Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3709 5 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 12:40

Әйелдер де әскерге баруы мүмкін

Алдағы уақытта әкімдіктің рұқсатымен әйелдер де әскерге бара алады. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштер Бас Штабы бастығының орынбасараы Серік Боранбаев мәлімдеді.

-Меніңше, бұл қазіргі жағдайда қойылған міндеттерге байланысты. Әкімдіктің оған құқығы бар. Мұнда шектеу жоқ деп ойлаймын. Қайталап айтайын, мұның барлығы әкімдіктің құзыретінде. Егер оларға тиісті мамандықтар бойынша әйедер қажет болса, олар да әскерге шақырылуы мүмкін,- деді Боранбаев ОКҚ-дегі брифингте.

Арнайы жиындардағы қазақстандықтар дезинфекция және қорғаумен айналысады. Сонымен қатар әскерге шақырылғандарға арнайы әскери атақтар берілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Кезекті әскери атақтар беріледі. Бірақ олар алымдарды өткізу нәтижелері бойынша тағайындалады. Тиісті команда анықталып, олардың өтініші бойынша шешімді жергілікті әскери басқару органдары қабылдайды», - деді ол.

Әскерге шақыру жұмыстары қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Алматы, Қызылорда, Павлодар және Ақмола облыстарында құрылды. Ол қазір Ақтөбе және Атырау облыстарында жалғасып жатыр. Жиын 13 сәуірде Шымкент пен Қарағанды облысында, ал 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 16 сәуірде Жамбыл облысында және 17 сәуірде Түркістан облысында басталады.Басқа аймақтарда жинау мәселесі қарастырылуда.

Ал, жуырда Президент Қ.Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2148
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2553
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661