.  Шынайы болмысын танудан өлердей қорыққан орыс қоғамы бұл өтірікке қуана-қуана қосылды. Енді Гогольдің өзі де өмір сүргісі келмеді.  Егер ақыл-есінен ауысқан қоғам, сау адамға  "жынды" деген диагноз қойса, одан кейін өмір сүрудің қандай мағынасы бар? Құдайшылығыңызды айтыңызшы, қандай?

- Бәрі де, көзімше маған  жынды деп айтып,  ақыл-есі ауысқан адамдардың түрлі дәрі-дәрмектерін ұсына бастады. Ал, осы кеңесті беріп жүрген ақылды адамдардың бәрінің де бір ауыздан менің кітабымда ешқандай жаңалық жоқ, бәрі жалған деуі мені онан сайын қайғының теңізіне батырды. Бұл адамдардың маған жасаған ең ауыр  қатігездігі....  Мен қателесуім мүмкін, бәлкім адасқан да шығармын, адамның бәрі жалған болғандықтан олардың түсінігіне сәйкес өтірік айтқан шығармын: бірақ менің жүрегім мен жанымнан ақтарылып түскен дүниелердің бәрін де жалған деу -қатігездік, -деп, жазды ол, өмірінің соңында.

Тәні емес, жаны ыстық табада шыжғырған, мына жалған тіршіліктен түңілген Гоголь енді өлуге бел буды.  Бұл Гогольдің өміріндегі ең үлкен қателігі болатын. Қара тобырдың айтқанына өкпелеп, өлгісі келген Гоголь осылайша сайтанның тұзағына ілінді. Өмірінің соңында жазушы шын Құдайды сүйген азаттығынан айрылып, Матвей әкейдің айтқанынан шыға алмай қалды. Сайтан осылайша Гогольдің азаттықты сүйетін жанына ноқтасын салды. Рухсыз жандарды еркіндікте ұстайтын сайтан рухы мықтыларды, қанша ышқынса да рақым ойлап жібермейді. Рухсыздар қайырған малдай сайтанға өздері қайтып оралады.  Өз замандастарының ішінде Құдайға ең алғаш адамның көзімен қараған Гоголь мұны қалай түсінбеді екен?  Өз дегеніне жеткен сайтан, сәбидің кіршіксіз жүрегіндей Гогольдің таза жанын қылқындыруға  кірісті. Осылайша не істерін білмей жаны қысылған Гоголь ауыр қылмысқа барып, 1852 жылы граф А. П. Толстойдың үйінде Матвей әкейдің азғыруымен өзінің "Өлі жандар" поэмасының екінші кітабын отқа жағып жіберді...

...Қайран, Гоголь! Жаным-ау, не істеп қойдың сен, не істеп қойдың! «Өлі жандар" отқа өртеніп кетпегенде мүмкін әлемнің әдебиеті бұдан да биік шыңға көтерілер ме еді? Сайтанның бүкіл шындығын көріп, одан шошынған адамзат баласы басқа жолға түсер ме еді? Мүмкін, орыс империясы басқа елдерге тырнағын батырмай, ғасырдың басында сыпырылып кеткен халқымыздың  шын мағынасындағы зиялыларының тағдыры сайтанның бір оғына байланып кетпей, аман қалар ма еді? Құдайды шын жүрегімен сүюді үйренген  мұсылман мен христиан әлемі бір-біріне дәл бүгінгідей өшпендікпен қарамай, қайта дос-бауыр секілді өмір сүрер ме еді?...  Әрине, мұның бәрі енді қайтып орындалмайтын - менің мәңгілік арманым. Мүмкін "Өлі жандар" поэмасының екінші кітабын отқа жағу арқылы Гоголь, менің қиялымдағы,  орындалуы ықтимал ұлы арманымның жібін үзіп жіберген шығар?

Гоголь туралы жазған әлемнің әдебиеттанушылары  жазушының осы мінезін әлі күнге шейін  моральдың көзімен, адам мен қоғамның арасындағы түсінбестік ретінде көрсетуге тырысып, оны ақтап алғысы келеді. Әрине мұның артында бір ізгілікті мақсат та жатқан шығар. Бірақ, мен бұған келіспеймін. Гогольді мұндай жолмен  ақтап алуға болмайды. Ғайса пайғамбарды шын жүрегімен сүйген Гогольдің рухы да  менің ойымша адамзат баласының  өзін бұлайша ақтап алғысы келгенімен келіспес..

Мойындауымыз керек, "Өлі жандар" поэмасының екінші кітабын өртеп жіберу арқылы, не істерін білмеген Гоголь тұңғыш рет Құдайдың жолынан адасып қалды. Жазушының бойына мұндай дарын Құдайдан берілді.  Өнер- адамның жеке меншігі емес. Өнер -халықтың игілігі де емес. Кейде халықтың игілігі үшін  кәкір-шүкір де жарай береді. Кейде қара тобырдың арасынан шыққан шолақ белсенділер  -  өнер ақынның немесе жазушының отбасына нәпақа кіргізетін дүние болғандықтан, солардың қазынасы  деп те былжырайды.  Өнер ең алдымен - Құдайдың қазынасы. Алланың назары түскен адамның бойына ғана  өнер дариды.  Құдайдың қазынасының бағасын білетін халық үшін ғана  -өркениеттің ізгілікті қақпасы ашылады. Себебі өркениет - Құдайдың алтын сарайы. Құдайдың қазынасының бағасын білмейтін халық - ұлы жаратушының жолынан адасып, бақытсыздыққа ұшырайды.  "Ақынның жүрегі - Алланың қазынасы" дегенді Мұхаммед Пайғамбар бекер айтпаған. Өнер адамзат баласына тарту еткен  Құдайдың ең асыл сыйы.  Халықтың арасынан шыққан қара тобырға өкпелеп, Құдайдың қазынасын отқа тастауға қалайша Гогольдің қолы барды екен?. Қалайша?...

Жазушының өмірінің соңындағы жан азабына үңілсеңіз "Өлі жандарын" отқа жағу арқылы, абайсызда сайтанның тұзағына ілініп қалғанын, Гогольдің  өзінің де сезгенін аңғарасыз. "Өлі жандардың" екінші кітабын өз қолымен отқа жағып жібергеннен кейін Гоголь түк нәр татпай, ешкіммен сөйлеспей, бүк түсіп жатып алыпты. Жазушыға зорлап тамақ ішкізбек те болған, денесіне неше түрлі суық бақа-шаяндарды салып өтірік емдемек те болған. Жазушының жанына тыныштық беруін сұраған жалынышты өтінішіне ешкім де құлақ аспаған.

Қоғам Гогольдің өлімін тіледі. Сағат түнгі он бір кезінде  Гогольдың жаны ышқынып, айғайлап сұраған ең соңғы өтініші: "Маған баспалдақ беріңіздерші. Мен жоғары шыққым келеді" болыпты.

Замандастарының айтуынша, ұлы жазушының қатарынан бірнеше күндер бойы летаргиялық ұйқыға кетіп қалатын ұстама ауруы бар екен. Өмірінің соңында жазушының осы ауруы қайталанған. Санасын сайтан иектеген қоғам Гогольды өлді деп танып, летаргиялық ұйқыдан оянып кетпей тұрғанда, тезірек, қара жердің қойнына тапсыруға асықты. Осылай боларын алдын-ала сезген Гоголь халықтың арасынан бір тірі жан табылатындығына үміттеніп,  1845 жылы мынандай өтініш жазып кетіпті. Бұл Гогольді қоғам әлі жынды деп жариялай  қоймаған, өлерінен алты жыл бұрын жазған өтініші-тын.

"Есімнен танбай және ақылымнан адаспай тұрған кезімде,  соңғы өтінішімді  ертерек жазып кетуді жөн санадым. Мүрдем иістене бастамайынша, менің тәнімді жер қойнына тапсырмаңыздар. Мұны естеріңізге салып отырған себебім,  ауруым ұстағанда өмірлік белгілерім жоғалып, жүрегім мен тамырымның тоқтап қалған кездері болған". (Н.В.Гоголь. Толық томдық шығармалар жинағы. Мәскеу.  Көркем әдебиет баспасы.  6- ші том, 187- ші  бет)

Гоголь Данилов шіркеуінің жанына жерленеді.  Жо, жо, жоқ. Бұлай айтуым күна, шығар. Орыс қоғамы ар-ұятының айнасы болған, өмірінің соңына шейін проваслав дініне адал қызмет еткен, Құдайды өтірік емес шын жүрегімен сүюді үйреткісі келген  пайғамбарын тірідей көмді.

Гогольдің өлімі елдің арасында түрлі әңгімелер туғызды. Жер қойнына тапсырайын деп жатқанда, табыттың ішінде жатып жазушының ауыр күрсінгенін естігендер де болыпты. Бірақ ар-ұятын тезірек көмгісі келген, санасына сайтан ұялағандардың ішінде бір тірі жан табылмапты. Әрине, бұл сол кездер үшін шындығына қоғамның әлі толық көзі  жете алмаған,  ел арасында жүрген қаңқу сөздер ғана еді.

Бірақ бұл шындықтың беті күндердің-күнінде бәрібір ашылуы керек-тін. Елдің арасында айтылып жүрген түрлі әңгімелердің шын -өтірігін тексерудің мүмкіншілігі 1931 жылы туды. Себебі сол жылы  жазушының  сүйегін Новодевичье зиратына қайта жерлеу туралы ұйғарым жасалынады.

Құдай сақтасын! Мына сұмдықты қараңыз! Гогольдің сүйегіне көртергеу (эксгумация) жасау барысында кебінінің жыртылып, табытының  тырналып тасталғаны және марқұмның бүк түсіп жатқаны анықталады...

..Неге екенін білмеймін, Ресейдің санасындағы сайтаны қайтадан қозып, Қазақстанның тәуелсіздігін қызғанып, Алладан бұйырған жеріне көзінің сұғын қадап сандырықтап жатқан мына аласапыран заманда, мұсылман бола тұрсам да, аспаннан түскен төрт киелі кітаптағы Құдайдың өсиетін дұрыс түсінген Ибрагим, Ғайса, Мұса.. Мұххамед пайғамбарлар секілді -Жаратушыны жүрегімен сүю арқылы  адамзат баласын табыстыруды мұрат еткеніне бола  азап кешкен Гогольді о дүниеге тірідей жіберген орыс халқы үшін кешірім сұрап, православиелік шіркеуге барып бір шырақ жаққым келіп  кетеді. Бәлкім менің ең  сүйікті жазушымның аруағы - шын ниетпен жағылатын сол бір шырақтың жануын күтіп, мазасызданып жатқан шығар. Сол шырақты жаққаным үшін мейірімі мол Алла-Тағала  бір тілегімді орындаса, мына қатігез  әлемде не істерін білмей жалғызсыраған, өзімнің кішкентай ұлтымның келешегі үшін - Ресей секілді айдаһар елдердің санасын қайтадан сайтан тұмандандырмауын сұрар едім.

Жаның жаннатта, нұрың пейіште шалқысын, Николай Василиұлы!. Мен де сен сияқты, түптің-түбінде мына жалған тіршілікте мейірімділіктің жеңетініне сенемін. Себебі адам баласы жарық әлемге келгенде - ең алдымен оның жанына  Алланың нұры шашыраған.

Оқырманнан кешірім өтініп, ең алдымен орыс жазушысы болғаннан кейін, өз уақытында орыс қоғамының үлкен қылмыс жасағаны туралы ащы шындықты ең біріншілердің бірі болып суреттеген  ақын Андрей Вознесенскийдің "Похороны Гоголя Николая Василича" атты өлеңін, жазушының аруағы разы болсын деп, өзінің төл тілінде толық бергенді жөн санадым.

Вы живога несли по стране!

Гоголь был в летаргическом сне.

Гоголь думал в гробу на спине:

"Как доносится дождь через крышу,

отпеванье неясное слышу,

понимаю, что это меня.

 

Вы вокруг меня встали в кольцо,

наблюдая, с какою кручиной

погружается нос мой в лицо,

точно лезвие в нож перочинный.

 

Разве я некрофил? Это вы!

Любят похороны витии,

поминают, когда мертвы

забывая, пока живые.

 

Плоть худую и грешный мой дух

под прощальные плачи волшебные

заколачиваете в сундук,

отправляя назад, до востребования».

 

Летаргическая Нева,

летаргическая немота -

позабыть, как звучат слова.

 

ІІ

 

"Поднимите мне веки, соотечественники мои,

в летаргическом веке

пробудитесь от галиматьи.

Поднимите мне веки!

Разбуди меня, люд молодой,

мои книги читавший под партой,

потрудитесь понять, что со мной.

Нет, отходят попарно!

Под Уфой затекает спина,

под Одессой мой разум смеркается.

Вот одна подошла, поняла..

Нет-сморкается!

Вместо смеха открылся кошмар.

Мною сделанное - минимально.

Мне впивается в шею комар,

он один понимает.

Грешный дух мой бронирован в плоть,

безучастную как каменья.

Помоги мне подняться, господь,

чтоб упасть пред тобой на колени".

 

Летаргическая благодать,

летаргический балаган -

спать, спать, спать...

 

"Я вскрывал, пролетая, гроба

в предрассветную пору,

как из складчатого гриба,

из крылатки рассеивал споры.

 

Ждаль в хрустальных гробах, как в стручках,

Оробелых царевен горошины.

Что достигнуто? Я в дураках.

Жизнь такая короткая!

 

Жизнь сквозь поры несется в верхи,

с той же скоростью из стакана

испаряются пузырки

недопитого мною нарзана».

 

Как торжественно страшно лежать,

как беспомощно знать и желать,

что стоит недопитый стакан!

ІІІ

Из-под фрака украла исподнее.

Дует в щель. Но в нее не просунуться.

Что там муки господние

перед тем, как в могиле проснуться!"

Крик подземный глубин не потрясь.

Двое выпили на могиле.

Любять похороны, дивясь,

детвора и чиновничий класс,

как вы любите слушать рассказ,

как Гоголья хоронили.

 

Вскроите гроб и застыньте в снегу.

Гоголь, скорчась, лежит на боку.

Вросший ноготь подкладку прорвал сапогу.

(Соңы)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2085
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1733
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1525