Жексенбі, 5 Мамыр 2024
4329 0 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 14:41

Қазақстанда халық саны бір жылда 236,5 мың адамға өсті

2020 жылғы 1 ақпандағы ақпаратқа сәйкес еліміздегі халық саны 18 653,5 мың адамды құрады. Оның ішінде қалада тұратын қазақстандықтардың саны 10 893,8 мың адамға жетті. Бұл жалпы ел халқының 58,5 пайызын құрайды. Ал ауылдық жерлердегі халықтың саны – 7 738,4 мың адам. Бұл жалпы жан санының 41,5 пайызына тең.

2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 236,5 мың адамға өсті. Басқаша айтқанда, халық саны 1,3 пайызға артты деген сөз. Осы аралықта еліміздің үш өңірінде біршама көп өсім тіркелді. Атап айтқан Алматы қаласында 62,2 мың адам, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адам, ал Түркістан облысында 36,4 мың адам көбейді.

Ерекше айта кетерлігі, біз жоғарыда айтқан бір жылдық өсім 236,5 мың адам да, 1,3 пайыздық көрсеткіш те негізі қазақстан халық санының тұрақты арту көрсеткіші сынды. Соңғы бірнеше жылда халық санының арту мөлшері осы көрсеткіштің айналасында өсуде. Аталған саннан қатты көп те емес, қатты аз да емес. Мәселен 2018 жылдың 1 мамырында Қазақстанның халық саны 18 232,0 мың адамды құрам, 2017 жылдың 1 мамырымен салыстырғанда жан санымыз 238,5 мың адам артқан болатын. Пайыздық көрсеткішпен айтсақ, бұл да тура 1,3%-ға тең болатын.

Халық өсімі – мемлекеттің басты байлығы. Бұл ежелден қалыптасқан қағида. Әсіпесе Қазақстан секілді жері кең, байлығы мол мемлекет үшін халық санының көп болғаны жарасымды секілді. Алайда шынын айту керек біздің елдің табиғи өсімі көңіл көншітерлік емес. Мәселен 1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 16 миллион 200 мың адам болған. Одан бері арада 30 жылға жуық уақыт өтті. Өкініштісі осы аралықта халық саны бар болғаны 2 миллионның үстінде ғана артып отыр.

Демография – ол кез келген мемлекеттiң ең негізгі қазынасы. Сол елдің болашағы әрі тiрегi. Қай мемлекет болса да, өз халқымен өз ұлтымен дамып, толыққанды ел атанады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясында елдегі демографиялық мәселеге айрықша көңіл аударған болатын.

«Әлемнің кедей өңірлері демографиялық тұрғыда қарқынды өсуде. 2030 жылға дейінгі аралықта Жердегі халықтың 90 пайызға жуық өсімі Африка мен Азия секілді екі өңірдің есебінен болады. Осы аймақтардағы халықтың кедейшілік деңгейі орташа есеппен 30 пайызға жуық көрсеткішке тең. Бұл өз кезегінде байлықты бөлудегі жаһандық теңсіздіктің артуына алып келуде»,- деген еді Елбасы.

Бүгінгі Қазақстан республикасы үшін аса маңызды екі мәселе ретінде көші-қон мен демографиялық ахуалды айтуға болады. Әсіресе демографиялық өсім біздің ел үшін әрқашан да өте маңызды мәселелердің бірегейі болып табылады. Ал оның ең басты себебі жоғарыда айтқанымыздай, жеріміз ұлан-байтақ кең, байлығымыз мол, ал ел халқының саны териториямызбен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Демографиялық өсімнің маңыздылығын ел үкіметі де бағамдап отыр. Сол үшін де ел халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге тырысып бағуда. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарғанда ғана демографиялық өсім болады. Егер халық күн көріспен басын қатырып жүрсе, олардан демографиялық оң өсім күту де мүмкін емес.

Ел билігінің тынбай жасаған жұмысының арқасында ел демографиясы тәп-тәуір өсіп келеді. Көпбалалы аналарға қолдау көрсету үшін ел үкіметі көптеген игі шараларды қолға алуда. Көпбалалы отбасыларға түрлі жәрдемақы төлеп, көптеген жеңілдіктер қарастыруда. Мұның бәрін ақпарат құралдары арқылы көріп-біліп отырмыз.

Табиғи өсімнен бөлек, шетелде тұрып жатқан қандастармыздың елге келуіне де көп жағдай жасалған. Бұл саясат та отыз жыл бойы жүзеге асып, жүйеге түскен сындарлы қадамдардың бірі. Шетелде тұратын қандастарды елге шақыру мақсатында 1997 жылы 13 желтоқсанда «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Оған сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» - деп көрсетілгенін айта кету керек.

Халық санының жылдан-жылға өсіп келе жатқаны ақиқат. Сол үшін де елдегі демографиялық ахуалды тұрақты зерттеп отырудың маңызы жоғары.

Енді сөз басына, тақырыбымызға қайта оралайық. Қазақстан халқының жалпы аны бір жылда 236,5 мың адамға өсіп отыр. Қалай дегенде де бұл нашар көрсеткіш емес. Елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсарып, мемлекеттің қолдауы артып келе жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш алдағы жылдарда қарқынды өсуі мүмкін екенін болжау қиын емес. Ел халқы үшін аса тиімді осы саясаттарды ескере отырып, бүгінгі мақаламызда Қазақстанның демографиялық өсімі жайлы нақты мәліметтер мен өз ойымызды білдіруді жөн көрдік.

Біз мемлекеттің ел азаматтарына қолдау көрсету үшін әлеуметтік көмектің көлемін көбейткенін жоғарыда айттық. Аталған әлеуметтік көмектің iшiнде ана мен балаға арналған арнаулы атаулы көмек, түрлі жәрдемақылар және баспанамен қамту, жұмыспен қамту  бағытында көптеген қызметтер атқарылып жатыр. Осы маңызды көмектердің елдің демографиялық өсуін қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1409
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1242
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1000
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1069