Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
1921 0 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 10:26

Баспанамен қамтамасыз ету. Қазақстан - ТМД елдерінің үздігі

Ел тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ешқашан күнтәртіптен түскен емес. Азаматтар тұрғын үйге қол жеткізу үшін түрлі мемлекеттік бағдарламаларға арқа сүйейді. Ел үкіметі баспана мәселесі бойынша бірқатар тиімді шараларды қолға алып, атқаруда. Бұл жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жазылып жүр.

Біз бүгін еліміздің тұрғын үй саясатын көрші елдермен, атап айтқанда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдермен салыстырып көреміз. Бәріміз білетіндей ТМД елдері Кеңес одағы кезінде ерікті-еріксіз түрде бір қазанда қайнаған болатын. Жетпіс жыл бойы бір орталыққа бағынып, бір саясатты жүргізгендіктен, бұл елдердің қазіргі саяси ұстанымында, экономикалық бағыт-бағдарында, әлеуметтік жағдайында белгілі мөлшерде әлі де ұқсастықтар бар. Сол үшін де еліміздің азаматтарды баспанамен қамту мәселесін осы елдермен салыстырғалы отырмыз.

Енді нақты мәліметтерге оралайық, Қазақстан азаматтарға тұрғын үйді қолданысқа беру көрсеткіші бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достасты елдері ішінде ең жоғары көрсеткішке жеткенін мақтанышпен айтуға болады. Біз бұл мәліметті ойдан құрастырған жоқпыз. Жақында ғана орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осылай деп мәлімдеді.

- 2019 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 17 пайызға артып, 1,4 трлн теңгені құрады. Инвестициялардың айтарлықтай көлемі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша рекордтық 13,1 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға және республиканың тұрғын үй қорын 116 мың баспанаға жаңартуға мүмкіндік берді, - деді ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Комитет басшысы Жайымбетовтің айтуынша, біздің ел азаматтарға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достасты елдерінің ішінде ең үздік (Қазақстан – 0,71 шаршы метр, Ресей - 0,54 шаршы метр, Беларусь - 0,40 шаршы метр, Өзбекстан - 0,36 шаршы метр) көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Енді мемлекеттің тұрғын үйді пайдалануға беру ісінде жоғары көрсеткішке жетуіне себеп болған тиімді бағдарламалар туралы жазайық. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған соңғы үш жылда елу мыңнан астам отбасы (2,9 иллион шаршы метр) әлеуметтік баспанаға қол жеткізді.

АЛ «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында 16 мыңнан астам азамат өз баспанасына қол жеткізді. Бұл бағдарлама бойынша ең жаңа мәлімет 5 наурыз күні жарияланды. Аталған соңғы мәліметке сүйенсек, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарыз алуға жиыны 317,2 миллиард теңгені құрайтын 27 940 өтінім қабылданған. Келіп түскен осы өтініштердің арасынан іріктеу жүргізіліп, нәтижесінде 16 506 өтінім мақұлданған. Бұл қарыз мөлшері 189,2 миллиард теңгені құрайды. Тағы бір айта кетерлігі тұрғындарға жеке баспана салуға берілетін 130 мың жер телімі инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз етілді.

Енді «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтамыз. Аталған бағдарлама аясында өткен жылдың маусым айында бері есептегенде, бес мың мүгедек баласы бар, аз қамтылған толық емес отбасылар және көпбалалы отбасыларға баспана мәселесін жақсартуға мүмкіндік жасалды. Бұл бағдарлама бойынша, алдағы төрт жылда, 2020-2023 жылдары тағы қырық мың отбасыға көмек көрсету жоспарланған. Бұл дегеніңіз әр жыл сайын он мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсатру деген сөз. Бұл мәліметтердің бәрі комитет басшысының сөзінен алынғанын айта кетейік.

Комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов баспасөз жиынында сөз еткен тағы бір маңызды мәселе, ел азматтарының әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Атап айтқанда мүгедек мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, сонымен қатар басқа да әлеуметтік әлсіз тоқа жататын тұрғындардың баспана мәселесін мемлекеттің ерекше назарда ұстап отырғанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш жыл ішінде әсіресе аз қамтылған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін тұрғын үй заңдарына заңнамалық түзетулер енгізілді. Осылайша «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетіктері көзделді. Осы санаттағы 40 мыңнан астам кезекте тұрғандардың ішінде 2019 жылы түрлі тетіктер бойынша 7 387 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді», - деді комитет басшысы Мархабат Жайымбетов.

Сөз соңында елдегі тұрғын үйді сатып алу бойынша санды мәлеметтерді сөйлете кетейік. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы екі айы қаңтар және ақпан айларында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 44 643 мәлімет тіркелген екен.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың ақпан айында тұрғын үйді сатып алу мен сату бойынша тіркелген мәмілелерінің жалпы мөлшері 22 977 болды. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 6,1 пайыз атрып отыр. Ал бұл мәліметті, биылғы қаңтар және ақпан айларында баспананы сатып алу және сату көрсеткіштерін былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырар болсақ, бұл көрсеткіш 11,8 пайызға артқанын байқаймыз.

Аталған ведомство деректеріне сенсек, елімізде көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер сатып алу және сату мәліметтері көбінесе Нұр-Сұлтан (3 027) және Алматы (3 845) қалаларында тіркелген екен. Бұл екі қаладан бөлек бұл көрсеткіш Қарағанды облысында (2 149) да айтарлықтай жоғары. Ал өткен екі айда жеке тұрғын үй сатып алу және сату бойынша Шығыс Қазақстан (443), Түркістан (529) және Алматы (952) облыстары алда тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2113
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609