Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2035 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 05:34

Азамат Алмас. «Seven» газетінің сандырағы

Алматы облысы орталығында шығатын  мерзімдік басылымдардың қатары соңғы жылдары біршама көбейді. Мемлекеттік тілдегісі, орысшасы, араласы бар газеттердің бірі  - осыдан үш жыл бұрын алғашқы саны жарық көрген «Seven» Деловой Талдыкорган» басылымы. «Жетісу» жастарды әлеуметтік қорғау қоры шығаратын газетте негізінен жастар жұмыс істейді және орыс тілі басымдыққа ие. Осы газеттің өткен бейсенбідегі саны еліміздегі барлық БАҚ сияқты 76 жасқа қараған шағында өмірден өткен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағаливқа арнап шағын қазанама іспетті дүние берді. Шамалары жеткенше, даңқты ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасапты. Дегенмен, масқарасы Тұманбай ағаны өмірден өтті деп жазып отырып, қайтыс болғанына жиырма жылдан асқан Жұбан Модағалиевтің суретін орналастырып, оқырмандарды айран асыр етіп, өздерінің қазақтың атын шығарған, шығармашылықтарымен танылған тұлғаларын білмейтіндіктерін көрсетіпті. Осынау сорақылыққы қарап отырып, жастарымыздың кітап бетін ашпайтындығына көзің жетіп,  аптасына бір рет 36 бет болып шығып,  18 мың данамен тарайтын басылымның басы-қасында жүргендердің қазақ поэзиясының марқасқаларын білмейтінін аңғарасың. Сонда олар кімдерге ақыл айтып, басылым беті арқылы жақсылыққа баулиды, руханиятымызды қалайша насихаттайды деген сауал туады көңілде...

Алматы облысы орталығында шығатын  мерзімдік басылымдардың қатары соңғы жылдары біршама көбейді. Мемлекеттік тілдегісі, орысшасы, араласы бар газеттердің бірі  - осыдан үш жыл бұрын алғашқы саны жарық көрген «Seven» Деловой Талдыкорган» басылымы. «Жетісу» жастарды әлеуметтік қорғау қоры шығаратын газетте негізінен жастар жұмыс істейді және орыс тілі басымдыққа ие. Осы газеттің өткен бейсенбідегі саны еліміздегі барлық БАҚ сияқты 76 жасқа қараған шағында өмірден өткен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағаливқа арнап шағын қазанама іспетті дүние берді. Шамалары жеткенше, даңқты ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасапты. Дегенмен, масқарасы Тұманбай ағаны өмірден өтті деп жазып отырып, қайтыс болғанына жиырма жылдан асқан Жұбан Модағалиевтің суретін орналастырып, оқырмандарды айран асыр етіп, өздерінің қазақтың атын шығарған, шығармашылықтарымен танылған тұлғаларын білмейтіндіктерін көрсетіпті. Осынау сорақылыққы қарап отырып, жастарымыздың кітап бетін ашпайтындығына көзің жетіп,  аптасына бір рет 36 бет болып шығып,  18 мың данамен тарайтын басылымның басы-қасында жүргендердің қазақ поэзиясының марқасқаларын білмейтінін аңғарасың. Сонда олар кімдерге ақыл айтып, басылым беті арқылы жақсылыққа баулиды, руханиятымызды қалайша насихаттайды деген сауал туады көңілде... Облыстық ішкі саясат және тағы басқа да өңірдегі саясат пен БАҚ жұмысын үйлестіретін органдар әзірге жақ ашар емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653