Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2613 0 пікір 19 Қазан, 2011 сағат 06:24

Шәріпхан Қайсар. Такси қызметі қазақтар үшін емес!

Такси қызметі қазақтар үшін емес! Өз басым осыны ұқтым. Жуырда күнім түсіп, астаналық таксиге жүгінуге тура келді. Содан интернеттен іздестіріп, мына сайттың http://j-b.kz/taxi астана таксилерінің бар дерегін беретініне сеніп, ашып қалсам, шынында да кесте толы такси серіктестіктері шыға келмесі бар ма?! Тәңір жарылқағыр! Бірақ, бір қазақша сөз таба алмадым, кестеде тізілген телефонға жоғарыдан төмен қарай бірінен соң бірін тердім. Диспетшер қыздар жаңылмастан орысша сөйледі, мен де олардың сөзін түсініп, басқа тіл болмағасын (болғанда да, қазақшаны сүрлеймін бе?) қазақшамды жалғастыра бердім: «Мен тұрақты клиент болғым келеді, ол үшін маған қандай жеңілдік бар?» Арғы жақтағы қыз аңтарылып, үнсіз қалады да, «гәбәрите, барускей?» дейді. Бәрі де бір бірімен келіскендей, бір бірін қайталайды. Мен орысша білмейтінімді айтсам, бәтшағар қыздар, тұтқаны қоя салады. Сонда барып, ұқтым - кестедегі таксилер қазақтарға қызмет етпейді екен... Бірақ қазаққа қызмет етер таксиді интернеттен қазақша іздеп таба алмадым!.. Әлгі сайтқа қайта оралып, 28 компанияның телефонын теруді жалғай бердім де, 10-ға жетіп едім, мың болғыр біреу қазақша саңқ етіп жауап берді.Ол «Аңқыл» (кестеде «Ангел» деген жазу тұр) деген фирма екен. Сөйтіп, 28 компанияның әрбір оныншысы ғана қазақша білетін (орысша білетінінде күмән жоқ) адам тауыпты, мәз болдым.

Такси қызметі қазақтар үшін емес! Өз басым осыны ұқтым. Жуырда күнім түсіп, астаналық таксиге жүгінуге тура келді. Содан интернеттен іздестіріп, мына сайттың http://j-b.kz/taxi астана таксилерінің бар дерегін беретініне сеніп, ашып қалсам, шынында да кесте толы такси серіктестіктері шыға келмесі бар ма?! Тәңір жарылқағыр! Бірақ, бір қазақша сөз таба алмадым, кестеде тізілген телефонға жоғарыдан төмен қарай бірінен соң бірін тердім. Диспетшер қыздар жаңылмастан орысша сөйледі, мен де олардың сөзін түсініп, басқа тіл болмағасын (болғанда да, қазақшаны сүрлеймін бе?) қазақшамды жалғастыра бердім: «Мен тұрақты клиент болғым келеді, ол үшін маған қандай жеңілдік бар?» Арғы жақтағы қыз аңтарылып, үнсіз қалады да, «гәбәрите, барускей?» дейді. Бәрі де бір бірімен келіскендей, бір бірін қайталайды. Мен орысша білмейтінімді айтсам, бәтшағар қыздар, тұтқаны қоя салады. Сонда барып, ұқтым - кестедегі таксилер қазақтарға қызмет етпейді екен... Бірақ қазаққа қызмет етер таксиді интернеттен қазақша іздеп таба алмадым!.. Әлгі сайтқа қайта оралып, 28 компанияның телефонын теруді жалғай бердім де, 10-ға жетіп едім, мың болғыр біреу қазақша саңқ етіп жауап берді.Ол «Аңқыл» (кестеде «Ангел» деген жазу тұр) деген фирма екен. Сөйтіп, 28 компанияның әрбір оныншысы ғана қазақша білетін (орысша білетінінде күмән жоқ) адам тауыпты, мәз болдым. Ойымда егемен елдің азаматымын деген ой болған жоқ. Тек қана қазақша біреудің табылғанына мәзбін.

Әрине, мен қазақпын ғой, ренжіген де жоқпын, аналармен айқайласқан да жоқпын. Тәуелсіз қазақ болғасын айқайдан тәуелсіз болғанға не жетсін!

Дегенмен, санамның саңылауына бір ой жылт етті. Қиял болар... Ғайыптан тайып, егер де мен сияқты «меңіреу» қазақтардың күніге елуі әлгі 28 «пампилобшыларды» қазақшасымен бомбыласа ше. Прокуратураға жазса, қалалық прокуратураға күніге елу хат түссе. Ең болмаса бір-екеуі 7-арнаға шығып, (бұл арна елдегі былықтардың шылығын шығаруға құмар дегенім ғой) әлгілерді әшкерелеп тастаса. Оған да қарамай, жігерлілеу үшеуі компаниялардың әлгі ахуалын актілеп тұрып, сотқа берсе ше? Содан Астанадағы Тіл басқармасын басқаратын Оразгүл деген атақты апайымыз елорданың шаңын шығарып, барлық коммерциялық қызметтің қазаққа қызмет ету қабылетін тексеріп, асты-үстіне шығарса... Сауд Арабиясына жылына екі-үш рет қажылыққа бармаса іштері ауыратын бір топ жігіттер қалталарынан уыстап лақтырып, пысық студенттерге лақтырса: «Мә, құқықтарыңды қорғаңдар!» деп!

Ойпырмай, көкіп кеттім-ау! Әзіл-шыны аралас қой! Кім не істер дейсің...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653