Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1980 0 пікір 20 Қазан, 2011 сағат 05:19

Нұржан Ғазизов. Ғылым және Мұнай

Қазақ жерінің терең қатпарындағы қазына байлығы ел Тәуелсіздігі  қаз басқан сайын құшағын да аша бастады емес пе. Осы сөзімізге дәлел: бұдан бірнеше жыл бұрын Ақтау қаласындағы Инженерлік орталық пен аумақтық-бөлінген деректер банкі  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на қарасты Өзендегі мұнай қоры компания мөлшерлеген шамадан артық болатындығына болжам жасаған еді. Бұл арада болжам болжам күйінде қалды ма, әлде, нақтыланды ма деген орынды сауал тууы мүмкін. Жауап беріп көрейік.

Жоғарыда айтқанымыздай, Ақтаудағы инженерлік орталық осыдан үш жыл бұрын ашылған-ды.  Ал, осыдан екі жыл бұрын Қазақстандағы теңдесі жоқ айрықша бағдарлама - аумақтық-бөлінген деректер банкі пайдалануға берілді. Орталық ақпаратпен қамтамасыз етудің сапасын арттыру, мұнай өндірудің коэффицентін көбейту, бұрғылау орындарының жөндеу жұмыстарын түбегейлі жақсарту, еңбек ресурстарын басқаруды озықтандыру сияқты төрт бағытта жұмыс істейді.

Инженерлік орталықтың негізгі мақсаты - кәсіпорынның жұмысын ілгерілендіріп, белсенділігін арттыру болып табылады.

Қазақ жерінің терең қатпарындағы қазына байлығы ел Тәуелсіздігі  қаз басқан сайын құшағын да аша бастады емес пе. Осы сөзімізге дәлел: бұдан бірнеше жыл бұрын Ақтау қаласындағы Инженерлік орталық пен аумақтық-бөлінген деректер банкі  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на қарасты Өзендегі мұнай қоры компания мөлшерлеген шамадан артық болатындығына болжам жасаған еді. Бұл арада болжам болжам күйінде қалды ма, әлде, нақтыланды ма деген орынды сауал тууы мүмкін. Жауап беріп көрейік.

Жоғарыда айтқанымыздай, Ақтаудағы инженерлік орталық осыдан үш жыл бұрын ашылған-ды.  Ал, осыдан екі жыл бұрын Қазақстандағы теңдесі жоқ айрықша бағдарлама - аумақтық-бөлінген деректер банкі пайдалануға берілді. Орталық ақпаратпен қамтамасыз етудің сапасын арттыру, мұнай өндірудің коэффицентін көбейту, бұрғылау орындарының жөндеу жұмыстарын түбегейлі жақсарту, еңбек ресурстарын басқаруды озықтандыру сияқты төрт бағытта жұмыс істейді.

Инженерлік орталықтың негізгі мақсаты - кәсіпорынның жұмысын ілгерілендіріп, белсенділігін арттыру болып табылады.

«Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» еліміздің батыс өңіріндегі түгінен май сорғалаған маң далада мұнай игеріп, ел ырысын еселеп жатқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бүгінде мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда үшінші орынды иеленеді. Ол «қара алтынның» қамбасы болып табылатын  көне кен орынында жұмыс істеп келе жатқан  аса ірі  кәсіпорындар:  «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) бен «Ембімұнайгаз»  (ЕМГ) өндірістік филиалдарына иелік етеді. Мысалы, ЕМГ кәсіпорыны өткен ғасырдан бері жұмыс атқарып келеді. Өзен кен орыны 1961 жылы ашылыпты.  ҚМГ БӨ-нің мәліметіне сүйенсек, Өзен кен орыны  компания иелігіндегі аса ірі актив болып табылады. Оның үлесіне қордың 73 пайызы, өндірілген өнімнің 63  пайызы енеді. Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы ҚМГ БӨ 14 млн тонна мұнай өндірді. Өзен кен орыны Қазақстанда 500 млн тонна мұнай қоры бар аса ірі кен орының бірінен саналады. Кеңес Одағының жылдарында бұл жерде мұнай өндіру жұмысы қарқынды жүргізілді. Осы кен орнының арқасында ел аузында түбек аталған «түлей түздің» бетінен Ақтау мен Жаңаөзен қалалары бой көтерді.  Қазір ӨМГ-де он мыңнан аса адам еңбек етеді. Өзен кен орынындағы қордың молынан барланып, көбейгені Маңғыстау облысының тұрғындары үшін қуанышты хабар болып тұр.

Инженерлік орталық

ҚМГ БӨ-ге қарасты инженерлік орталықтың директоры Мұрат Байшуақов үстіміздегі жылдың көктемінде  «РД OPEN 2011» шарасында сөйлеген сөзінде аумақтық-бөлінген деректер банкінің басты мақсаты - ҚМГ БӨ-нің барлық деңгейдегі шешімдерін ортақ ақпараттық кеңістікте үйлестіру болып табылатынын атап өтті. Ол және мына компанияларды, атап айтсақ: «Өзенмұнайгаз» ПФ, «Ембімұнайгаз» ПФ, «Қазгермұнай» ЖШС БК және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның активтеріне енді. Біріншіден, банк мәліметтері мұнай өндіру, су айдау, ұңғыма құрылғылары мен қоры, геология-техникалық зерттеу жұмыстары туралы ақпараттарды жүйелейді. Бұл өз кезегінде, ҚМГ БӨ-нің барлық деңгейіндегі - мұнай кенішінен орталық аппаратқа дейінгі аралықта жедел шешімдер қабылдауға септігін тигізеді.

Екіншіден, үш өлшемді моделдеу алғашқы бұрғылау жұмыстарын бастаудың тиімділігін арттырып, кенорнының жобасын нақтылап, мұнай өндіру коэффицентін арттырудың технологиясын таңдау шешімін жолға қояды.

Компанияның ақпараты бойынша, қолданбалы жоспарлау нәтижелері Шығыс Молдабек кен орнындағы юралық аймақтарда тұрақты емес су толтыру жобалары секілді, сондай-ақ аталған кең орынының екі объектісіндегі мұнай қайтарымын жобалау мен қолдану шараларында және ҚМГ БӨ-нің әртүрлі зерттеу, лабораториялық жұмыстарында пайдаланылады.

Бүгінгі таңда геолого-гидродинамикалық үлгілер қолданатын кен ошақтарының өндірістік көрсеткіштері көтеріліп келеді. Компания өкілдерінің айтуынша Забұрын кен орынынан өндірілетін өнімнің өсімі 8,3 есе өсті. Ботақан кен ошағы бойынша мұнай дебиті 4,5 есе еселеніпті, Досмұхамбет кен ошағының бір скважинасы бойынша 7,6 есеге өсіпті.

Шығыс Молдабек кен орынының 4 ұңғымасы бойынша өнім мөлшері жеті есеге жеткен болса, Өзен кен ошағының бірнеше ұңғымасы бойынша 1,7 есеге, ал, 7 ұңғымасы бойынша 4,2 есеге жетіп отыр. Жалпы алғанда, Өзен кен ошағының қоры соңғы есеп бойынша 40% пайызға өскен.

ҚМГ БӨ-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Инженерлік орталықтың жұмысы нәтижесінде, ұңғымаларды салудың сапасы артқан.  2008-2009 жылдармен салыстырғанда, ұңғымаларды салу мерзімі 13 тәулікке қысқартылған екен. 2011 жылы ұңғымаларды салу мерзімі 19-дан 8 пайызға дейін қысқартылыпты.

Бұған қоса, Инженерлік орталық өндіріс филиалдары үшін нормативтік құжаттар жасау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде еңбек ресурстарын басқаруды тиімді жолға шығаруға үлкен септігін тигізіп отыр.  Ол үшін еңбек үдерістері, хронометраждық бақылау шараларын зерттеу жұмыстары жасалып жатыр. Осы зерттеулер нәтижелері бойынша еңбек ресурстарын тиімді пайдалану үшін нақты әрі пайдалы ұсыныстар жасалып келеді.

Жетекші топқа ену

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  әлемдегі ірі 30 мұнай өндіруші алпауыт компаниялардың қатарына қосылуды мақсат тұтып отыр. Ол үшін, әрине, өндіру көлемін арттырып қана қоймай, мұнай қорын да ұлғайту керек. Бұл бағытта инженерлік орталық нақты әрі пәрменді істермен шұғылдануы керек. ҚМГ БӨ бас директорының бірінші орынбасары Владимир Мирошников «Огни Мангистау» газетінде атап өткеніндей, аталған кен орыны ашылғанда оның қоры 1 180 млн. тонна деп белгіленіпті. Сол кезде игерілген қордың коэффиценті 40 пайызды құрапты. Сондағы болжам бойынша, бізге енді 150 млн тонна мұнайды игеру қалды.

-Алайда, заманауи технология мен жаңа әдістер бізге 20 жылдан кейін Өзендегі мұнай өндіру жұмысын 50 пайыз көлемінде игерудің мүмкіндігін тудырып отыр. Біз іс жүзінде қазіргі заман технологиясын пайдалану арқылы кен орнын барлау мен игеру жұмыстары барысында игерілмеген мұнай қорына қол жеткізуге болатындығын түсіндік, - дейді Владимир Мирошников.- Сондықтан компания бір орнында тұрып қалмайды - жерасты байлығына бойлаудың жаңа әдістерін қолданады, мұнайды игерудің озық тәсілдерін пайдаланды.

Иә, компанияның қызметі де, уақыт та бір сәтке тоқтамайды. Компания қызметі қарқын алған сайын уақыттың де тегершегі тез айнала беретіні түсінікті. «Уақыт үлкен - көл, заман соққан - жел» дейді хакім Абай атамыз.

Дегендей-ақ, осы күндері кен орынында үш мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Кемелденуге бет алған Қазақстанда кен орындарының көбеюіне қарамастан майталман жұмысшылардың қатары Өзенде арта түсуде.

- Инженерлік орталықтың жұмысының нәтижесінде ҚМГ БӨ-нің Өзен кен орнындағы мұнай қорына қатысты пайымы толыға түсті. Біз аталған кен орнындағы  мұнай қоры туралы мәліметті жаңалаған кезімізде, бұрынғы түсінігіміздің түкке тұрмайтындығына көз жеткіздік. Кен орнының өмірі жалғаса береді, - деді «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры Асқар Балжанов «РД OPEN 2011»  кезінде.

Біздің жоғарыда: болжам болжам күйінде қалды ма, әлде, нақтыланды ма деген өз ішімізден тудырып қойған сауалға нақты жауап осы болса керек.

Атырау

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2334
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653