Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1819 0 пікір 19 Қазан, 2011 сағат 07:17

Жолымбет Мәкішев. Путин Кеңес Одағын қайта қалпына келтіруді көксейді

Алдағы болатын кезекті президент сайлауында Владимир Путин сөзсіз тағы да билік басына келеді. Оған мүмкіндігі жетіп тұр. Өйткені қазіргі биліктегілердің көбісін кезінде Путиннің өзі тағайындаған. Ал олар өздерінің «өсуіне» көмектескен қожайындарының тағы да таққа отыруына мүдделі. Болашақ президентті мазалап жүрген мәселе аз емес. Соның бірі келмеске кеткен Кеңес Одағын қайта құру. Президент болысымен Путин өзінің көптен бері көкейінде жүрген осы арманын іске асыратын сияқты. Өйткені ел басқарған кезінде оның «Кеңес Одағының құлауы 20 ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болды» деп атап өткені есімізде. Өкінішпен бірге оның осы сөзінен жылт еткен жұмбақ арманды да байқап қалғанбыз. Қазір үкімет басында жүрген Путин болашақта жүзеге асыратын осы жоспарларының негізін жасап жатыр. Дәлірек айтқанда жасап қойды. Бұл интеграциялық жобаны ол «Еразиялық Одақ» деп атап жүр. Өзінің сөзіне қарағанда, ол үш мемлекеттің мүшелігімен шектелетін көрінеді... Олар Ресей, Қазақстан және Белорусия. Бірақ бұл оның қысқа мерзімге арналған жоспары. Кейін ойдағы мақсатын орындаған соң басқалары да бұл одаққа «өз еркімен» қосылады.  Қосылмаса оларды «шөміштен қағып», еркін жайылуына ерік бермейді. «Жыланды үш рет кессеңде кесірткелік күші қалатыны» сияқты қазіргі Ресейдің бұған қауқары жетеді.

Алдағы болатын кезекті президент сайлауында Владимир Путин сөзсіз тағы да билік басына келеді. Оған мүмкіндігі жетіп тұр. Өйткені қазіргі биліктегілердің көбісін кезінде Путиннің өзі тағайындаған. Ал олар өздерінің «өсуіне» көмектескен қожайындарының тағы да таққа отыруына мүдделі. Болашақ президентті мазалап жүрген мәселе аз емес. Соның бірі келмеске кеткен Кеңес Одағын қайта құру. Президент болысымен Путин өзінің көптен бері көкейінде жүрген осы арманын іске асыратын сияқты. Өйткені ел басқарған кезінде оның «Кеңес Одағының құлауы 20 ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болды» деп атап өткені есімізде. Өкінішпен бірге оның осы сөзінен жылт еткен жұмбақ арманды да байқап қалғанбыз. Қазір үкімет басында жүрген Путин болашақта жүзеге асыратын осы жоспарларының негізін жасап жатыр. Дәлірек айтқанда жасап қойды. Бұл интеграциялық жобаны ол «Еразиялық Одақ» деп атап жүр. Өзінің сөзіне қарағанда, ол үш мемлекеттің мүшелігімен шектелетін көрінеді... Олар Ресей, Қазақстан және Белорусия. Бірақ бұл оның қысқа мерзімге арналған жоспары. Кейін ойдағы мақсатын орындаған соң басқалары да бұл одаққа «өз еркімен» қосылады.  Қосылмаса оларды «шөміштен қағып», еркін жайылуына ерік бермейді. «Жыланды үш рет кессеңде кесірткелік күші қалатыны» сияқты қазіргі Ресейдің бұған қауқары жетеді. Осылайша 2013 жылға қарай ТМД елдері өздерінің әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешудің ортақ жолдарын қалыптастырады. Ресей Премьерінің айтуы бойынша «Ортақ экономикалық кеңістікте барлық көші-қон және шекаралық кедергілер алынып тасталып,ондағы азаматтар қай жерде оқып, қай жерде жұмыс істейтдерін өздері таңдайтын» көрінеді. Бұл дегеніміз бүкіл ТМД елдері, оның ішінде Қазақстанда орыс тіліне біржола кіріптар болады деген сөз. Өйткені ортақ экономикалық кеңістіктің қатынас тілі - бұрынғыдай орыс тілі болып қала береді. Осыдан кейін орыс тілінің жағдайын жасап, оны «ресми мәртебесінен» айыруға жол бермеген еліміздегі атқамінерлердің саясатын көрегендік емес деп көр... Бұл болашақты болжай білетін кемеңгер саясаткерлердің ғана қолынан келетін дүние.  Ең өкініштісі   соңғы бес жылдан бері құрылып жатқан осындай одақтардың барлығы да бірыңғай Ресейдің мүддесін көздеуден туған. Ресей өз ұпайын түгендеп алғаннан соң ғана өзгелермен санасады. Кеден одағы туралы да осылай деуге болады. Бұл ұйымның ішкі-сыртқы ісіне қатысты құжаттар, тарифтер мен басқа да маңызды ақпараттарға қол жеткізу мүлде мүмкін емес. Сайты да орысша. Егер тараптардың мүддесі толық қорғалса   ұйымның барлық жұмысы туралы мәлімет жұртқа жария етіліп, сайтта үш тілде толық ақпарат берілуі тиіс еді. Жалпы Кеден Одағы - бұл 90 жылдан бері құрылған ең үлкен экономикалық одақ. Оның көптеген принциптері  Кеңес  заманындағы жағдайды еріксіз еске түсіреді. Кеңес одағы өз кезінде әлемдік нарықтан оқшау өмір сүргені белгілі. Кеден Одағын құрғандардың көздегені де осы. Олар оқшаулануды қалайды.  Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, мұндай одаққа кіргендер түбі бір-біріне тауар бағасын тым қымбаттатып сатуға көшеді екен. Өйткені олар әлемдік нарықта тауарды өздері қалаған бағаға өткізе алмайды. Сарапшылардың пікірінше, бұлайша тұйық өмір сүру түбінде тоқырауға алып келетінін көрінеді. Баспасөздегі ақпаратқа қарағанда, 2009 жылдан бері кеден комиссиясының 14 отырысы өтіп, 194 шешім қабылданыпты. Бірақ жұрт бұдан  бейхабар. Онда не айтылып, қандай мәселелер шешілгені көп жағдайда жұрттан жасырын ұсталады. Әлде шенеуніктер бұл ұйымда Ұлттық мүддеміздің ескеріле бермейтінін бұқараға білдіруден қорқа ма? Кеден одағы комиссиясының хатшысы болып Сергей Глазьевтің тағайындалғаны да тегін емес. Глазьев кезінде Дмитрий Рогозинмен «Родина» атты саяси блокты басқарған. Ол блок Ресейдегі  ұлттық-патриоттық күштердің басы-қасында болғаны мәлім. Былтыр осы ұйымның Минскіде көп нәрсеге көзімізді ашқан баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда Кремльдің саясаткері Бородин «2017 жылға қарай Кеңес одағының баламасын құрамыз» деп мәлімдеді жиналған жұртқа. Ал ұйымның хатшысы журналистердің алдында «мен журналистерге 2017 жылға қарай кеңестік кеңістік қайта қалпына келеді» деп жазуды бұйырамын, - деді. Бұлардың түпкі ойын енді әркім өзі түсініп алсын..

Айтпақшы, Кеңес одағынан бір өзгешелігі бұл одақты коммунистер басқармайды. Коммунистер демекші, Қазақстандағы «қызыл көсемнің» ізбасарлары туралы да бірер сөз айта кетсек. Өйткені біздегі қалыптасқан жағдайға бұлардың қатысы көп. Ашығын айтсақ, Қазақстанда мұндай партия мүлде болмауы тиіс. Өйткені Бұл ұлттық мұратпен, тәуелсіздік идеясымен мүлде қабыспайтын ұғым. Оған қарама-қайшы келетін құбылыс. Ал оған дауыс беріп жүргендердің тірлігін саяси сатқындық деп бағалауға болады. Себебі коммунистік партияға дауыс беру арқылы біз өзімізді «саяси мәңгүрттендіруге» жол ашамыз. Бұл тәуелсіздік жолында жанын пида еткен  Алаш азаматтарының аруағын сыйламау, Қазақтың ұлттық мұратына қиғаш қылық жасау деген сөз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653