Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2985 2 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 11:41

Бас штаб: запастағы 470 сарбаз жұмылдырылды

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының басшы орынбасары Серік Боранбаев әскери жиынға 473 адам жұмылдырылғанын мәлімдеді. Олардың 71-і – офицерлер, қалған 402-сі – запастағы сержанттар мен сарбаздар.

"Олардың басым көпшілігі – өз еркімен барғандар. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің Бас штабы әскери полицияның көмегімен шақыртылған запастағы әскерилердің гигиеналық және санитарлық тазалықты ұстануын қатаң қадағалайды. 4 сәуірден бері тұрғындарға запастағы әскерилерді шақырту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша облыстардағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің көмегімен 18 саll-орталық ашылды. Онда күн сайын мыңдаған қоңырау түседі", - деді Серік Боранбаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде “әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру” туралы жарлық шығарды.

Жарлықта “Қазақстан қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнайы жиындарға шақырылсын” деп жазылған.

10 сәуірдегі ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 802 адам болды. 61 адам дерттен айықты. Тоғыз адам Covid-19 дертінен қайтыс болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661